260
Қайнайды қаның!
Ашиды жаның
Мінездерін көргенде.
«Жігерленсілкін!
Қайраттан беркін» — деп
Насихат бергенде.
Ұятсыз,
арсыз салтынан,
Қалғып кетер артынан.
Бұл өлең жолдарынан данышпан өмір сүрген қоғамның реалистік ақиқатын, ақын жанының елінен ашынғаннан
шыққан жан-айқайын көре аламыз. Өркениеттен бөлініп, санасы тар қоғам қалыптастырып, сол қоғамнан әсте
шықпайтын надан, ойсыз, ескішіл халқын көрген ұлы ойшыл қаны қайнап, ашына түседі. Көп арасында білімді,
ақылды болғаннан не пайда, тіліңді ұғар, сөзіңді алар өзің сүрген заманда бірде- бір адам болмаса. Данышпан өмір
сүрген заман да осындай еді. «Болмасқа болып,
қара тер, қорлықпен өткен қу өмір» деп ойшыл, өзінің осы уақытқа
дейін ұлттын білімге, ғылымға,өркениетке шақырғаннан түк өндірмегенін, болмайтын, осы уақытқа дейін халқы үшін
шыққан жан-айқайының нәтижесіз аяқталғанына күйінеді, өмірің бос өткеніне налиды.Әрине, ақын еңбегі ақталмады
деп айта алмаймыз, Абай өлеңдері, қара сөздері бүгінгі қазақ баласының кәдесіне жарауда, жеке пікірің қалыптасуында
ерекше рөл атқаруда, бүгінгі қазақтың сана көкжиегін кеңейтуде.
Жартасқабардым,
Күндеайқайсалдым,
Оданшықты, жаңғырық.
Есітіп үнін, білсем деп жөнін,Көп іздедім қаңғырып,
Баяғы жартас, солжартас.
Қаңқ етер түкті байқамас, деп, өзінің көп наданның арасында жалғыз қалғандығын, сөзін ұқпайтын ұлт
ортасында дүниеге келгеніне күйінеді.
Адам бірбоқ,
көтергені боқтың қабы,
Боқтан сасық боларсың, өлсең дағы.
«Менімен сен теңбедің» деп мақтанасың,
Білімсіздік белгісі, ол баяғы — деген ақынның өлең жолдарынан көптеген ой түюге болады. Алла тағала адам
баласын бір тамшы ұрықтан жаратты, сосын анасының жатырынаорналастырды. Адам баласы осындай әлсіздікте
жаратылды. Құдай тағаланың бұлай жаратуының өзінде де үлкен ғибрат бар.
Абай Құнанбаевтың жоғарыдаайтылған бұл өлең шумағы өзін өзгелерден биік санайтын, тәкәппар, мақтанды
сүйетіннадан адамдарға арналған. Абай «адам бір боқ, көтергені боқтың қабы» дей келе адамның,
қорек сақтайтын
боққарынымен, өмір бойы нәжіс көтеріп өтетінін айта келе, өзін басқалардан жоғары ұстайтын ойсыздардың есіне
барлық адамзатың тең хәлде жаратылып, тең хәлде өлетінін түсіреді.
Кеше бала ең, келдің ғой талай жасқа,
Кез жетті бір қалыпта тұра алмасқа.
Адамды сүй, Алланың хикметінсез,
Дүниеде не қызық бар одан басқа-деп ғасыр ойшылы, бұл дүниенің өткінші екенін,
адамның мәңгібақи осы
қалыпта, осы күйде өмір сүрмейтіндігін, ақиқаттың, Алланың хикметін, ескетуінерте сезіп, барлық адам баласын
бірдей бауыр көру керек екенін айтады.
Адам ғапыл дүние дер менікі,
Менікі деп жүргеннің бәрі оныкі.
Тәнқалып, малда қалып, жанкеткенде
Сонда ойла, болады не сенікі- деп данышпан Абай, адам қанша есеп-қисапсыз дүниені, мал-мүлікті менікі деп
жиғанмен, ертең құдайдан уаһи келгенде екі метр ақматадан басқа бірде-бір затты арқалап әкете алмайтындығын, өзі
бергер Алланың, түбінде, өзі алатынын осы өлең шумағында қысқашаайтады. Әрине, бұл ақиқатты ақын замандастары
да, ақынға дейінгі ғұмыр кешкен күллі адамзатта білді, бірақ мойындағысы келмеді.
Абайдың сонымен қатар «Сегізаяқ» өлеңінен де көптеген философиялық ойлар табуғаболады.
Абай сегізаяқ
өлеңін Абай заманындағынадан, билікқұмар, еріншек қазақтардың сипатын көруге болады. «Ұятсыз, арсыз салтынан,
қалғып кетер артынан» деген өлең жолдарында, кім болса соның соңынан еріп кететін, өзіндік пікірі жоқ, тұлға болып
қалыптаспаған, надандардың ақымақтығын ашына сипаттайды. «Тасысаөсек, ысқыртса кесек, құмардан әбден
шыққаны» деп ұлы данышпан, қазақ халқының, қазақ ұлттының ғана емес барлық адамдардың
бойына кесел болып
жабысқан өсекшілдік дертінен арылмаған, таңынға батпен атырып, жаламен батыр атын өсекшіл құдай пенделерін
сынап, оларға қарсы өкпесін ашық білдіреді. «Болмасын кекшіл, болсайшы көпшіл, жан аямай кәсіпқыл» дей келе
ғасыр ойшылы кекшіл болмай, көпшіл болуға шақырып, еріншектікті жеңіп кәсіп етуге шақырады. Ақынның осы құнды
өлеңде көтерген тағы бәр мәселесін — «Тамағы тоқтық,
жұмысы жоқтық, аздырар адам баласын» деген өлең
жолдарынан байқауға болады. Я шынымен де, адамдардың аштығына немес, тоқтығынан қорқу керек. Бұл өлең
жолдары қазіргі заманмен де тығыз байланысты. Бүгінгі таңда жұмысыжоқ, әке-шешесінің, туыс,бауырдың бойына
масыл болып жүрген қасиетсіз адамдара аз емес. Әрине, тоқ адамның бәрі қасиетсіз емес, адамгершілігін жоғалпаған
адамдар да бар. Бірақ, олар сүттің қаймақ тәріздес, тым аз. «Өтірік ұрлық, үкімет зорлық, құрысын көзің ашылмас»
деп Абай атамыз өтірік пен ұрлықтың екі дүниеде де қорқылатын қасиет екенін айтады. «Егіннің ебін, сауданың тегін,
үйреніп, ойлап мал ізде» деген ұйқасты өлең жолдарынан қай іспен шұғылданса да, мал табу керектігін айтады. Сол
малды ғылымға жұмса дейді ғұлама ойшыл. Бұл идея бүгінгі жастардың
санасынының дұрыс қалыптасып, ғылыми
көзқарастың қалыптасуына ықпалы зор.
Достарыңызбен бөлісу: