Ғылымдар бойынша ХХV республикалық студенттік ғылыми конференциясының



Pdf көрінісі
бет72/292
Дата06.12.2022
өлшемі5.25 Mb.
#466590
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   292
ЖТ ЮМ сборник

Әдебиеттер 
1. 
Рысқұлова Б.Р., Құтжанова А.Ж. Тігін өндірісінің материалтануы. Оқулық.-Алматы: 2011.,320б. 
2. 
Баданов К.И. Текстиль материалдарын өңдеу технологиясының физико- химиялық негіздері. Оқу құралы. -Тараз: 
Тараз университеті, 2009.,243б. 


81 
ӘОЖ 677.21 
БЫЛҒАРЫ,ҮЛБІР ӨНДІРІСІНДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР. 
 
Өскенбаева А.А. - ЖТ-20-4к2 тобының студенті 
Бектурсунова А.К. - аға оқытушы, Ботабаев Н.Е. - PhD доктор, доцент 
 
Қазіргі уақытта үлбірлік қой терісінен жасалған бұйымдардың ассортименті өте алуан түрлі. Үлбірлік қой 
терілерін дәстүрлі киім, аяқ киім және бас киімдер дайындаудан басқа кілем, көрпе, жаңа туылған нәрестелерге арналған 
жинақтар, автомобиль орындықтарына арналған чехол және ауыр науқас адамдар үшін төсек-орын жабдықтары сияқты 
тұрмыстық мақсаттағы бұйымдарға да пайдаланады. Соңғы бұйымды экологиялық бағдарланған мақсаттағы 
материалдарға, сондай-ақ тұрмыстық үлбір бұйымдарға кіретін тауарлар тобына жатқызуға болады. «Экологиялық 
бағдарланған» терминін Германия, Австралия және Жаңа Зеландияның емдеу мекемелерінде үлбірлік қой терілерін 
пайдалануының және ауыр науқас адамдарда жауыржара, ойықжараның дамуының болдырмауына өте тиімді ықпал 
етуінің арқасында алды. Соңғы уақытта осы мақсаттар үшін стационарлық мекемелерде қазіргі заманғы және қымбат 
жабдықтар негізінде, мысалы, массаж жасайтын құрылғылармен жабдықталғанмен, науқастың жағдайын жақсарту үшін 
экологиялық бағдарланған үлбірлік қой терісін пайдалану әлі де өзекті. 
Үлпек-үлбірлік және тондық қой терілері бұйымдарының барлық ассортиментін арнайы мақсаттылығына
жынысының-жасының белгісіне, бұйым түрлеріне, фасонына, өлшемі мен бойына қарай бөледі. Бұл ретте барлық 
бұйымдарды дәстүрлі (бұл бұйымдар үшін үлбір бұрыннан және кеңінен пайдаланылады) және дәстүрлі емес (ол үшін 
үлбір материал ретінде сирек пайдалынады немесе тек енді ғана пайдалына бастады) деп бөлуге болады[1]. 
Тұрмыстық мақсаттағы үлбірлік бұйымдардың тауарлары тобына кілемдер, автомобильдердің орындықтарының 
жапқыштары, одеялалар, пледтер, жатын қаптары, жаңа туған нәрестелерге арналған жинақтар, жатқан науқастар үшін 
төсек-орын жиынтықтары жатады. Бұл бұйымдардың кейбірі медициналыққа жатады. Осы бұйымдарды бір тауарлық 
топқа біріктіретін факторлардың болуына қарамастан, осы тақырыпқа сәйкес қолда бар әдеби деректер, оларды бірнеше 
бөлімдерге бөліп қарастыруға мүмкіндік беретіндей кейбір айырмашылықтары да кездеседі. Барлық үлбірлік 
бұйымдардың, әсіресе үй шаруасы үшін пайдаланылатын, ең басты біріктіруші факторы табиғи үлбірдің адам 
денсаулығы үшін пайдасы болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   292




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет