Ғылымдар бойынша ХХV республикалық студенттік ғылыми конференциясының



Pdf көрінісі
бет64/292
Дата06.12.2022
өлшемі5.25 Mb.
#466590
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   292
ЖТ ЮМ сборник

Литература 
1. 
Арнхейм Р. Искусство и визуальное восприятие. — М. : АрхитектураС, 2007. — 392 с.
2. 
Дзембак Н. М. Конструирование жаккардовых тканей : учеб.пособие: — СПб. : СПГХПА им. А. Л. Штиглица, 2018. 
— 
104 с.
3. 
Михайлова Л. В. Цветы в художественном текстиле : (от природных форм к орнаментальным композициям и 
текстильным изделиям) : учеб.пособие. — СПб. ; М. : Речь, 2015. — 303 с.
4. 
Цветкова Н. Н. Искусство ручного ткачества : учеб.пособие. — СПб. : СПбКО, 2014. — 216 с.
5. 
Устин В. Б. Композиция в дизайне : методические основы композиционно-художественного формообразования в 
дизайнерском творчестве : учеб.пособие. — М. :Астрель, 2007. — 139 с. 
ӘОЖ 541.18 
“ЕЛДІКТІҢ ЖЕТІ ТҰҒЫРЫ” - КЕМЕЛ КЕЛЕШЕКТІҢ ШАМШЫРАҒЫ 
Момынхан Ж. – ЖТ-20-3к1 тобының студенті 
Бердібеков С.А. - жетекші заң ғылымдары магистрі 
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Шымкент, Қазақстан 
Жастар - қоғамның қозғаушы күші. Бүгінгі жас ұрпақ бәсекеге қабілетті, озық ойлы болса, елдің келешегі кемел 
болары сөзсіз. Еншімізді алып, егемен ел атанғалы жастарға айрықша көңіл бөлініп келеді. Білімін жетілдіруге, тәжірибе 
алмасуға баса назар аударылуда. Ел көріп, жер танимын деген талапты жастарға жасалған мүмкіндіктер де толағай теңіз. 
Әрине, осыншама қыруар істің артында ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаев тұр. Ұлт көшбасшысы жақында 
“Елдіктің жеті тұғыры” атты қағидаттар жиынтығын ұсынды. Күн сайын құбылып, сәт сайын өзгеріп отырған қоғамда 
заман адамына қажет тұғырларды талдап, түсіндіріп те берді. Мен де түйгеніме тоқталайын...«Елдіктің жеті тұғыры» 
атты қағидаттар жиынтығында «Жер – ата-баба мұрасы, халық қазынасы» деген Елбасы оны болашақ ұрпаққа мирас ету 
– 
ортақ борышымыз екенін баса айтқан болатын.Осы орайда «Мәңгілік ел» мұратын тұрлаулы етудің жеті тұғырын 
есімізге салды. Олар: тәуелсіздік, бірлік пен келісім, қасиетті жер, отбасы мен салт-дәстүр, ұлт мәдениеті, білім мен 
еңбек, прагматизм. Елбасы мұны «Елдіктің жеті тұғыры» деп атады. Әлбетте, бұл тұғырды тиянақтау мен тұлғаландыру 
– 
жаңа буынға аманат. Түптеп келгенде, бұл – тоғыз миллионның елшілдігі мен кәсібилігін анықтайтын көрсеткіш 
болып бекитіні сөзсіз. Осы жолда білім және ғылым саласының алдында зор мемлекеттік және қоғамдық міндеттер тұр. 
Мұны кезең-кезеңмен, жүйесімен орындауда намысты, жауапты азаматтар аянып қалмайды деп ойлаймыз.Елбасы 
«табыстың кілті үздіксіз білім алу мен тынымсыз еңбек ету» екенін үнемі айтып келеді. Жалпы алғанда санамалап өткен 
бұл құндылықтар әрбір жастың жетістікке жету, қоғамға пайдалы адам болып, өнім беру жолындағы басты 
қағидаларына айналуы тиіс. Қағидаттар жиынтығын қоғамдағы ауызбіршілікті нығайтып, тұрақты даму үшін ауадай 
қажет .Қазақстанның ертеңгі келбеті қандай болатыны бүгінде әрбіріміздің отбасымызда тәрбиеленіп жатқан ұл-
қыздарымызға байланысты .Қазіргі заман өлшемімен алғанда азаматтық қоғамы ілгерілемеген елдің заман талабына, 
уақыт сұранысына сай дамуы қиын. Азат күннің алтын қазығы аста-төк қазба байлығы емес, азаматтық қоғам 
қалыптастыру екенін түйсінер кез келді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   292




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет