Ғылымдар бойынша ХХV республикалық студенттік ғылыми конференциясының



Pdf көрінісі
бет138/292
Дата06.12.2022
өлшемі5.25 Mb.
#466590
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   292
ЖТ ЮМ сборник

Пайдаланған әдебиеттер 
1. 
Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі (ерекше бөлім) 
2. 
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 Кодексі. 
3. 
Соттардың мұрагерлік туралы заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы 
4. 
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2009 жылғы 29 маусымдағы N 5 Нормативтік қаулысы. 
5. 
Диденко А.Г. Азаматтың құқығы. Ортақ бөлік. Дәрістің курсы. "Нұр – тығыздауыш". – Алматы, 2006. 
6. 
Басин Ю.Г Азаматтың құқығы. – Алматы: Заңгер, 


157 
ҚАЖЕТТI ҚОРҒАНЫС ШЕГIНЕН ШЫҒУ КЕЗIНДЕ ЖАСАЛҒАН АДАМ ӨЛТІРУ 
Ерланқызы А.  ЮМ-191к11 тобының студенті 
Атамбаев Қ. - аға оқытушы 
Қылмыстық оқиғалардың барлығы теріс ниеттегі, мотивтағы қылмыстар болып табыла бермейтінін ескеру қажет. 
Адам өзін-өзі қорғау мақсатында қажетті қорғаныс шегінен шығып кеткен кезде жасалған қылмыстардың барлығының 
да субъективті жағы бір сарында қарастырыла бермейді. Сыртқы күштен өзін-өзі қорғау мақсатында жасалған іс-
әрекеттің барлығын қылмыс деп саралау қате пікір.Мемлекет өзінің азаматтарының тұрақты қауіпсіздігін, олар 
қаншалықты кәсіби дайын болса да, тек құқықтық тәртіп күшімен ғана қамтамасыз ете алмайды.Сондықтан қылмысқа 
қарсы күресте қылмыстық-құқықтық құралдар мен әдістерді сауатты пайдалану маңызды, олардың ішінде қажетті 
қорғаныс институты маңызды рөл атқарады.Қажетті қорғаныс – қылмыспен күресудің белсенді және тиімді құралы, 
құқық бұзушылықты белгілі бір жолмен, шабуыл жасаушының өмірі мен денсаулығына физикалық зиян келтіру арқылы 
тоқтату.Қажеттi қорғаныс шегiнен шығу кезiнде жасалған адам өлтіру, яғни орны толмас қатеге әкеліп соққанда 
жасалған қылмыс бойынша ҚР ҚК-нің 102-бабында қарастырылғандай екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын 
шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Бұлайша шектен шығу тек қасақана зиян 
келтірілген жағдайларда ғана қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқтырады.Сондықтан да мұндай әрекеттердің 
қылмыстық жауаптылығы және жазасы заңға сәйкес нақты келтірілген зиянға байланысты шешіледі. Қиянат келтірушіге 
қажетті қорғану шегінде, қол сұғылған қиянатты зиян келтірместен тойтаруға мүмкіндік болмаса, қоғамдық немесе жеке 
мүддені қорғау мақсатымен келтірілген зиян әр уақытта да заңға сыйымды болып табылады. Егер қиянат келтірушіге 
зиян- шектен тыс және сол қиянаттың сипаты мен қауіптілігіне сөзсіз сәйкес келмесе, онда қорғанушы жөнінде, қажетті 
қорғанудың шегінен шығып кеткені үшін, жауаптылық мәселесі туындайды. Мұндай жағдайда келтірілген зиян 
шабуылдан қорғану мүддесіне сәйкес жүзеге асырылды деп санауға болмайды. Сонымен бірге ескере кететін бір жайт, 
қажетті қорғану шегінен асып істелген қылмыс жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар қатарына жатады. Бірақ дұрыс 
сараланбаған қылмыс немесе тергеушінің болған қылмыстық оқиғаға дұрыс баға бермеуі үлкен проблеманы 
туындатады. Орын алған іс-әрекетте қорғанушы адам мен оған физикалық немесе басқа түрде қысым көрсеткен 
адамның арасындағы болған жанжалды дұрыс зерттемеу, сонымен қатар қылмыскер өзін қорғау мақсатында жасаған іс-
әрекеті кезінде қандай жағдайда болуы, оның психологиялық жай-күйі туралы дұрыс анықтамау немесе толық 
анықтамау жаза тағайындауға әкеп соғады. Осының салдарынан қылмыс жасағаны үшін заңсыз сотталған адамдардың 
мүдделері, жәбірленушінің мүдделері зиян келтіруші жауаптылықтан негізсіз босатылған кезде, қылмыс жасаған 
адамдарға әділ жаза тағайындауға мүдделі мемлекеттің құқықтық нормалары зардап шегеді. Кісі өлтірудің объективтік 
жағы үш элементті өзіне біріктіріп отыр: 1) басқа адамды өмірінен айыруға бағытталған әрекет (әрекетсіздік); 2) 
қылмыстық нәтиже ретінде жәбірленушінің өлімі; 3) кінәлінің әрекеті (әрекетсіздігі) мен жәбірленушінің өлімі 
арасындағы себепті байланыс.Кісі өлтірудің объективтік жағы – басқа адамның өмірінен заңсыз айыру. Кісі өлтіру 
әрекетпен де, әрекетсіздікпен де жасалуы мүмкін. Көбінесе адам өлтіру адамның өмірлік маңызды мүшелерінің 
қызметін немесе анатомиялық тұтастығын бұзатын әрекет арқылы жасалады. Болған оқиғадағы іс-әрекет пен 
жәбірленушінің өлімі арасында себепті байланыс орнатылуы керек. Себеп-салдарлық байланыстың бар екендігін кінәлі 
адамның әрекеті сөзсіз адамның өліміне әкеп соқтыратын, оның негізгі себебі болған жағдайда ғана тануға 
болады.Сонымен қатар, қылмыс құрамы үшін кінәлінің тиісті әрекетті жасағаннан кейін жәбірленушінің өлімі қанша 
уақыттан кейін болғаны мүлдем маңызды емес. Кісі өлтіру қылмыскер қылмыстық әрекетті жасағаннан кейін бірден 
өлімге әкелген кезде де (мысалы, басынан оқ тигеннен кейін) және ол біршама уақыт өткеннен кейін болған кезде де 
(мысалы, баяу әсер ететін уланумен улану) болады.Қажеттi қорғаныс шегiнен шығу кезiнде жасалған адам өлтіруде 
болған қылмысты толық саралау басымырақ рөл ойнайды. Осы жерде қылмыстың төрт құрамы соның ішінде 
қылмыскердің мотиві дұрыс анықталу керек. Егер қылмыскердің өзін-өзі қорғау кезінде байқаусызда өзінің іс-әрекеті 
немесе әрекетсіздігі арқылы адамды өлтіріп алған жағдайда жазаны жеңілдетіу немесе басқа жаза түріне ауыстуры 
туралы жаза қолданылу түрінде қарастыру керек. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қаулысында соттар 
қажетті қорғану шегінен асып кеткендіктің бар немесе жоқ екендігі мәселесін шешкен кезде тек қорғану мен қауіп 
төндіру құралдарының сәйкестігін немесе сәйкессіздігін ғана емес, қорғанушыға қауіп төндірушінің қауіптілік сипатын, 
шабуылға қарсы тұрудағы оның күші мен мүмкіндігін, сондай-ақ шабуылшы мен қорғанушының күштерінің 
арасалмағына ықпал ететін басқа барлық жағдайларды да ескеруі керек деп атап көрсеткен. Қорғану әрекетінің заңға 
сыйымдылығын бағалағанда ең бірінші қиянаттың үрдістігін, яғни қауіп төндірудің сипаты мен дәрежесін, шабуылдын 
қарқыны мен күшін есепке алу қажет. Қиянаттың сипаты мен қаупі көп жағдайларда қауіп төнетін объектінің 
маңыздылығына да байланысты. Адамның өмірі, денсаулығы, меншігі сияқты маңызды объектілерге шабуыл жасап, 
нақты қауіп төндіру қорғанушыға да қорғанудың өте ыңғайлы тәсіліне жүгінуге құқық береді. Яғни, қорғалатын 
игіліктің бағасы құнды болған сайын, оған төндірілетін қиянат та қауіптірек, сондай-ақ қажетті қорғануды қолданудың 
шегі де және қиянат келтірушіге зиян мөлшері де елеулі, ауқымды болады. Қиянаттың үрдістігінің дәрежесі көп 
жағдайларда қылмыскердің қолданатын құралы мен қару-жарағына да байланысты. Бірақ та бұл жерде қорғанушы 
шабуылды қандай құрал немесе қаруды қолданса соған сайма-сай құралмен немесе қарумен тойтаруға ғана құқылы деп 
айту қате болар еді. Мұндай пікірді қуаттаған жағдайда қорғанушының қару жұмсау арқылы өзінің немесе басқа 
адамның өміріне нақты қауіп төндіріп тұрған қаруланбаған қылмыскердің әрекетін тойтаруы негізсіз қылмыс болып 
саналар еді.Мұндай қауіп төндірушілікке қорғанушы көп жағдайларда кенеттен тап болған қиянатқа байланысты соның 
салдарынан қатты абыржу, қорқу жағдайында болады, сондықтан да барлық уақытта қауіп төндірудің сипатына дәл баға 
бере алмайды және соған сәйкес келетін қорғану құралын қолдануға мүмкіндігі болмайды.Сонымен қажетті қорғану 
шегінен асып кеткендік деп танылуы үшін қиянаттың қаупі мен сипатына қорғаудың сөзсіз сәйкес келмеуі қажет. Бұл 
жерде сөзсіз сәйкес келмеушілікке қорғанушының айдан айқын, анық түрде қорғану шегінен асып кеткен қиянат 
келтірушіге негізсіз, орасан зор зиян келтіруін айтамыз. Заңда көрсетілген ҚР ҚК 109-бабының санкиясы қажетті 
қорғану шегінен асып кеткендігі үшін жауатылық, тек қасақана қылмыстар істегені үшін ғана қарастырылғанын
көрсетеді. Абайсыздықпен істеген қажетті қорғану шегінен шығушылық үшін заңда жауаптылық белгіленбеген. 
Жоғарыда көрсетілген қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде болған қылмыстық оқиғаға мысал келтіретін болсам, 
оқиға барысы түнгі уақытта өрбіген, бір отбасыға түнгі уақытта қаруланған қарақшылар тобы үйдің ішінде болған әйел 


158 
қауымын байлап, үйдің иесіне физикалық қысым көрсеткен. Үй иесі қарақшылармен келісімге келмек болып, оларға 
үйдегі бар ақшаның қайда екенін көрсетемін деп келісіп, ас үйдеге бөлмеге барып пышақпен қарақшылардың екеуін 
өлтіреді де, біреуі қашып үлгереді. Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, қылмыс болған оқиға орнына полиция 
келіп, үй иесін қамауға алады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеу басталып, қылмыстық оқиғаны саралау үстінде үй иеснің 
кінәсіз екенін анықтапоны босатады. Себебі, үй иесі қарақшыларға керек ақшаны тауып бере алмаған жағдайда үй иесін 
сонымен қатар үйдің басқада мүшелерін өлтіруі мүмкін еді. Немесе оларға басқа да физикалық қысым келтіруі мүмкін 
еді. Сол себепті үй иесінің негізгі мақсаты өз отбасын және өзін қорғау болып табылғандықтан оны кінәсіз деп тауып 
бостандыққа жіберген. Бұл оқиғаны саралау барысында полиция қызметкерлерінің дқрыс оқиғаны зерттегені және үй 
иесінің негізгі мотивін дұрыс анықтап, оның негізгі субъективті жағын дұрыс саралағанын көруге болады.
ӘОЖ  341.485


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   292




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет