113
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының орталық кеден органы сыртқы экономикалық қызметтің тауар
номенклатурасын жүргізу үшін заң нормаларына қайшы келмейтін өзге де функцияларды жүзеге асыра алады.
Сыртқы экономикалық қызметте үйлесімділік жүйе номенклатурасы басқа кез келген
топтастыру сияқты өзінің
қүрылымына ие болады. Сонымен, оның қүрушыларына топтастыру және кодтау жүйелерін жатқызамыз.
Шекарадан тауарларды және көлік құралдарынөткізудің негізгі қағидалары кеден саясатының мына
мақсаттарын ұстайды: мемлекеттің экономикалық дамуына ықпал ету, одан кейінгі экономикалық құрылымдық жағынан қайта
құрылуына жол ашу, дайын өнім экспорты мен импорт алмастырушы өндірісті ынталандыру, шетел инвестицияларын тарту
және т.б.Яғни, бұдан біз кеден саясатын - кедендік шекара арқылы өткізілетін объектілерге қолданылатын және бір
мақсатқа бағытталған, бірыңғай кеден төлемдері жүйесін құру жолымен жүзеге асатын, сыртқы экономикалық қызметті
мемлекеттік реттеуге бағытгалған, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының құрамдас бөлігі деп түсінеміз. Сонымен,
шекарадан тауарлар мен көлік құралдарын өткізу, әкелу мен әкету құқығын бекіту келесі қағидаларға негізделетіндігін жіктеп
көрсетуге болады:тауарлар мен көлік құралдарын әкелуге
немесе әкетуге тыйым салу;әкелу мен әкетуді шектеу;оны өткізу
тәртібі;кедендік режимді таңдау мен өзгерту; кедендік рәсімдеу мен бақылаудың міндетті жүргізілуі; кедендік
шекарадан өтетін орын мен уақытты анықтау; кеден шекарасынан өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына билік
ету, шартты түрде шығарылған тауарларды, көлік құралдарын пайдалану және басқару.
Кедендік мағынадағы "тауарлар" деген ұғымды кез келген қозғалатын мүлік, сондай-ақ валюталық құндылықтар,
электр жылуы және басқа да энергия түрлері, тауарлар мен жолаушыларды тасымадцау үшін қолданылатын көлікпен басқа
көлік құралдары деп түсінуге болады. Демек, тауар және көлік қүралдары деген түсінікті қолдану осы айтылған тұжырыммен
түсіндірілмек.
Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы
жоқ адамдар Қазақстан
Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен өзге де заттарды өткізу тәртібінің орындалуын қамтамасыз ету
үшін кедендік бақылау жүргізеді.
Соның нәтижесінде, әрі Үлттық Банк ресми бағамы негізінде барлық азаматтарға 3000 АҚШ доллары сома
шегінде шетел валютасын әкетуге еркіндік берілген. Көрсетілген азаматтар категориясына ұлттық валютаны әкетуге
тыйым салынған. Ал, спирттік ішімдік өнімдері бір адам басына шаққанда 1,5 литрден аспайтын, вино 2 литрден аспайтын
мөлшерде сыртқа шығарыла алады. Бас тартуға арналған заттарды 100 доллар сома шегінде республика азаматтарына
Қазақстан Республикасынан алымсыз әкетугерұқсат берілген, ал одан жоғары сомадан
белгіленген мөлшерлеме
бойынша кеден бажы төленеді.
Ал мемлекетімізге әкелуге тыйым салынған заттар: түрлі әскери үлгідегі қару-жарақ және оның оқ дәрісі; есірткі
және психикаға әсер ететін заттар, сонымен кдтар оларды қолдану қүралдары (Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігінің ерекше рүқсатымен ғана әкелуі мүмкін); мемлекеттік және қоғамдық құрылысты әлсіретуге
бағытталған соғыс, терроризм, күштеу, нәсілшілікті насихаттайтын басылым және бейнелеу материалдары, сонымен
қатар порнографиялық материалдар болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: