Ғылымдар бойынша ХХV республикалық студенттік ғылыми конференциясының



Pdf көрінісі
бет175/292
Дата06.12.2022
өлшемі5.25 Mb.
#466590
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   292
ЖТ ЮМ сборник

 
Пайдаланылған әдебиеттер 
1. 
Сындарлы қоғам Н.Ә.Назарбаев 2001 жыл
2. 
Шамшырақ, Тәрбие газеті 2019 жыл 
3. 
Қазақстан Республикасының құқықтық саясатының 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы 
4. 
Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 15 қазандағы № 674 Жарлығы 
5. www.akorda.com 
6. 
Мемлекет басшысының 2021 жылғы 01 қыркүйек «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік 
негізі» атты Жолдауы 
ӘОЖ 541.18 
ҰЛЫ ДАЛА ЖАСТАРЫ – МӘҢГІЛІК ЕЛГЕ БАСТАР ЖАРҚЫН БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ. 
 
 
Қожагелді М. - ЮМ-20-1к4 тобының студенті 
Блашева М. - жетекшісі 
Елді алға тартатын да, кері тартатын да егеменді елдің жастары. Бүгінде жастар Тәуелсіз мемлекетте туылып 
және сондай егеменді мемлекетте өмір сүруде. Тәуелсіз Қазақстанымыздың келешегі айқын,жарқын болашаққа 
жетелейтін жастарымыз, ата-бабамыздың ғасырлар бойы аңсап өткен, тұғыры биік тәуелсіздігіміздің туын төмен 
түсірмей, желбірете білуі тиіс.Өйткені бабаларымыздың осы ұлан-байтақ атырапты қалай қорғағанын,өз егемендігін алу 
жолында жандарын аямай шайқасып өздерін құрбан еткендігі бәрімізге мәлім. Қазақ тарихтан сыр шертілген кезде 
ешқашан басын төмен салмақ емес, керсінше еңсесін биік көтере өткеніміз бен бүгініміз жайлы баяндай аламыз. Бүгінгі 
күнде жастар сондай текті халықтың ұрпағы екендіктерін сезініп,тарихты санаға сіңіре отырып, қаншама еңбек пен 


199 
қанмен келген тәуелсіздігімізді үлкен жауапкершілікпен қастерлеуге міндетті. Сонымен қатар ел болашағын жасайтын 
жастардың дамуында кедергі жасайтын індеттермен тынымсыз күрес жүргізілуде және жүргізіледе бермек. Бұның 
барлығы тек тәуелсіз мемлекет пен саналы жастар үшін. 
Елдің болашағы мен өркендеп дамуы тек жастардың қолында, тәуелсіз елдің арайлы таңының пердесі тек 
белсенді жастармен ғана ашыла алады.Тәуелсіз Қазақстанымыздың келешегі айқын,жарқын болашаққа жетелейтін 
жастарымыз, ата-бабамыздың ғасырлар бойы аңсап өткен, тұғыры биік тәуелсіздігіміздің туын төмен түсірмей, 
желбірете білуі тиіс.Өйткені бабаларымыздың осы ұлан-байтақ атырапты қалай қорғағанын,өз егемендігін алу жолында
жандарын аямай шайқасып өздерін құрбан еткендігі бәрімізге мәлім. Қазақ тарихтан сыр шертілген кезде ешқашан 
басын төмен салмақ емес, керсінше еңсесін биік көтере өткеніміз бен бүгініміз жайлы баяндай аламыз. Бүгінгі күнде 
жастар сондай текті халықтың ұрпағы екендіктерін сезініп,тарихты санаға сіңіре отырып, қаншама еңбек пен қанмен 
келген тәуелсіздігімізді үлкен жауапкершілікпен қастерлеуге міндетті.
Бірде Әбунасыр әл-Фараби бабамыздан бір әмірші өз елінің болашағы туралы сұрағанда «Сен алдымен 
жастарыңды көрсет, сонда мемлекет болашағын болжау қиынға соқпайды» деген екен.Расында да әлсіреген елді 
дамытып көркейтетін де, гүлденген елдің түбіне жететін де болашағы,яғни елдің жас ұрпақтары. Бүгінгі күнде,ел 
тағдыры мен болашағында жастардан үлкен үміт күтеді. Білімді, ұлтжандылықты бойына сіңірген, рухы биік ұрпақ 
тәрбиелеуді басты назарда ұстауда. Елбасы Н.Назарбаев жолдауында «Мен сіздер,бүгінгі жастар, ерекше ұрпақ 
екендеріңізді қайталаудан жалықпаймын. Сіздер тәуелсіз Қазақстанда өмірге келдіңіздер және сонда ержетіп келесіздер. 
Сіздердің жастық шақтарыңыздың уақыты – біздің еліміздің көтерілу және гүлдену уақыты. Сіздер осы жетістіктер 
рухын және табысқа деген ұмтылушылықты бойларыңызға сіңірдіңіздер» деп пайымдаған болатын. Мемлекет басшысы 
Қасым Жомарт – Жомарт Кемелұлы «Сындарлы қоғамдық диолог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің 
негізі» атты Жолдауында да жас ұрпақты тәрбиелеуге көп мән бергені белгілі. Сондықтан Қазақстанның жаңа даму 
кезеңі – тікелей жастардың қолында. 
Ал осы білімді, еліне деген патриоттық сезімді қалыптастырып, болашағынан зор үміт күтетін өскелең ұрпақ 
даярлау арқылы мемлекеттің жарқын болашағын жасау жолында түрлі түйіткілді мәселелердің бары анық. Тіптен 
мемлекетте болып жатқан көптеген дүниелерді крістіріп талқылауға болады. Мысалға: бала тәрбиесі, білім беру саласы, 
жаңа бағдарламалар, жастардың ұлттық менталитетімізге сай емес дүниелерге қызығуы, жеке кәсіпкерлік т.с.с 
жастардың өсуіне үлкен үлес қосатын немесе керсінше аяғына тұсау салатын өзекті мәселелер жетіп артылады. 
Осылардың ішінен жастар үшін және елдің болашақ тағдыры үшін ең маңызды деп тіл мәселесі мен сыбайлас 
жемқорлық атты үлкен кеселді бірінші кезекке қойдым.
Тәрбие басы – тіл. Бабалар арманы болған өз тілінде сөйлеу құқығы,қазірде баға жетпес байлығымыз,яғни, 
қазақ тілі, мемлекеттік тіліміз. Осындай рухани құндылығымызды тек қары-қатынас құралы емес ұлтымыздың биік 
тұғыры ретінде көруіміз керек.Елбасы жыл сайынғы халыққа жолдауында дабасым бағыттарының бірі – мемлекеттік 
тілді жан-жақты дамытуға басты назарда ұстап келеді. Дегенмен де бұл жасалып жатқан жұмыстардан айтарлықтай 
өзгерістер байқалмады. Тәуелсіз Қазақстанда тұрып ана тілінде сөйлей алмайтын азаматтарымыздың бар екендігі аяң. 
Орыс тілі қазақ тілімен тең қолданыста болғанымен елдің асыл қазынасы ана тіл екенін ұмытпаған жөн. Әр адам,әсіресе 
жастар жағы өз бетінше патриот бола білсе,тарихын біліп қаншалықты маңдай термен келген құндылықтарымыздың 
қадір-қасиетін білсе ел болашағын әр дайым алға сүйрейтін саналы ұрпақ тәриеленеді. Өкінішке орай кей қалаларда 
қарапайым халықты былай қойғанда жоғарғы билік басын да отырған ағаларымыздың арасынан да қазақша білмейтін, 
тіптен сөйлей алмайтындары бар екендігі ақиқат. Халық сеніп тапсырған өкілетті орган қызметкерлерніңі өз тілінде 
сөйлей алмаса, жастардың ана тілін біліп бағалауы мен қазақ тілінің дамуына айтарлықтай үлес қоса алады дегенге сену 
қиын. «Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» денен екен ұлттың қайраткері,қазақ әліпбиінің негізін қалаған Ахмет 
Байтұрсынұлы.Елді өркендете алатын,әр дайым биікке шығаратын жастарды көру үшін бірінші кезекте ұлттық 
мұрамыздың қадіріне жететін ұрпақ даярлау міндетіміз. Ал ол үшін кез келген азаматтан мемлекеттік қызметке тұрарда 
сұралатын сұрақ - Қанша тіл білесің? емес Қазақ тілін қаншалықты деңгейде білесің? деп сұралса дұрысырақ болатын 
еді. Сонда ғана мемлекет өз тілін білмейтіндерден тазарып, өскелең ұрпақ болашақта жұмыс жасау үшін шетел асып 
білім іздемей ана тілін толығымен меңгеруге күш салатынына сенеміз. Келесі кезектегі жастардың болашаққа деген 
мұратына кедергі жасайтын үлкен індет – сыбайлас жемқорлық. Қазіргі таңда Қазақстан үшін ауқымды мәселе тудырып 
отырған жағадай. Оның қоғамда тамырын жайып белең алуы – билік пен бұқара арасындағы сенімге селкеу түсіріп, ел 
тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне айтарлықтай залал келтіреді. Осы індет жастардың болашаққа деген сенімі мен үмітін 
байлайды. Бұл зарардың таралуына тұсау қоя алатын да жастар. Сол себепті мемлекет тарапынан жүргізіліп жатқан іс-
шаралардың жалпы мазмұны: «Әр адам өзінен бастауы керек,саналы жастар жағы білімді болып жемқорлық атты 
келселге қарсы тұру керек. Халық пара беруден бастартса ғана елдегі індет жойылады» дейді. Дұрыс, дегенмен де бұл 
кеселге қарсы тұру үшін ең әуелі әр жеке тұлға өзінің құқығын білуі керектігі анық. Ал өз құқығын білетін, қандай 
жағдайда да өзін қорғай алатын халық аз. Құқық білмегендіктен де түрлі жағадайларға жол беріліп жатады. Адамның 
барлығы құқығын білуі үшін заңгер мамандығын таңдамайтындығы анық сандықтан да құқық саласына аса мән бере 
бермейді. Ал мектепте «Адам.Қоғам.Құқық» атты пән тоғызыншы сыныптан бастап оқытылады. Осы бойынша кішкене 
өзгертулер еңгізілсе деген ойдамын. Анығырақ айтар болсам, бесінші сыныптан бастап мектеп бағдарламасына 
«Адамзат құқығы» атты пән енгізілсе және пән бойнша адам туылғанынан бастап өмірі үшін ең керекті құқықтарды 
балаларға түсініксіз заңи тілмен емес барынша қарапайым балалар үшін түсінікті өмірмен байланыстыра отырып 
түсіндіріліп, оқытылса тіпті нашар оқитын оқушының өзінде есінде толық қалмаса да жартылай болсын болашақ өміріне 
қолдана алады деп ойлаймын. Мектеп қабырғасынан университет болмаса коледжге түскен соңда кез келген мамандық 
бойынша құқық саласы оқытылса, жас ұрпақ заңнан хабарсыз бомай кез келген жағдайда кез келген мәселеде өз 
мүддесін қорғап шыға алардай болса, пара беру де алу да айтарлықтай тежелер деген сенім бар. Бұл әзірше болашақ 
заңгер мамандығы бойынша жұмыс жасағысы келетін, халық жанашыры болуы үшін білімнің алғашқы баспалдақтарын 
енді аттап жатқан қарапайым студенттің ойы ретінде қарастырсақ,дегенмен де келешекте қолға алынатын мәселе 
екендігіне сенеміз. 
Жастар – ел болашағының айқын көрінісі. Сондықтан да жастардың дамуы мен елді алға жылжыту бағытына 
кедергі жасайтын мәселелер мен тамыры тереңге жайылған індеттерден арылу басты міндетіміз. Келешек ұрпақты рухы 
биік,білімді, елі мен жері үшін жан қияр патриот етіп тәрбиелеп еліміздің биік шыңға шығып,қалықтағанын көруге 
деген кәміл сеніміміз мол. 


200 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   292




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет