148
мемлекет басшылары Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын (ТМД) құру туралы Алматы Декларациясына қол қойды.
Сөйтіп, ТМД-ға мемлекеттік тәуелсіздік, тең құқылық және егемендік қағидаттарымен кіру туралы шешім қабылданған
болатын. Қазақ елі мемлекеттік рәміздерін, яғни Әнұранын, Елтаңбасын, Туын қабылдады. Тәуелсіз мемлекет болғаннан
кейін оның өз заңдары мен талаптары болуы қажет. Осы негізде 1993 жылы 23-қаңтарда Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Кеңесінің тоғызыншы сессиясы еліміздің тұңғыш Конституциясының жобасын баптары бойынша қабылдауды
бастаған болатын. Екі жылға жуық әзірленіп, сессияда үш оқылымда талқыланған мұндай маңызды құжатты қабылдау
әр сатыда қызу пікірталасқа ұласып отырды. Сөйтіп, 1993 жылдың 28 қаңтары тәуелсіз Қазақстан тарихына тұңғыш
Конституциямыздың қабылданған күні болып енді. Ал 1993 жылдың 15 қарашасы тұңғыш ұлттық валютамыз – теңге
дүниеге келді. 1995 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды.
Тағы бір маңызды
орын алатын оқиғалардың бірі 1997 жылғы 10 желтоқсанда Елордамызды Алматы қаласынан Ақмола қаласына
көшірілуі болды. Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді.
Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті[1].
Қазір де Астана – Нұр-Сұлтан болып өзгерді. Сонымен, Еуразияның қақ жүрегінде орналасқан арман қала,
бейбітшілік қаласы Нұр-Сұлтан – қазіргі таңда еліміздің жасампаздығының, ұлылығының белгісіне айналды.Қайран
қазағым, ашаршылықты да, небір зұлмат соғыс кезеңдерін де, тұла-бойы тарихынан, тілінен көз жазып қалуды да, бәрін-
бәрін бастан өткеріп, ең тәмамында арман болған тәуелсіздікке қол жеткізіп тынды. Осындай жетістігімізді тіпті әлемнің
түкпір-түкпіріндегі халықтар жылы мойындады. «Бірлігі жоғары елді жау алмайды» деген қазақ шіркіннің асыл сөздері
еш бекер айтылмайтындығына тәуелсіздігіміздің биылғы отызыншы жылында тағы да бір мәрте көзімді жеткізіп
отырмын. Толассыз қанмен, ащы термен келген тәуелсіздігімізді
сақтап қалмасақ, еліміздің болашағынан зор үміт
күттіретін біздей ұрпаққа орны толмас, үлкен сын болмақ. Құдайға мың да бір шүкір, мемлекетіміз бүгінгі күні тек
қуантарлық жаңалықтарымен, білімді ұрпақтарымен, ең бастысы – бірлік-бейбітшілігімен өсіп, өніп, өркендеп,
талай
мемлекеттің алды болып, шаң қақтырмай келеді. Жеткен жетістіктеріміздің ең көрнектісі – төрт құбыламызды тегістеп,
шекарамызды белгілеп және өзіміздің меншікті Қарулы Күштерімізді жасақтауымыз, еліміздің елдігін белгілейтін
ұлттық белгілеріміз, қайта оралған тіліміз, дініміз, салт-дәстүріміз. Осының барлығы Нұрлы Елбасымыз – Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаевтың
салиқалы саясатының, кемеңгерлігінің. көшбасшылық қасиетінің арқасы. Ол «Нұрлы жол –
болашаққа бастар жол» атты жолдауында: «Тәуелсіз елді болашаққа бастап барар жалынды жастар сендерсіңдер, мен
сендерге сенім артамын» - деп бізге зор үміт артып отыр. Осындай Елбасымызбен біз әрқашан мақтанамыз және сенімін
ақтаймыз. Дегенмен, 2019 жылы 19 наурыз күні кешкі сағат 19:00-де Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев
халыққа бейнеүндеу жолдап, өз өкілеттігін тоқтататынын мәлімеді. Осылайша, елді 30 жыл басқарған президент өз
еркімен қызметінен кетті. Осылайша, екі жыл бұрын басшылыққа келген қазіргі ел
Президенті Қасым-Жомарт
Кемелұлы Тоқаев та жаhанда болып жатқан індетке байланысты туындап жатқан қиындықтарға қарамастан, ел тізгінін
берік ұстап, жақсы көш бастап келе жатқанын мақтанышпен алға тартқым келеді.Тағы да айта кететін маңызды жайт,
«ҚазАқпарат» ХАА» АҚ ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнап «Тәуелсіздік туралы 100 әңгіме» электронды кітабын
дайындап, шығарды. Кітап - ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен, қазақ, орыс және ағылшын
тілдерінде шыққан. «Тәуелсіздік туралы 100 әңгіме» кітабы – 1991 жылдан бастап бүгінгі күнге дейінгі соңғы үш
онжылдықтағы Қазақстан Тәуелсіздігінің жетістіктерімен тікелей немесе жанама байланысты бірегей оқиғалар
альманахы. Кітаптағы спикерлердің көпшілігі тарихи оқиғалардың куәгері бола отырып, өздерінің жеке естеліктері мен
эмоцияларымен бөліседі, ел дамуының әрбір нақты кезеңінің бұрын белгісіз болған бөлшектерін еске алады. Сонымен
қатар бұл кітапта соңғы 30 жыл ішіндегі елімізде болған экономикалық, қоғамдық-саяси және мәдени процестерді
талдайтын салалық сарапшылардың пікірлері келтірілген. Әңгімелерде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті
–
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұлғасы ерекше орын алады [2].
Қорытынды сөзімді түйіндей келе, Тәуелсіздік –
тарихы мұрада, таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында
жатқан сірә киелі ұғым дегім келеді. Ол – барша қазаққа ортақ ұлы жеңіс, мәртебе. Тарихсыз, өткенсіз болашақ жоқ,
онсыз өмір сүру тіптен мәнсіз.Осыны әрбір қазақ баласы ұқса, сезінсе деймін. Сонда ғана, арысы қазақ хандығынан
бастап, бергісі егеменді елдің бүгініне дейін көшті жалғастырып келе жатқан батыр аталардан тараған – біз – жас ұрпақ,
ешқашан да осы күнге кімдердің арқасында жеткенімізді ұмытпаймыз!
Достарыңызбен бөлісу: