236
15 және 16-17 жастағылар болып келеді. Сондай-ақ қоғамға қарсы әркеттері үшін жасы 14-ке толмағандардың да
қылмыстылығын көрсеткен жөн. Жасы кәмелетке толмағандар қылмыстылығының ресми қылмыстық статистикалық
көрсеткіштерін бағалай отырып, жасөспірімдердің қылмыстылығының шын мәніндегі сандық көрсеткіштерін толық
көрсетпейтінін айта кету керек. Яғни, қазіргі таңда жасы кәмелетке толмағандар қылмыстылығының латенттілігі өте
жоғары деп бағалануда. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықты талдау нәтижесінде қылмыстылықтың
басқа әлеуметтік құбылыстармен байланысы анықталады, яғни әрқилы түрлерінің өзара
әрекеттестігі айқындалады,
сапалық сипаттың сандық жағы, қылмыстылықтың өзгеру бағыты ашылады. Айта кететін болсақ ішкі істер оргадары
қызметкерлерінің қылмысты жасыруы да кәмелетке толмағандар қылмыстылығының латенттігін көтереді. Жасы
кәмелетке толмағандар қылмыстылығының құрылымын меңгеруде және олардың әртүрлі қылмыс қатарын жасаудағы
ерекшелігін оқып-білуде олармен жасалатын ұрлық, тонау, қарақшылық, бұзақылық, күш көрсетіп жасалатын
қылмыстарға тән сипаттамаға және жасөспірімдік мотивацияға көңіл бөлген жөн. Сондай-ақ жасы кәмелетке толмаған
қылмыскерлердің, тұлғалардың криминологиялық сипаттамасы бұл негізгі мәселе болып табылады. Атап айтсақ, жасы
кәмелетке толмағандардың қылмыстық жүріс-тұрысын анықтайтын психикалық ерекшеліктері, олардың адамгершілік-
құқықтық көзқарастарын атаса болады. Бұл ерекшеліктерді білу жасы кәмелетке
толмағандар қылмыстылығының
жалпы және жеке алдын алу жұмыстарын тиімді жүзеге асыруда қажетті болып табылады [3,89 б.].
Мысалы соңғы жылдары Қазақстанда кәмелетке толмағандардың ересектермен бірлесіп жасаған қылмыстарың
саны күрт өсуде, яғни 35%-ға дейін өсті. Көп жағдайда ішкі істер органдарының қызметкерлері кәмелетке
толмағандардың қоғамға қауіпті іс-әрекеттерін тіркеуге формальды қарайды. Сақтандыру жұмысының тиімділігіне
ықпал ететін екінші бір жағдай-кәмелетке толмаған құқық бұзушылармен айналысатын мекемелер арасында тығыз
байланыстың болмауы, ондағы қызметкерлердің білім, тәжірибесінің жеткіліксіздігі, жасөспірімнің әрекетіне тиісті баға
бере алмауы мүмкін. Мысалы төменде келтірілген Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының құқықтық
статистика комитетінің арнайы есебінің мәліметтері бойынша 2009-2014 жылдар аралығындағы кәмелетке
толмағандардар арасында жасалған қылмыстар өрши түсті.
Осы жоғарыда айтылған мәселелерге байланысты мән-жайлар – қылмыстылық пен қылмыстық-құқықтық күрес
саласындағы гуманизм әділеттік принципімен тығыз байланысты, сондықтан да қылмыс жасаған адамға қолданылатын
қылмыстық сипаттағы шаралар мен тәсілдер қылмыстық сипаты мен қоғамға қауіптілік дәрежесіне, оның жасалу мән-
жайына және жасаған адамның жеке басына сәйкес болуға тиіс. Статистикалық мәлметтерге байланысты қазіргі таңда
қыздар арасындағы қылмыстылық та өсу үстінде. Осыдан он жыл бұрын қылмыскер қыздардың үлес салмағы 1,5-2%, ал
ұлдар 98% құраған болcа, қазіргі көрсеткіштер бойынша соңғы жылдарда, яғни (2011, 2012, 2013 жылдары) жасөспірім
арасындағы ұлдар бойынша 92,4%, ал қыздар 7,6% құрайтыны анықталды.
Сонымен қоғамда әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістердің ірі көлемді және жылдам процестері жүріп
жатқан қазіргі уақытта әсіресе, дүниетанымы әлі толық қалыптаспаған, құндылықтар жүйесі тұрақсыз жастар үшін қиын
болып отыр. Қазіргі
уақытта жасөспірімдерге, жастарға деген көзқарас әсіресе құқықбұзушылықтың алдын алу, оны
туғызатын себептер мен шарттарды жою тұрғысында өте күшейтілуі тиіс. Қорыта келе, кәмелетке толмағандар мен
жастар арасындағы қылмыстылықтың криминологиялық аспектлері бойынша, ең алдымен ошақ басындағы, яғни ата-
ананың тәрбиесі, сонымен қатар олардың қоғамға қауіпті іс-әрекеттері толықтай заңмен қамтылуы керек, сонымен бірге
олардың теріс қылықтары өздеріне зиян келтіретіндігін түсіндіріп оған көз жеткізу керек.
Достарыңызбен бөлісу: