223
контрагенттердің ерік білдіруі болып табылады. Сондықтанда оферта және акцепт шарт жасасудың негізгі сатылары
болып табылады.
В. Груздев келесідей көз-қарасын дұрыс білдіреді: «.... екінші тараптың еркін адресаттың алуы «офертаны немесе
акцептіні» өз кезегінде шарттық процестің тиісті сатысының аяқталғанын көрсетеді, сол арқылы уақыттағы ұзақтығын
анықтайды...» [3].
Шарттың сатылары тараптардың еркін білдірулерінен құралады. Сонымен, жалпы ереже бойынша консессуалды
азаматтық-құқықтық шарттарды жасау бірінен бірі кейінгі екі сатыдан өтеді: оферта және акцепт. Ұсыныс және
ұсынысты қабылдау бірінен кейін бірі өтеді және ешқашан араласпайды.
Нотариаттық куәландыруды және мемлекеттік тіркеуді қажет ететін шарттар құқықтық салдарды осындай іс-
әрекеттерді жасағанда ғана тудыртады. Нақты шарттарға оны жарамды деп тану үшін мүлік беру қажет етіледі.
Аталған осындай іс-әрекеттер шарт жасасудың жеке сатысы ретінде бола алады ма? Біздің ойымызша,
нотариаттық куәландыру және мемлекеттік тіркеу шарт жасасудың сатылары ретінде бола алмайды. Осы екі заңи мәні
бар іс-әрекеттер шарт тараптарымен жасалмайды, олар осыған құзыреті бар органдарымен жасалады. Бұл іс-әрекеттерде
тараптардың еркі білдірілмейді. Нотариаттық куәландыру талабы шарттың нысанына жатады. Мемелкеттік тіркеу өзінің
негізгі мақсаты ретінде жариялылық мүдделерді қанағаттандыру болып табылады.
Шарт әр жақтың келісімі болып табылатындықтан, ол бір жақтың келісім жасауға ұсынысы мен екінші жақтың
ондай ұсынысты қабылдау нәтижесінде жасалады. Шартты жасау тәртібі Азаматтық Кодекстің 395-400 баптарымен
реттеледі. Оларда шарт жасау кезеңдегі екі кезең бекітілген.
Шарт жасасу шарттық қатынастарға кіру жөніндегі ұсыныстан басталады. Шарт
жасасу туралы бір немесе
бірнеше нақты жақтарға жасалған ұсыныс, егер ол жеткілікті дәрежеде айқын болып ұсыныс жасаған жақтын ол
қабылдаған жағдайда /акцепт/ өзін сонымен байланысты деп есептеу жөніндегі ниетін көрсетсе оферта немесе оферент
деп аталады.
Шарт жасасу туралы бiр немесе бiрнеше нақты жақтарға жасалған ұсыныс, егер ол жеткiлiктi дәрежеде айқын
болып, ұсыныс жасаған жақтың ол қабылданған жағдайда (акцепт) өзiн сонымен байланысты деп есептеу жөнiндегi
ниетiн көрсетсе, оферта деп танылады. Егер ұсыныста шарттың елеулi ережелерi немесе
оларды анықтау тәртiбi
көрсетiлсе, ол жеткiлiктi дәрежеде айқын деп табылады. Оферта оны жiберген жақ ол алушының қолына тигеннен
бастап байланысты етiп қояды.
Егер офертаны қайтарып алу туралы хабар офертаның өзiнен бұрын немесе онымен қатар келсе, оферта
алынбаған болып есептеледi. Егер офертаның өзiнде өзгеше айтылмаса не ұсыныстың мәнiнен немесе ол жасалған
жағдайдан туындамаса, алушының қолына тиген офертаны оның акцептi үшiн белгiленген мерзiм iшiнде қайтарып алуға
болмайды.
Жарнама және беймәлiм адамдар тобына
жiберiлген өзге де ұсыныстар, егер ұсыныста тiкелей өзгеше
көрсетiлмесе, оферта жасасуға шақыру ретiнде қаралады. Ұсыныс жасаушы жақтың кез келген хабарлаушысымен
ұсыныста көрсетiлген жағдайларда шарт жасасу еркi көрiнетiн, шарттың барлық елеулi ережелерi бар ұсыныс оферта
(жария оферта) деп танылады.
Жауаптың қайтарылуы немесе мерзімнің бітуі оферентті құтқарып, ол жаңа адамға ұсыныс жасай алады. Алайда,
ұсынылғаннан басқаша жағдайларда шарт жасасуға келісім беру туралы жауап ұсыныстан бас тартқан болып
мойындалады. Сонымен бірге, бұл жаңа жағдайлар бастапқы оферентке жаңа ұсыныс деп есептеледі.
Шарт жасасудың екіші кезеңі- акцепт. Оферта жолданған жақтың оны қабылдағаны туралы жауабы акцепт деп
танылады. Акцепт толық әрi бұлтарыссыз болуға тиiс.
Егер заң құжатынан, iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтардан немесе тараптардың
бұрынғы iскерлiк
қатынастарынан өзгеше туындамаса, жауап қайтармау акцепт болып табылмайды.
Офертаны алған жақтың оның акцептi үшiн белгiленген мерзiмде онда көрсетiлген шарт ережелерiн орындау
жөнiнде жасаған әрекеттерi (тауарлар тиеп жөнелту, қызмет көрсету, жұмыс орындау, тиiстi соманы төлеу және т.б.),
егер заңдарда өзгеше көзделмесе немесе офертада көрсетiлмесе, акцепт деп есептеледi.
Оферта акцептiге арналған мерзiм көрсетiлмей ауызша жасалған жағдайда, егер екiншi тарап оның акцептi
туралы дереу мәлiмдесе, шарт жасалған болып есептеледi. Егер оферта жiберген тарап
екiншi тарапқа акцептi кеш
алғаны туралы дереу хабарламаса, акцепт туралы мерзiмiнде жiберiлген хабар кешiктiрiлiп алынған жағдайда, акцепт
кешiктiрiлген болып есептелмейдi. Егер оферта жiберген тарап екiншi тарапқа оның кешiктiрiлiп алынған акцептi
қабылданғаны туралы дереу хабарласа, шарт жасалған болып есептеледi.
Азаматтық Кодекске немесе өзге заң құжаттарына сәйкес шарт жасасу тараптардың бiрi үшiн мiндеттi болған
реттерде, бұл тарап екiншi тарапқа акцепт туралы, не акцепттен бас тартатыны туралы немесе офертаға (шарт
жобасына) өзгеше жағдайларға акцепт жасалатыны туралы (шарт жобасына келiспеушiлiк хаттамасы), егер заңдарда
өзге мерзiм белгiленбесе, не тараптар келiспеген болса, офертаны алған күннен бастап отыз күннiң iшiнде хабар жiберуi
тиiс.
Офертаны жiберген және шартты жасасуға мiндеттi тараптан оған өзге жағдайлармен акцепт жасау туралы хабар
(шарт жобасына келiспеушiлiк хаттамасын) алған тарап шарт жасасу кезiнде пайда болған
келiспеушiлiктi осындай
хабар алған күннен бастап отыз күн iшiнде, не акцептiне арналған мерзiм өткен соң, егер заңдарда шарттардың
жекелеген түрлерi туралы өзге мерзiм белгiленбесе, соттың қарауына беруге құқылы.
Сонымен, оферта және акцепт жалпы ереже бойынша шарт жасасудың міндетті сатылары болып табылады.
Сондықтанда оферта сатысы оференттің ерік білдіруін, ал акцепт сатысы акцептанттың ерік білдіруін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: