Ғылыми-білім беру консорциумы аясында Белорусь Республикасының тілі мен мәдениеті Орталығының салтанатты ашылуы



Дата09.07.2016
өлшемі13.89 Kb.
#187455
Л.Н.Гумилев атындағы

Еуразия ұлттық университетінің

баспасөз-орталығы


Баспасөз хабарламасы
Ғылыми-білім беру консорциумы аясында Белорусь Республикасының тілі мен мәдениеті Орталығының салтанатты ашылуы
2012 жыл 9 қараша күні сағат 16-00-де Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде  Беларусь Республикасы мен Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары арасындағы Ғылыми-білім беру консорциумының қызметін үйлестіру жөніндегі жұмыс тобының II отырысы өтеді. Аталмыш іс-шарада Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Мұрат Орынханов және Белоруссия Республикасы Білім беру министрінің бірінші орынбасары Александр Жук мырзаның қатысуымен Белорусь Республикасының тілі мен мәдениеті Орталығының салтанатты ашылуы өтеді.

Белорусь халқының рухани, мәдени мұрасын, тарихы мен әдебиетін, мәдени құндылықтарын дәріптейтін орталық, Қазақстан және Белорус студенттерінің ғылыми шығармашылықтарын дамытуға, халықаралық қатынастарды нығайтуға септігін тигізетіні анық.

Еске сала кетейік, 2012 жылдың 18 мамыры күні Белоруссия және Қазақстан Республикасының президенттерінің кезекті кездесуі барысында екі ел арасындағы ғылыми және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың қарқынды дамуы аталып, Минск қаласындағы жетекші жоғары оқу орындарының бірі Беларусь Ұлттық техникалық университетінде «Абай» атындағы қазақ тілі, тарихы мен мәдениеті орталығы ашылды.

Өткізу күні: 2012 жыл 9 қараша.сағ:16.00

259 аудитория



Өткізу орны: Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Ұйымдастырушылар:Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ

Байланыс үшін: Баспасөз-орталығының жетекшісі
Еркежан Садвакасова, +7-701-366-35-99
журналист-координатор Әсел Сарсенбинова,

+7-701-742-88-24



e-mail: presscenter@enu.kz

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет