Ғылыми жетекші: Жексенова Б. О



бет4/7
Дата25.03.2022
өлшемі50.48 Kb.
#456466
1   2   3   4   5   6   7
Айзада курсовой (1)

Рөлдік ойындар;

  • Іскерлік ойындар;

  • Ісерлік оқу ойындары: саяхат ойындары және блиц ойындары;

  • Өндірістік ойындар.

    Рөлдік ойындар дегеніміз – интербелсенді әдістердің тиімді бір түрі болып табылады. Рөлдік ойындар өз ішінде екі түрге бөлінеді:

    1. Әрбір оқушы рөлде ойнайды.

    2. Оқушылардың шағын топтары рөлде ойнайды.

    Іскерлік оқу ойындарына келсек, мысалы, сабақ тақырыбы бойынша жазылған сценарийлерге қысқа жағдаяттар ойлап табу. Ал саяхат ойындарында оқушылар күнделік жүргізеді немесе достары мен туыстарына хат жазады. Блиц оқу ойындары туралы айтатын болсақ, олар шағын ойындар, оқушылардың нақты біліктіліктерімен дағдыларын дамытуға бағытталады. Оның мынандай түрлері болады: фотосуреттерді баяндау (отбасы мүшелерін, достарын, өз үйіңді, бөлмеңді), сұхбат алу (мерекелер тақырыбы бойынша), шындық детекторы(дұрыс,қате),т.б.Өндірістік ойындарда әлеуметтік және экономикалық маңызы бар күрделі мәселелерді шешеуге болады. Мысалы, «Қоршаған орта» немесе «Қоқысты қайта жіберуге болады» деген тақырыптарда. Мектептегі шетел тілін оқыту әдістемесі бойынша ойындарды екі түрге бөліп қарастыруға болады:

    1. дайындық;

    2. шығармашылық.

    Дайындық ойындарына: грамматикалық, лексикалық, фонетикалық,
    орфографиялық ойындар кіреді. Грамматикалық құрылымдарды есте сақтау қиындық тудырады және ол оқушыларды тез жалықтырып жібереді. Сол себептен ойын бұл тапсырманы жеңілдетеді. Мысалы затты тығып қойып, ағылшын тілінде Менің көзілдірігім қайда?, мынау не? деген сұрақтар қою арқылы және өз орнында есте сақтау қиындық тудырғандықтан ойындар ойнатқанды дұрыс деп санаймын. Мысалы, «домино», «бинго» ойындары және қызықты геометриялық фигураларды сызып қойып, оның әр бұрышына сандарды немесе әріптерді эстетикаға сай ретсіз жазып қою содан соң атап беру.
    Фонетикалық ойындар сөзді дұрыс айтуға бағытталған. Ал орфографиялық ойындардың мақсаты сөзді қатесіз жазу. Ойын барысында оқушылар 2 – 3 топқа бөлінеді. Бұл ойындарға дайындық қажет етпейді тек қана оқушыларды ойын шарттарымен таныстырамын. Бұл ойындарды шығармашылық ойындар қатарына қосуға болады. Сонымен қатар әр түрлі викториналар, жағдаяттар

    10
    барлығы дерлік дамыту ойындарына жатады.


    Мектептерде ағылшын тілін оқытудың негізгі элементтерінің бірі – сөздік жұмысын жүргізу. Бұл оқушылардың сөздік қорын байытуда ерекше орын алады. Оқушының сөздік қорын тексеру әдістеріне мынылар жатады:

    1. Әңгімелесу, әңгіме құрату – өзін қоршаған орта туралы үй іші, мектебі, сыныбы, ата-анасы, оқу құралдары, т.б.

    2. Оқушының күнделікті жиі пайдаланатын заттарын көрсету арқылы оны атату (киім – кешек, ыдыс – аяқ, үй жиһаздары) т.б.

    3. Сөзді түсініп айту дәрежесін тексеру ( таныс емес заттарды көрсету ) т.б.

    Сөздік жұмысын ұйымдастырудың басты қағидасы – оқушының лексикалық материалды белсенді түрде меңгеріп, сөйлеу тілінде оларды меңгеріп, сөйлеуде оларды белсенді түрде қолдана білуге үйрету негізінде қалыптастыруды жүзеге асырамын. Сөздік жұмысын ұйымдастырудың қағидаларын біліп жүру керек. Олар игерілуге, білуге қажетті сөздер. Ағылшын тіліндегі сөздерді оқушылар тек лексикалық түрде ғана меңгеріп қана қоймай лекика – грамматикалық бірлікте білу, үйрену жүзеге асырылуы керек. Мысалы, оқушылар оқы, кітап деген сөздерді жеке сөз ретінде меңгермей оларды оңай түсіну мақсатында сөз тіркесі ретінде біліп меңгергені дұрыс. Бұл сөздік жүргізудің бір қағидасы болып саналады. Мұғалім жан – жақты ізденісті қажет етеді. Орта мектептерде ағылшын тілін оқытудың басты мақсаты – коммуникативтік мақсат болуы қажет, яғни орта мектепті бітіруші түлек өзінің бағдарламада белгілеген көлемде оқыған ағылшын тілін қатынас құралы ретінде еркін меңгеруі тиісті. Яғни сөз әрекетінің негізгі түрлерін: монолог диалог түрінде сөйлеу, ауызша айтылған сөзді тыңдап, түсініп жазбаша мәтіндерді оқып, мәтіндегі ақпараттарды қабылдай білу іскерлігін меңгеруі тиісті.
    Ағылшын тілін оқытуда қолданылатын әдістердің ішінде ойын элементтері маңызды рөль атқарады. Оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда, жаңа сөздерді меңгеруде, ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыруда, білім деңгейін тексеруде ойын элементтерін пайдаланған дұрыс. Мұғалім ойындардың сабақ кезінде қолдануға ыңғайлы, өткізілуі жағынан қарапайым түрлерін таңдап алғаны жөн. Таңдап алынған ойындар оқушылардың жас ерекшеліктеріне, білім деңгейіне сай келуі керек. Сабақ барысында ойын элементтерін пайдалану үшін мұғалім ең алдымен жоспар құрып алуы керек. Жоспар әдістемелік тұрғыдан қарағанда мынандай шарттарға жауап беруі тиіс:

    • Ойынға бөлінетін уақыттың нақты белгіленуі ;

    • Ойын түрін анықтау;

    • Ойынға қажетті заттардың дайын болуы;

    • Ойында қолданылатын мақал – мәтелдердің, сөз тіркестерінің,

    11


    • тақпақтардың таңдалып алынуы.

    • Пысықталатын грамматикалық, лексикалық материалдардың анықталып алынуы;

    • Ойынның өту барысының жоспары жасалынуы.

    Сабақта қолданылатын ойындар алуан түрлі. Олар оқу ойындары және коммуникативтік ойындар болып екі түрге бөлінеді. Бұл ойын түрлерінің ағылшын тілі сабағында қолдану орны, мақсаты және де атқаратын қызметтері жағынан айырмашылықтары бар. Ағылшын тілін оқытудың бастапқы сатысында оқу және де коммуникативтік ойындарды қолдану оқушылардың білім және де білік дағдыларына байланысты шешіледі. Тілді жаңадан үйреніп жүрген оқушылар еркін қарым – қатынас жасап сөйлесе алмайды сол себепті де мұғалім тек қана коммуникативтік ойындарды ғана қолдана алады. Ойынды бастау барысында түсініктеме ана тілінде жүргізіледі.ойын егерде жарыс түрінде өткізілетін болса оқушылардың түгелі дерлік ойынға қатысады.Ойын элементтері оқушыларды жалықтырмай керісінше олардың қызығушылығын оятады.Ойын соңынан оқушылардың пікіріжәне де көзқарасы талданып, баға беріледі.Ойын арқылы оқушыларды белсенділікке, өз бетінше жұмыс істеуге және де қорытынды жасауға дағдыландыра аламыз. Бастапқы және де кейінгі этаптарда ағылышын тілін оқытудағы негізгі аспект ол ойын элементтерін тиімді түрде пайдалану болып табылады.Ойын арқылы оқушы қоғамдық тәжірибені меңгереді, сол себепті де әр сабақ барысында қандай ойын түрлерін ойнатуға болатынын сол сабақтың мақсатына және де жас ерекшеліктеріне сәйкес таңдауымыз тиіс. Ойындардың бес негізгі түрлері бар:



    1. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет