Ғылымдар бойынша ХХV республикалық студенттік ғылыми конференциясының



Pdf көрінісі
бет202/292
Дата06.12.2022
өлшемі5.25 Mb.
#466590
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   292
ЖТ ЮМ сборник

Литература 
1. 
Базарова Ю. Р. и др. Принудительные меры медицинского характера : учеб.пособие. - Челябинск :Челяб. Юрид. ин-т 
МВД России.- 2002. - С. 7-8. 
2. 
Меджидова Л. Б. Принудительные меры медицинского характера // Рос.юстиция. - 2007. -№ 1. - С.37-38. 
ӘОЖ 339.21 
КЕДЕНДІК САРАПТАМАЛАРДЫ ЖҮЙЕЛЕУ ЖӘНЕ ЖІКТЕУ НЕГІЗДЕРІ 
 
Өтегенова А. - ЮМ 18-4р 
Муратова Г.Т. - аға оқытушы,құқық магистрі 
Кедендік сараптама дегеніміз - тауарлардың сапасы, шыған елі, қауіпсіздігі, олардың нақты нормалар мен 
стандарттарға сәйкестігі туралы арнайы құзыреттілікке ие, арнайы білімді қажет ететін, кедендік ресімдеу кезінде 
нәтижелер бойынша қорытынды ұсынылатын зерттеулер. Қысқаша айтатын болсақ – бұл кеден ісі мәселелері сұрақтары 
мен мақсаттарын шешетін, соған арналған сарапшылар жүргізетін арнайы ғылыми-тәжірибелік зерттеулер. Кеден ісін 
жүзеге асыру барысында фискалдық, экономикалық құқыққорғау, статистикалық және қорғаушылық сипаттамаға ие 
ауқымды жалпы кешендік мақсатта жүзеге асырылады. Өз кезегінде аталған мақсаттарды шешу көптеген түрлі 
сараптамаларды орындауды талап етеді. 
Кеден сараптамасын сараптаманың ерекше түріне жатқызуға болады, өйткені кеден сараптамасы өзінің жеке 
сипаттамалық белгілер, пән, мақсаттар, объектілер мен әдістемелік зерттеулерге ие. Кедендік сараптама қызметінің 
міндеті сараптаманы тағайындаған кеден органына (кеден лауазымды адамына) арнайы ғылыми білімді талап ететін 
мәселелерді шешу арқылы нақты іс бойынша дәлелдеуге жататын мән-жайларды анықтауда көмек көрсету болып 
табылады. Кедендік сараптама қызметі жалпыға танылған халықаралық құқық қағидаттары мен нормаларына сай және 
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары сақтала 
отыра жүзеге асырылады. Адамның бостандығын немесе оның жеке қол сұғылмаушылығын уақытша шектеуді талап 
ететін кедендік сараптама зерттеулері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерде және тәртіппен 
жүргізіледі. 
Кедендік сараптаманың объектісі болып табылатындар: 

ақпараттардың материалды қайнар-көздері; 

кеден шекарасынан өткізілген тауарлар мен заттар, сондай-ақ олардың зерттеу үшін алынған сынамалары мен 
үлгілері; 

контрабанда және кеден ісі саласындағы әкімшілік құқыбұзушылықтардың объектілері; 

кедендік ресімдеу мен бақылау кезінде қолданылатын жүктің түрлі ілеспе құжаттары. 
Кедендік сараптаманың пәні: кеден ісінің жалпы мәселелері, кедендік бақылау процедурасының нақты фактілері 
мен жағдайлары. Кедендік сараптаманың түрлері: 
Мақсаттары бойынша: 

соттық (процессуалды мінездемеге ие болады). Сот сараптамасы – адамның денесі мен психикалық жағдайына 
және өзге де материалдық объектілерге, сондай-ақ қылмыстық, азаматтық, әкімшілік процестерде материалдарға 
зерттеулер жүргізуден және шешілуі арнайы ғылыми білімді талап ететін мәселелер бойынша сот сарапшысының не сот 
сарапшылары комиссиясының қорытынды беруінен тұратын іс жүргізу iс-әрекеті; 

соттық емес (ведомстволық). Түрлі мемлекеттік органдармен жүргізіледі. 
Кедендік сараптама өзінің тағайындалуы мен қолданылуына даму тенденциясымен жауап беретіндей қазіргі 
заманғы жаңа атауына Қазақстан Республикасының кеден кодексі қабылданғаннан бастап ие болды. Дегенмен де, заң 
қойған мәселелерді шешу үшін бұл жеткілікті ме және кедендік сараптама айрықша кешенді ұғым болып табылады ма 
немесе сараптаманың жеке, кешенді түріне құқы бар ма деген сұрақтар қоямыз. 
Кедендік сараптаманың мақсаттарын баяндау, менің көзқарасым бойынша сараптаманың мүмкіндіктерін 
азғантай шектейді. Мысалы, тауарлардың тек сапалық құрамын анықтау, олардың кодын СЭҚ ТН-на сәйкес дұрыс 
анықтау. 
Құралдық (инструментарлық) әдіс техникалық құралдар көрсеткіштеріне негізделген, олардың көмегімен 
материалдардың физикалық-химиялық қсиеттері мен түрлі белгілері (диагностикалық, идентификациялық) анықталады. 


232 
Табылған белгісіне қарай сәйкесті әдістеме және аппаратура қолданылады. Құралдық (инструментарлық) әдістердің 
сезімталдығы, дәлдігі және сенімділігі органолептикалық және есептеу әдістеріне қарағанда көп жоғары. Кедендік 
тәжірибеде төмендегі әдістер көптеп қолданылады: 
поляризациялық – оптикалық; 
химиялық; 
спектральдық; 
индуцирленген сәулелендіру қолдану әдістері;
сәулелендіру әдістері (рентгеноспектральды талдау); 
хромотографиялық; 
электрондық – микроскопиялық; 
рентгенді-фазалық; 
хромотомасс – спектрометриялық;
атомдық – абсорбциондық;
Сараптамалық әдісте сарапшылар тауарларды тексеру барысында сапалық белгілер номенклатурасы мен 
олардың баллдық мәнділігін өздері қояды. Бірақ, бұл тәсілді сарапшылар тауарда сәйкесті ешқандай бұзулар болмаған 
жағдайда ғана қолдана алады.
2003 жылғы 14 мамырдағы Кеден зертханаларында кедендік сараптама жүргізудің ережесін, Тауарлардың 
сынамалары мен үлгілерін іріктеудің ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігінің 
N 205 бұйрығы қабылданды. Аталған бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 21 мамырда 
тіркелді. Тіркеу N 2296. 
Осы Ереже Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң 58-тарауына сәйкес әзiрлендi және кеден зертханаларында, 
сондай-ақ Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi басқармалары мен кедендерiнiң кедендiк 
сараптамалар және зерттеулер бөлiмдерi мен қызметтерiнде (бұдан әрi - кеден зертханалары) кедендiк сараптама 
жүргiзудiң тәртiбiн белгiлейдi, сондай-ақ кедендiк сараптама жүргiзу процесiне қатысушы тұлғалардың қызметiн 
реттейдi. 
Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлардың сапалы құрамын анықтау үшiн, 
олардың Сыртқы экономикалық қызметтiң тауарлық номенклатурасына сәйкес дұрыс жiктелу үшiн зерттеулер жүргiзу 
кедендiк сараптаманың мақсаты болып табылады. 
Тауарлар, кедендiк және өзге де құжаттардағы тауарлар туралы мәлiметтер, бiрегейлендiру белгілерi кедендiк 
сараптамалардың объектiлерi болып табылады. 
Сараптама жүргiзу үшiн: 
кеден органдарынан материалдарды кедендiк ресiмдеу мен кедендiк бақылау немесе белгiленген нысанда (1-
қосымша) жасалған алдын ала бiлiктiлiк шешiмiн қабылдау кезеңiнде сараптамаға жiберуге арналған жолдама (бұдан әрi 

жолдама); 
кеден және басқа мемлекеттiк органдардың кеден iсi саласындағы құқық бұзушылықтар анықталған кездегi 
белгiленген нысан бойынша жасалған (2-қосымша) кедендiк сараптама тағайындау туралы қаулысы (бұдан әрi - қаулы). 
Жолдама, қаулы мынадай деректер көрсетiле отырып ресiмделедi: 
сараптама жүргiзуге арналған негiздеме; 
кедендiк сараптама жүргiзулерге тиiс болатын, кеден зертханасының атауы; 
сараптама тағайындау үшiн негiздеме (оның қажеттiлiгi келiсiлетiн жағдаяттар мен фактiлер); 
сарапшының алдына қойылатын мәселелер; 
сарапшының қарауына ұсынылатын материалдар; 
сараптама тағайындаушы адамның лауазымы, тегi және аты-жөнi. 
Жолдамалар, қаулылар, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың өтiнiштерi журналға тiркеледi (4-
қосымша). 
Тауарларға сараптаманы кеден зертханалары ҚР КБА бөлген қаражаттың есебiнен жүргiзедi. Сараптама СЭҚ-қа 
қатысушылардың өтiнiшi бойынша жүргiзiлген кезде төлем Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық 
актiлерге сәйкес жүргiзiледi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   292




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет