226
көрсетеді. Яғни, ішкі құрылымы мен соттың әділдігі бойынша қазақстандық сот әлемнің неғұрлым дамыған 30
мемлекетінің сот жүйелері мен терезесі тең келуі тиіс [2].
Осы аралықта жүргізілген сот-құқықтық реформаның нәтижесінде сот құрылысы мен сот ісін жүргізу бойынша
жетістіктер бар. Оған заңнамалық регламенттеу және сот билігін ұйымдастыру, жаңаша жұмыс ережелерін енгізу дәлел
болып табылады. Сот жүйесінде атқарылған бірнеше міндетті атап көрсетсек:
-
еліміздің басты заңы – Конституцияда соттың мемлекеттік биліктің дербес тармағы ретіндегі мәртебесі
бекітілді; заңның үстемдігі сот билігінің негізгі міндеті екендігі, азаматтар
мен ұйымдардың құқықтарын,
бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау басымдығы айқындалды; соттардың істерді қараған кезде ҚР
Конституциясының ережелерін тікелей қолдануы алға қойылды.
-
сот құрылысы және сот ісін жүргізу туралы заңнамаға халықаралық құқықтың жалпыға бірдей қағидаттары мен
нормаларын имплементациялау, олардың ұлттық заңнама алдындағы басымдығы белгіленді;
-
судья лауазымынаүміткерлерді іріктеудің жаңа талаптары мен критерийлері қойылды;
-
сот
жүйесінің
материалдық-техникалық,
ұйымдастырушылық
және
кадрлық
дербестілігі,
соттарды республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру бекітілді.
Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, қандайда бір мемлекеттегі реформаның тиімділігі қоғамның дәстүрі,
менталитеті және ерекшеліктерімен тікелей байланысты. Тарихқа үңілетін болсақ, бірқатар шығыс мемлекеттеріндегі
әлеуметтік-экономикалық модернизация олардың дәстүрлерімен сәтті үйлесім тапқан, дәстүр-салт
қоғамдағы
өзгерістердің өзегіне айналып, жақсы нәтижелерге қол жеткізген. Дегенмен, сот реформасын жүргізуде төмендегідей
кері факторлардың бар екені анықталған: кейбір заңнаманың жетілмегендігі, тұрақсыздығы және қарама-қайшылығы;
соттар мен судьяларды материалдық-қаржылық тұрғыда
жеткілікті қамтамасыз етпеу; соттардың әкімшілік-аумақтық
орналасуына сәйкес жергілікті билік органдарының соттарға ықпал етуі; судья лауазымына келетін кандидаттарға және
судьялар корпусына қойылатын талаптардың қатаң болмауы, соның нәтижесінде соттарға кәсіби біліктілігі мен этикасы
төмен азаматтардың келуі; сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық; сот аппараттары мен сот қызметін қамтамасыз ететін
өзге де қосалқы қызметтердің сапасыздығы және т.бжағдайлар [3].
Сонымен қоса, Мемлекет басшысы судья болуға үміткерлерге талаптарды халықаралық тәжірибеге сәйкес
күшейту; кандидаттарды іріктеудің жаңа жолдарын қарастыру; сот үрдісіндегі қағазбастылықты шектеп,
барынша
оңтайландыру және халыққа ыңғайлы қылу; түрлі дау-дамайларды шешуде бітімгершілік тетіктерін қосуды тапсырды.
Ата заңымызда мемлекет өміріне қатысты барлық маңызды бағыттар мен қатар сот жүйесінің базалық қағидаттары да
көрсетілген. Бұл қағидаттардың басым көпшілігі күнделікті жұмысқа, сот жүйесінің құқық қорғау сипаты: азаматтардың
құқықтары мен бостандықтарын сот төрелігі арқылы қамтамасыз ету, олардың әрқайсысын соттың қорғайтынына
кепілдік беру, айыпталушының кінәсіздік презумпциясы, жәбірленушіні қылмыстан,
билікті асыра пайдалану
принциптерінен қорғау және басқа да бірқатар қағидаттар мен байланысты болады. Бүгінгі Қазақстанның сот жүйесі
әлемнің ең озық мемлекеттерінің халықаралық деңгейде танылған стандарттарына сәйкес келеді. Сот жұмысының
сапасы, оның әділдігі мен ашықтығы – кез-келген мемлекеттің демократиялық дамуының басты факторы. Сондықтан
сот жүйесін модернизациялау мен заманауи тетіктерді пайдалану оның барлық деңгейінде өзекті болып қала береді.
Достарыңызбен бөлісу: