Ғылыми жетекші: Жексенова Б. О


Тәрбие – екі жақты процесс. Тәрбиеші



бет6/7
Дата25.03.2022
өлшемі50.48 Kb.
#456466
1   2   3   4   5   6   7
Айзада курсовой (1)

Тәрбиеекі жақты процесс. Тәрбиеші – тәрбие субьектісі болып табылады. Е.В.Бондаревскаяның пікірінше тәрбие мақсаты – тұтас мәдениет адамын қалыптастыру.
Мәдениет адамы дегеніміз - мәдениет тағдырында өз тағдырын өзі шешуге қабілетті, еркін адам. Мұның педагогикаылық аспектілері оқушыларда өзіндік сананың жоғары деңгейі, өз қасиетін бағалау мен өзін – өзі қадірлеу, өзгелердің пікірін құрметтей отыра, өз пікірінң еркіндігі сияқты қасиеттерден тұрады.
Мәдениет адамы – адамгершілік тұлға. Адамгершілікке тәрбиелеудің педагогикалық аспектілері тәрбие қарым – қатынасының барлық әдістерін және де барлық жүйесін ізгілендіруден тұрады.
Адамның заманауи жағдайлардағы өмір сүру қабілеті екі блоктан тұрады. Оған мінез – құлықтың меңгерілген алгоритмдерін және де өзгерген жағдайларға сәйкес өзгергіштігін, шығармашылыққа даярлығын көрсетуден тұрады.
Тәрбие мазмұны балалрдың дамуына қарай олардың тәжірибесімен, өмірлік және тәрбиелік жағдаяттармен толығады.
Қоғам дамуы процесінде тәрбие мазмұны өзгереді, алайда педагогика тәрбие субьектісі ретінде үнемі адамды қарастырады, ал тәрбие әсерә үемі оны жетілдіруге бағытталады. Бұл педагог тәрбиешілердің үнемі тұлғаның сапалы өсуіне және жетілуіне ықпал ететін санасын, психологиясын, құндылықты бағдарын, білімі мен қызметінің әдістерін өзгертуіне мүмкіндік беретін тәрбие феноменін түрлендіретін іс – әрекеті ретінде анықтауына негіз береді. Яғни барлық барлық білім процесін екі компонент ретінде көрсетуге болады. Олар:

19
оқыту және де тәрбиелеу. Тәрбиелік жүйе арқылы оқушыларды жан – жақты дамып, қалыптасуына ықпал ете аламыз.


20
2.2.Тұлғаны дамытудағы ағылшын тілінің маңызы.


Білім беру процесін екі компонент ретінде көрсетуге болады: оқыту және де тәрбиелеу. Өз кезегінде оқыту да, тәрбиелеу де белгілі бір аяқталған, құрастырылған процесті білдіреді. Оқыту және тәрбиелеу процесінің өзіндік ерекшеліктері мен ортақ қасиеттері бар.


Оқу процесі – бұл тек белгілі бір білім, білік және дағдыларды меңгеру ғана емес, оқушы тұлғасының жан – жақты дамуы мен қалыптасуы. Оқушылардың оқу прцесінде меңгерген білімі олардың дүниетанымының қалыптасуының негізін құрайды. Оқу процесіндегі тәрбиелік мәні – оқыту барысында оқушылардың білім, білік, дағдыларды меңгеруі мен оларды әлемге, бір – біріне, игерілетін оқу материалына эмоцианалды – құндылықты қатынас қалыптасуы барысында табиғи қатынас орнайтындығында. Пәнді оқыту процесінде тәрбие қызметін іске асыруда мұғалім ең алдымен мұғалім ең алдымен сабаққа тәрбие міндеттерін қоюы тиіс. Мұғалімдердің көпшілігіне осы кезең қиындық туғызады. Нақты нені және қалай тәрбиелеу керек?деген сұрақтар туындайды. Жеке оқушының және сыныптың тәрбие деңгейінің дигностикасы қажет, ол тәрбиенің проблемалық тұстарын бірден байқауға және тәрбиенің мақсаттарын мақсатты түрде құрылымдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар тұлға қасиеттерін сабақта оқушылармен бірге талқылауы тиісті. Ол оқушының процестен шеттелмегенін, мұғалімнің оған тәрбиеде көмектескісі келетінін және ең бастысы бұл өзіне қажет екенін түсіну үшін қажетті. Бұл жағдайда оқушылар өз іс – әрекеттерін ойлана талдайды, сонымен қатар мұғалім үшін сабақтың тәрбиелік міндеттерін түзетуге жеңіл болады.
Оқыту мен тәрбие процесінің ерекше өзгешеліктері – олардың өзара бірлігі, қайтымдылығы, себебі оқыту процесі тәрбие қзметі де болып саналады, сонымен бірге тәрбие процесі оқытумен тығыз байланысты. Оқытудың мазмұны – бұл қоршаған шынайылықтар туралы ғылыми түсініктер мен білімдер, ал тәрбие мазмұнында алдыңғы орынға нормалар, ережелер, идеалдар кіреді. Оқытуда негізінен сол уақыттарда сынып – сабақтық жүйесі қолданылса, ал тәрбие барынша түрлі сипаттағы еркін формаларды, қоғамдыық пайдалы еңбекті, спорттық, көркем өнер қызметін, мақсатты ұйымдасқан қарым–қатынасты, шамасына лайықты еңбек процесін қолдануды көздейді.
Тәрбиелік көзқарас тұрғысынан сабақты талдап көрсек. Сабақтың басталуы – бұл өте маңызды кезең, себебі осы кезеңде қажеттілік – мотвациялық аяға ықпал етіледі және көп жағдайда сабақтың ойдағыдай өтуі оның дұрыс, іскерлікпен ұйымдастырылуына байланысты. Сабақтың тәрбиелік
қуаты болуы үшін оны қалай ұйымдастыруымыз керек? Әр мұғалімінің сабақты

21
бастаудың түрлі әдіс – тәсілдері жеткілікті. Мысалы, профессор Г.Н. Волков сабақты қандайда бір тәрбиелік сипаттағы аңыз, ертегілер, мақал – мәтелдер, жұмбақтармен бастауды және бірте – бірте сабақ тақырыбына көшуді ұсынады.


Оқыту және тәрбие оқыту атқарымдағы педагогикалық жүйенің жүйеасты құрылым ретінде қарастырылуы мүмкін. Олардың қызметі ортақ, яғни олар: білім беру, тәрбиелеу, дамыту. Бірінші жағдайда - білім беру, екінші жағдайда - тәрбиелеу ісі басымдықта тұр.
Оқыту процесі атқарымдағы дидактикалық жүйе болып саналады. Онда педагогикалық жүйенің барлық компоненттері іске қосылған. Олардың әрқайсысы қарастыру заты болуы мүмкін, берілген жағдайда бұл оқыту құралдары. Тұтас педагогикалық процестегі барлық компоненттер бір – бірімен тығыз байланыста.
Тәрбие, білім беру, дамыту білім берудің тең құрамдастары болып саналады. Соңғы компонент дамыта оқыту процесінде білім алушылардың жаңа тұлғалық қасиеттері тәрбиеленеді. Білім беруді реформалауға және білім беру парадигмаларының алмасуына байланысты тәрбие проблемасы білім беру сатыларының барлық сатыларында ерекше өткір тұр.
Заман талабына сай ағылшын тілінің пән ретіндегі қажеттіліг артып келеді. Ағылшын тілін оқытудағы басты мақсат – оқушыларды шет тілінде қарым – қатынас жасауға дағдыландыру, шет тілін үйрете отырып, ана тілін құрметтей білетін, өзге тілді білуге құштар білімді адамзат тәрбиелеу.
Тіл – қарым – қатынас құралы. Тіл сөйлеу арқылы жүзеге асады, сөйлеу арқылы ғана дамып, өмір сүреді. Ендеше біз шет тілін оқыту туралы айтқанда, оны ең алдымен қатынас құралы ретінде оқимыз. Себебі ол жоғары динамикалы, жаһандану дәуірінде өмір сүру үрдісін, ойлау мен қарым – қатынасты түбегейлі өзгертетін, жетілдіретін байланыс құралы.
Қазіргі таңда ағылшын тілін көптеген елдер өздерінің екінші ана тілі ретінде қабыл алып, жаппай меңгеріп жатыр. Себеб, әлемде нанын тауып, бала – шағасын асырап , дәл осы ағылшын тілі арқылы күндерін көріп жатқан мемлекеттер жетерлік. Мәселен, көп ұлысты, көп құрамды Үндістан мемлекетін бірлестіріп отырған – ағылшын тілі. Ағылшын тілі жаһан бойынша 45 мемлекеттің ресми тілі. Ал 24 мемлекеттің халқы ағылшын тілін өз ана тілі ретінде жариялаған.
Ағылшын тілі бүгінгі күні орта мектептерде білі алып жатқан оқушылардың баолығымен тілдесуге мүмкіндік беріп отыр. «Адам өмірінің шегі бар, ал білімнің шегі жоқ», - деп атап өткен Елбасы оқушы жастарды ғұмыр бойы білімнің тұңғиығына терең үңілуге шақырады, әрі кез – келген ұстаз бен
ата – ан бүгінгі ұрпақтың үш тіл білуін шын жүректен қолдайды. Мемлекеттік

22
тіл – мемлекет құрушы ұлттық тіл, ал орыс тілін білу ұлы байлық. Ағылшын тілі ілгерілеушілік пен технологиялардың тілі болғандықтан біз оны үйренуге тиіспіз, - деді.


Қазіргі мектептерде оқытудың жаңа технологиялары қолданыла бастады. Себебі білімнің мазмұны мен оған қойлатын талаптар өзгеруде. Сондықтан мектеп оқушыларының белсенділігін арттыру, өзіне деген сенімділігін қалыптастыру, танымдық шығармашылық қабілетіндамыту олардың белсенділік – сенімділік сапаларын диагностикалық әдіс – тәсілдермен анықтауға сабақта, сабақтан тыс уақытта өз ойын еркін жеткізе білуге үйретуге, қоғамда болып жатқан оқиғаларға қатысты көзқарастарының болуын, инновациялық тәртіп нормаларын, белгілерін, көрсеткіштерін анықтауға көмегін береді.
Оқушының оқу дағдысын қалыптастыруда жалпы жазба тілі мен аузыекі сөйлеу тіліне тікелей байланысты. Шет тілін оқыту функционалды жүйеге сүйенеді. Сол себепті оқытып отырған тілдің сол ортадағы қолдану жағдайы мен шарттарын ескерген дұрыс. Шет тілін меңгерту үшін мейлінше тың жолдарды және дәстүрдегі әдістемелік құралдарды пайдаланған жөн. Мысалы, төменгі сатыдағы оқушыларды ағылшын тілін оқытуда алғашқы тоғыз апта бойы жүргізілетін ауызша кіріспе бөлімдерін жүргізген кезде оқушылардың қызығушылығы, таңырқау, еліктеу т.б. әдеттерін қолайлы пайдалануға, мақсатқа сай лайық бейімдеуге болады.
Ұстаз алдында тұрған бірінші шарт – өзі еркін білетін тілде дәріс беруі шарт. Екінші шарт – шәкірт түсінікті тілде сабақ алуы қажет. Демек, түсінікті тілде білім беру кәсіби біліктілікті қалыптастырудың қағидасы екенін әр кез басшылыққа алуымыз керек.
Жаңашылдық деген қызығушылық – басты ішкі талпыныс болп табылады. Оқушыда жаңа, өзі білмейтін іске деген қызығушылық басым болады. Ондай істер оқушының бар ақыл – ойын, ішкі күштерін жұмылдырады және ерекше қуат береді. Қызығушылықтың арқасында білімді де, әрі оны игеру де, жан – жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру да, тәрбиелеуде маңызды фактор саналады.
23
Зерттеу жұмысы

Мен зерттеу жұмысын №81 ЖББ орта мектебінде 8 – сыныптарға өткіздім. Зерттеу жұмысы ретінде сабақ өткізу барысында жасаған жоспарлардың біреуін, талдап көрсету мақсатында алдым. Зерттеу жұмысымның мақсаты: оқытудың білімділік, тәрбиелік, дамытушылық функциясының сипатын сабақ жоспарында қолданыста болғандығын көрсету. Мен 8 – сынып оқушыларына сабақ жүргізу барысында дәстүрлі сабақпен сабақ жүргізу керек болғанымен, қазіргі таңда технологияның және жаңашылдық заманы болғандықтан жоспарды жаңартылған бағдарлама негізінде жасадым. Бұл оқушыларды біртіндеп жаңа бағдарлама бойынша сабақ жүргізу барысына үйренуге, қалыптастырушы және жиынтық бағалаулардың мағыналарын түсінуге ықпал жасайды. Жаңартылған бағдарламаның мақсаты – оқушыларды баға үшін емес білім деңгейін көтеруге әсерін береді.Мұғалімдер жаңартылған бағдарламаның әдіс – тәсілдерін оқып үйренуде, ал оқушылар біртіндеп жаңартылған бағдарлама бойынша оқуға бейімделуде.


Жоспарда жасаған тақырып бойынша оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту. Және жоспарда тақырыптың тәрбиелік мәні, оқушыларды түрлі ойындар арқылы дамыту, білім деңгейлерін көтеріп,жаңа тақырыпты меңгеріп есте сақтап қалуына ықпал жасау.
Тәрбиелік көзқарас тұрғысынан сабақты талдап көрсек. Сабақтың басталуы – бұл өте маңызды кезең, себебі осы кезеңде қажеттілік – мотвациялық аяға ықпал етіледі және көп жағдайда сабақтың ойдағыдай өтуі оның дұрыс, іскерлікпен ұйымдастырылуына байланысты. Сабақтың тәрбиелік қуаты болуы үшін оны қалай ұйымдастыруымыз керек? Әр мұғалімінің сабақты бастаудың түрлі әдіс – тәсілдері жеткілікті. Мысалы, профессор Г.Н. Волков сабақты қандайда бір тәрбиелік сипаттағы аңыз, ертегілер, мақал – мәтелдер, жұмбақтармен бастауды және бірте – бірте сабақ тақырыбына көшуді ұсынады.
Оқыту және тәрбие оқыту атқарымдағы педагогикалық жүйенің жүйеасты құрылым ретінде қарастырылуы мүмкін. Олардың қызметі ортақ, яғни олар: білім беру, тәрбиелеу, дамыту. Бірінші жағдайда - білім беру, екінші жағдайда - тәрбиелеу ісі басымдықта тұр. Сол себепті де оқушылар санасына осы үш функцияның әсер етіп білімін дамыту басты мақсатдеп білемін.

24
Қорытынды


Тәрбие, білім беру жіне дамыту білім берудің тең құрамдас бөліктері болып саналады. Соның ішінде дамыту компонентіне назар аудару қажет. Ол алдыңғы екеуінің шегінде тұрып соларға тән сипаттарға ие болады, себебі дамыта оқыту процесінде білім алушылрдың жаңа тұлғалық қасиеттері тәрбиеленеді. Бұл шартты түрде бөлу, өйткені практикада білім беру салаларының барлығы өзара тығыз байланысты. Оқыту мен тәрбиенің ұйымдастыру, түрлері мен әдістерінің өзіндік ерекшеліктері болғандықтан, тәрбие мәнін, оның мағынасын, мақсаты мен міндеттерін біздің елдегі қазіргі әлеметтік – экономикалық түрленуі контекстнде түсіндіру үшін осы педагогикалық категорияны қарастыру қажет.


Мазмұны тиянақты білімді білім алушылардың санасына оларды тұтас қабылдау арқылы таратылған кезде ғана тәрбие құралы болады. Жүйелі білімді, олар арқылы – пікір, көзқарастар жүйесін қалыптастыруға ықпал ететін пәнаралық байланыстарды, кіріктірілген курстарды кеңінен қолдану керек. Түсінікті, белсенді түрде меңгерілген білім ғана тұлғаның жаңа қасиеттеріне ауысып, рефлексияға, бағалау пікіріне қозғау саалады.
Қорыта келгенде, ағылшын тілін үйретудегі мұғалімнің негізгі мақсаты – әр түрлі әдістерді пайдалана отырып оқушылардың тілін дамыту, сөйлеу, жазу іскерліктерін арттыру. Мұғалім өзінің тәжірибесі арқылы оқушылардың ағылшын тіліне деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын тудыруы қажет.
Нәтижесінде сабақтың сапасы артады. Бала өзін тұлға деп сезінеді. Бұл ағылшын тілін оқытудағы мұғалімнің жетістікке жеткені, еліміздің келешегін ойлағаны деп түсінемін.

25
Пайдаланылған әдебиеттер





  1. Ағылшын тілі мектепте . 2005ж.

  2. Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технология. Алматы., 2004ж.

  3. Тілдерді оқыту барысындағы танымдық қызығушылық қалыптастырудың дәстүрлі жолындағы проблемалар мен ізденістер. Ұлт тағылымы.Алматы., 2006ж.

  4. Юнусова К.А. Оқушыларға шет тілін үйрету барысында ана тілінің тілдік ерекшеліктерін пайдалану.2012ж., №6.

  5. Амандықова Г.Н., Ш.Е.Мұхтарова., Б.С.Бисенғалиева. Шет тілін оқыту әдістемесі. Астана., 2007ж.

  6. Алдамжарова Г.М., Ерболатова.А.М., Отарова А.Н. Ойын технологиясын пайдалана отырып, оқушылардың қызығушылығын арттыру.Алматы. 2005ж.

  7. Қыпшақова.Р. Жаңа технологияларды қолдана отырып, оқушылардың таным белсенділігін арттыру.Қазақстан мектептеріндегі шетел тілдері.2012ж №4.

  8. ҚР президенті Н.Ә.Назарбаевтың « Қазақстан 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. Қазақстан халқына жолдауы Егемен Қазақстан. 2012 жыл 15 желтоқсан.

  9. ҚР «Білім туралы »Заңы . Егемен Қазақстан.2007ж.

  10. Амандықова Г.Н., Ш.Е.Мұхтарова., Б.С.Бисенғалиева.Шет тілін оқыту әдістемесі.Астана.,2007ж.

26
Қосымша




Тәрбие – қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана – сезімін, жағымды мінез – құлқын дамытушы. Ересек буын қоғамдық – тарихи өмірде жинақталған тәжірибені, білімді жас буынға тәрбие процесі арқылы береді.
Педагогика баланы оқыту, тәрбиелеу тәжірибелерін қорытып, тәрбие және даму үшін қажетті жағдайларды анықтайды.
Қорыта айтқанда, тәрбие – қоғамның тарихи әлеуметтік – экономикалық жағдайларынан туатын обьективтік процесс.
Тәрбие процесінде бала өзінің дамуына қажетті жағдайларды пайдалануға тиіс. Табиғи және әлеуметтік орта оның көзқарасны дамытады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет