Ғылыми жетекші: Жексенова Б. О



бет3/7
Дата25.03.2022
өлшемі50.48 Kb.
#456466
1   2   3   4   5   6   7
Айзада курсовой (1)

Зерттеу құрылымы: Кіріспеден, екі тараудан және қорытынды мен пайдаланылған тізімнен тұрады.

5
I тарау. Оқытудың білімділік, тәрбиелік және дамытушылық функциясының сипаты.



    1. Дамыта оқыту технологиясының мәні мен маңызы.

Оқыту процесін бақылау дегеніміз бір жағынан, мұғалімдер мен мектептердің жұмыстарын тексерудің ресми–әкімшілік тәртібі, екінші жағынан мұғалімнің оқушылардың білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын жүйелі бақылауы.


Оқыту процесінің жеке компоненттері ретінде білімділік, тәрбиелік және дамытушылық функциялары қызмет атқарады. Білімді, іскерлікті және дағдыны тексерудің білімділік және дамытушылық функцияларының мәні оқушылар басқалардың жауаптарын тыңдай отырып, жаңа деректер алып қана қоймай олардың өздері де сұрақ қоюға қатысады, сол арқылы оқу материалдарын қайталай отырып, белсенді ойлау әрекеттерін іске асырады. Мұғалімнің оқушы жауаптарын толықтыруы, қосымша талдаулары да білімділік бақылаудың функциясын іске асыруға жағдай жасайды.
Бақылаудың тәрбиелік функциясы – оқушыларды жүйелі жұмысқа үйретуі, оларды тәртіптілік және жігерге тәрбиелеу. Бақылаудың жүйелігі оқушыларда өз жұмыстарына деген жауапкершілікті қалыптастырады. Сонымен қатар, бақылау оқушыларға өз білімдерін бағалауға, өзінің қабілетін анықтауға және өзінің оқу іс-әрекетін түзетуіне мүміндік береді. Бақылаудың негізгі функцияларының бірі – ынталандыру функциясы. Оқушылардың жақсы баға алуға ұмтылуы немесе төмен баға алудан қорқуы, мұғалімнен мақтау естуі, бақылаудың аталған функциясын іске асыруға мүмкіндік береді.
Дамыта оқыту – дамытушылық сипаттағы оқыту, себебі оқушы бір ұғымды немесе құбылысты түсіну кезінде ғана ойлана бастайды. Ал дамыта оқыту барысында мұғалімге қойылатын талап – мұндай мұқтаждықты қалай және қашан пайдалануды анықтау. Дамыта оқыту кезінде білім мен іскерліктің бірнеше бөлігін оқыту өздігінен танымдық қиындықтарды жеңе отырып игереді. Дамыта оқыту мен дәстүрлі оқытудың арасындағы айырмашылықты оқу процесін ұйымдастыру мен принциптерінен де байқауға болады.дамыта оқытудың мақсаты – білімді ғылыми тұрғыдан меңгеріп ғана қоймай ,сонымен қатар оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін дамыту болып саналады. Оны ұйымдастыру негізінен оқушының ізденімпаздылық және де танымдық оқу қызметін құрайды. Дамыта оқыту арқылы оқушының жан – жақты белсенділігін арттырудың мәні-ғылымның дайын тұжырымдамаларын жай ғана меңгеріп алу ғана емес, жаңа білімдер мен ақыл – ой қызметінің тәсілдерін меңгеріп және оның танымдылығын белсенді ету болып табылады.

6
Яғни дамыта оқыту мұғалімнің белгілі бір әрекеттерін талап етеді. Бұл әрекеттер оқушылардың жаңа ұғымның мәнін ашуды жан – жақты іздестірумен сипатталатын танымдық әрекеттерді тудырып отырады.


Оқу процесінде сабақтың мазмұнынан туындамаған мәселелерді қою сабақта оқып үйрететін материалды саналы меңгеру мақсатымен белгілі бір бағыты бар танымды ізденуге мүмкіндік бермейді. Сөйтіп, дамыта оқыту оқу процесін жетілдірудегі басты бағаттардың бірі болатыны белгілі , өйткені ол оқушылардың танымдық іс – әрекеттерінің мақсатқа бағытталуын қамтамасыз етеді, олардың оқу жұмыстарына шығармашылық сипат бере отырып,оқушылардың интеллектісін дамытуда сондай – ақ оқытудың нәтижелі болуы үшін жағдай жасайды. Дамыта оқытудың осы мүмкіндіктерін толықтай іске асыру үшін ,оның іс жүзінде жүзеге асыруда кездесетін кемшіліктерін кемшіліктерін жоя білген жөн.
Дамыта оқытудың Д.Б.Эльконин және В.В.Давыдов жасаған жүйесінің көздеген мақсаттарына жету тек оқушылардың өз белсенділіктеріне байланысты. Дамыта оқытудың әдіс – тәсілдері де осыған орай оқушылардың оқу белсенділігін ұйымдастыру мен қолдап, көмек беруді көздейді.
Дамыта оқытудың Л.В.Занков жасған жүйесінің негізгі ерекшеліктеріне тоқталып өтсек, бұл жүйенің дәстүрлі оқытудан төмендегідей ерекшеліктерімен айырмашылықтарымен айқындалады:
- оқыту мазмұнындағы өзгешеліктер;
- мақсаттағы айырмашылықтар;
- дидактикалық принціптердегі өзгешеліктер;
- әдіс – тәсілдердегі ерекшеліктер;
- оқытуды өзгеше ұйымдастыру;
- мұғалімнің еңбегін анықтайтын жаңа көрсеткіштері;
- мұғалім мен оқушы арасындағы жаңашыл қарым- қатынастар.
Дамыта оқыту сабақтарында жаңа материалды талдауға зор көңіл аударылады. Себебі талданбаған шығарма оқушы жүрегіне жетпейді деп есептейді. Яғни талдау ол бірлескен ізденіс.Ізденіс барысында мұғалім әр оқушының көңіл – күйін, ой – пікірін бақылауға мүмкіндік алады. Интеллект деңгейін анықтай алады. Мысал ретінде алатын болсақ сабақта материалды талдау арқылы шығарманың айтар ойы, идеясы оқушы жүрегіне жол тауып,талдау жасау арқылы ар-ұят, қайырымдылық, адамгершілік сияқты жағымды қасиеттер мен мінез-құлықтарды бойына сіңіре алады. Л.В.Занковтың жасаған дамыта оқу жүйесінде оқушының біімін бағалауға улкен мән беріледі. Сабақ барысында бағаның көп қойылуы маңызды емес. Оқушылар барлықтапсырмаларды орындауға ынта білдіріп, зейін қойып, нәтижеге жетіп,

7
еңбегінің жемісін көруге дағдыландырады.


Дамыта оқыту жүйесінде мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас жаңа қағидаларға негізделеді. Олар өзара ынтымақтастық,өзара сыйластық,түсіністік сияқты қасиеттер.Оқушылар өз ойларын еркін сеніммен жеткізе алатындай негізгі ахуал болуы басты назарда ұсталынады. Ол үшін оқушылардың қателері түзетіліп, айтқан жауаптары мұқият тыңдалып,дұрыс пікірлері мақталып отырылады. Оқушымен қашанда пікірмен санасу көзқарасын құрметтеу оқушыға сенімділік беріп оның дамуына ықпалын тигізеді.
Қорытындылай келгенде, дамыта оқыту өзінің мән – мағынасына сәйкес оқытудың түрі болып саналады. Яғни оқушыларды алдында кездескен мәселелік сұрақтарға жауап іздеп жауабын дұрыс табға, ізденімпаздылыққа үйрету, бейімдеу. Дамыта оқыту оқушылардың ойлау қызметін оның танымдық қызығушылығы мен рухани қажеттіліктерін, оқу себептерінің заңдылықтарын ескеретін теория негізінде құрылады. Мектептердегі оқу процесінде жаң технологияларды пайдалану оқушылардың ойлауы мен шығармашылыққа жету жолында маңызды рөл атқарады.

8


    1. Ағылшын тілі сабағында оқушыларды дамыту мақсатында ойын технологиясын қолдану.

Адамзат баласының өз ұрпағын оқыту мен тәрбиелеудегі ең озық және тиімді әдістерін тәжірибелерін жалғастырып тың жаңалықтар іздеу,классикалық педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту қашанда жалғасын табады. Қазіргі таңда жеке тұлғаны қалыптастыру оқушының өзі арқылы, оның іс – әрекетін ұйымдастыру арқылы ойлау дағдыларын дамыта отырып жүзеге асырылады. Білім жолы –қиында қастерлі жол. Болашақ жастарды оқыту ,тәрбие беру ,қазіргі өмір ағымына сәйкес бейімдеу мұғалімнің алдында тұрған ең басты міндеттердің бірі болып саналады. Қазіргі заманғы білім беру жүйесі оқытудың инновациялық нысандары мен әдістерін енгізу педагог мамандардың тұлғасына, кәсіби құзіреттілігіне жоғары талаптар қоюда.Кәсіби құзыреттілік – жеке тұлғаның кәсіби іс – әрекетті атқаруға теориялық және практикалық әзірлігімен қабілеттілігінің бірлігі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 29 қаңтар 2011 жылы Қазақстан халқына жолдауында «Мен қазіргі заманғы қазақстандықтар үшін үш тілді білуді әркімнің дербес табыстылығының міндетті шарты екенін айтып келемін. Сондықтан 2020 жылға қарай ағылшын тілін білетін тұрғындар саны кемінде 20 пайызды құрауы тиіс деп есептеймін» - деді.
Олай болса, оқушыны ағылшын пәніне қызығушылғын тудырып дамытуды және жемістің нәтижесін көруді мақсат тұтқан әрбір мұғалім жолдауға жедел үн қосу керек деп білемін. Шетел тілін үйрету қиын да, қызықты жұмыс. Қазіргі кезде ұстаздара қойылып отырған талап жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып сапалы терең білім беру, оқушылардың ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін жетілдіру. Мектептерде жаңа технологиялармен оқыту шет тілін үйренудің сапасы мен маңызын арттырады. Шет тілін оқыту процесінде тілді дұрыс үйрету, ауызша сөйлеу, сауатты жазу, мәнерлеп оқыту маңызды орын алады. Шет тілін оқытудағы білімділік мақсаты – шетел тілінде сөйлетуді үйрету, байланыста бола алу, ортақ тіл табысып, қарым – қатынасты нығайтуға ұмтылу болса, ал тәрбиелік мақсаты – өзге адамдарды тыңдау мәдениетін қалыптастыру негізінде өз пікірін айта алуға және де өзін – өзі қорғауға үйрету.
Жаңа ақпараттық технологиялармен қатар, өз сабағымда интербелсенді оқытуды пайдалана отырып, ойын әдіс – тәсілін қолданамыз. Ойын арқылы мұғалім алдына қойған мақсаттарына жетеді деп ойлаймын. Ойынға қатысушы оқушылар мұғалімдермен өзара тығыз қарым – қатынас жасай отырып, әрі өздерінің қабілеттерін тексеруге мүмкіндік туғызады, сонымен қатар ұйымдас-
9
тыру қабілеттерін арта отырып сабақ кезінде қуаныш сезімін оятады. Оқу үрдісінде ең тиімді ойндардың бірі мынындай түрлерге бөлінеді:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет