Эксперимент әдістері, мақсаты, міндеттері, өтілу барысы
Жоғарыда айтып кеткендей, мазасыздануды зерттеу мәселесі қазіргі өзгерісі көп, нарықтық қатынастар тұсындағы заманда өте өзекті.
Біздердің зерттеу жұмысымыздың мақсаты мен міндетгеріне сай, келесі эксперименталды зертгеу әдістемелері мен әдістері алыңды:
1.Жекелеген мазасыздануды өзін-өзі бағалау тестісі. (тұрақты сипаттама ретіңде). Бұл әдістеме авторы Ч.Д.Спилбергер, оны бейімдеген Ю.Л.Ханин.
Бұл берілген тест жекелеген мазасыздануды өзін-өзі бағалаудағы өте сенімді және ақпарат беретін тест. Бұл әдістің теориялық негізі болып келесі пікірлер табылады; өте жоғары жекелеген мазасыздану невротикалық кикілжің, психосоматикалық аурулардың болуына қатысты (корреляция) болады.
Берілген тест ситуациялық мазасыздануды 20 пікірден тұратын сұрақтар, ал қалған 20 пікір жекелеген мазасыздануды бағалауға мүмкіндік береді. Көптеген эксперименталды зерттеулерде бұл әдістеме өте жоғары сенімділік пен алынған нәтижелердің статистикалық мәңділігін көрсетті.
Зерттеу жұмысының өтiлу барысы
Әдістеме атауы: Ч.Д.Спилбергер мен Ю.Л.Ханиннің өзін-өзі бағалау диагностикасының әдістемесі.
Жабдықталуы: 20-20 пікірден тұратын сұрақтар бланкісі, қалам, өшіргіш.
Зерттеудін барысы: Зерттеуші ең алдымен оқушылардың зерттеу ісіне қаншалықты ынталары бар екендігін бақылайды. Зерттеу әр оқушымен жеке-дара немесе бүкіл топқа жүргізіледі. Зерттеу жұмысы келесі нұсқау көмегімен жүргізіледі: "Балалар, алдарыңыздағы бланкілерде бірқатар сұрақтар ЖМ = ∑2+35=21-25+35-31
Бірқалыпты мазасыздану болса, яғни сыныптағы көп баланың көрсеткіштері осындай болды.
Ал, Еселбаева Жадыра РМ= ∑2+50=21-19+50=52
ЖМ=∑1- ∑2+35=32-26+35=41
Осы жердегі ∑1+З+І+З+^+^+^+З+З
∑2=2+1+3+3+2+3+2+2+1
Ал Әбдрасыл Айгүл РМ=∑1- ∑2+50=32-26+50=52
ЖМ=∑1-∑2+35=32-20+35=47
Мұндағы, ∑1, ∑2 жоғарыдай анықталады.
Социометрия зерттеу әдісіне осы екі қыз ешқандай дауыс алмады. Бұлар жөнінде жолдас қыздары "қырсық, ешкіммен ойнамайды, ешнәрсені ұнатпайды", деген пікір айтгы.
2.Дж,Марено жасаған социометриялық зерттеулер әдісі.
"Социометрия" топтағы тұлғааралық қатынастарды өлшеу дегенді білдіреді.
Зерттеу жұмыстарына бұл зерттеудің енуі. Кеңес психолог-ғалымдары Е.С.Кузьмина, Я.Л.Коломинский, В.Я.Ядов, В.П.Волков есімдерімен тығыз байланысты. [56]
Социометриялық техника тұлғааралық катынастарды анықтай отырып оларды өзгерту жақсарту және жетілдіруге қолданылады. Социометрия көмегімен адамдардың топтық іс-әрекет жағдайындағы әлеуметтік мінез-кұлқын, нақты зерттелінушінің әлеуметтік статусы жөнінде мәлімет алуға болады.
Зерттеу жұмысының өтілу барысы.
Әдістеме атауы: Дж.Маренаның "Социометрия" әдісі.
Әдiстеменін мақсаты: Топтағы тұлғааралық қарым-қатынасты анықтау, топ мүшелерінің әрқайсысының әлеуметгік статусын ерекшелеу. Әдістемені жүргізу арқылы мазасызданудың деңгейлерін айқындау беріледі. Әрбір пікірді мұқият оқып шығыңыздар және әр пікірдің тұсына сол сәтге өздеріңізді қалай сезініп тұрсаңыздар, 1,2,3,4 деген оң жақтағы бір жауапты таңдаңыздар. Сұрақтарға ұзақ ойланудың керегі жоқ. Себебі, бұл сұрақтардың дұрыс немесе дұрыс емес жауаптар жоқ" Түсінікті ме?
Түсінікті болса, жұмысты бастайык !
(Қосымша А, )
Нәтижелердің өңделуі.
Реактивті мазасыздану - РМ=∑1-∑2+50, ал
Жекелеген мазасыздану - ЖМ=∑1-∑2+35 формаларымен есептеледі.
Мұндағы РМ-кезіндегі ∑1(3,4,6,7,9,12,13,14,17,18,)
∑2<1,2,5,8,10,15,16,19,20)
ал ЖМ кезіндегі ∑1(22,23,24,25,28,29,31,32,34,35,37,38,40)
∑2(21,26,27,30,33,36,39)
Нәтижені былай бағалау керек:
30-төменгі мазасыздану;
31-45 — бірқалыпты мазасыздану;
46 немесе одан көп — жоғары мазасыздану.
Бірқалыпты мазасызданудан сәл асса, ерекше көңіл бөліну керек, ал жоғары мазасыздану – мазасыздануға бейім адамдар.
Мысалы, 4К сынып оқушысы М.А дамытатын экспериментке дейін 45 ұпай болып, біркалыпты мазасыздану тән болса, ал дамытатын эксперименттен кейін оның ұпайы 28 болып, төмен мазасыздану дәрежесіне тұсті,
Ч.Д. Спильберн, Ю.Л. Ханиннін, өзін-өзі бағалау диагностикасы әдістемесі 4 а сыныбына жүргізідці. Әдістеме бойынша 2 баланың бойында жоғары мазасыздану бар екенін көрсетеді.
Мыс: Әлнұрова Ақерке: РМ=∑1 - ∑2+50=21-25+50=46
Зертгеутк жабдықталуы: әрбір оқушыға социометриялық карточка
тарату. Социометрия жасау.
Зерттеудің барысы: Алдын-ала сыналушылардың зерттеуге
деген ынта-тілектерінің бар-жоғы анықталады. Зерттеу келесі нұсқау көмегімен түсіндіріледі "Балалар! Қазір сендер, алдарыңдағы кағазға осы сыныптан" Кімді туған күніңе шақырар едің? десем, 3 баланың атын ғана жазып тандауларың керек болады. Бұдан біздер, кім-кіммен дос, кім осы сыныпта аса беделді екендігін анықтаймыз. Түсінікті ме?
Нәтижені әңдеу: Балалардың жауабы топтың Социометрия-матрицасына түсіріледі.
Кім көп тандау санына және өзара тандауға ие болғандығы анықталады.
З.Филлипстің мектептік мазасыздану деңгейін анықгау әдістемесі.
Бұл әдістеме 8 фактор арқылы мектеп оқушысының жалпы ішкі эмоционалды күйі талданады. Және әрбір оқушы жөнінде толық мәлімет алуға болады.
Зерттеу жүмысының өтілу барысы.
Әдістеме атауы: Филлипстің мектептік мазасыздану деңгейін анықтау әдістемесі.
Әдістеме максаты: мектепке байланысты бастауыш мектеп оқушыларының мазасыздануының деңгейі мен сипатын анықтап, зерттеу.
Әдістеменің жабдықталуы: Жазбаша түрдегі 58 сұрақтан тұратын тест бланкісі, қалам, өшіргіш.
Зерттеудiң барысы: Зерттеуші алдын-ала оқушылардың жұмыс істеуге ынта-ниеттерінің бар болуымен ұйымдастыру сәтін бастайды. Зерттеу жұмысы келесі нұскау көмегімен түсіндіріледі. "балалар, мына берілген алдарыңыздағы қағазда 58 сұрақ бар. Бұл сұрақтарға сіздер "иә", "жоқ" деп жауап берулеріңіз керек. Бұл сұрақгар мектепте өздеріңізді қалай сезінесіздер, соған байланысты сұрақтарға шын, дұрыс, ұялмай жауап берулеріңіз қажет болады. Сұрақтарды ұзақ оқып, ұзақ ойланып жауап берудің қажеті жоқ. Себебі, ол сұрақтардың дұрыс емес, дұрыс, жақсы жауаптары жоқ. Жауаптар бланкісінің жоғарғы жағына өзі аты-жөніңізді, сыныпты жазыңыздар! "иә"-жауабына -"+", "жоқ "-жауабына -"-" белгілерін қоюға да болады. (қосымша Б)".
Нәтижелердiң өңделуі: өңдеу кезінде тест кілтіне сәйкес келмеген сұрақтарды ерекше белгімен белгілеу керек. Кілтпен сәйкес емес, жауаптар — бұл мазасызданудың байқалуын білдіреді.
1. Егер бүкіл тестегі сұраққа сәйкес келмеушілік 50%-ден жоғары болса, жоғарылау мазасыздануды, егер 75%-дан көп болса, - өте жақсы мазасыздануды көрсетеді.
Мынандай факторлар айқындалады:
1. Мектептегі жалпы мазасыздық;
2. Әлеуметгік стрессті бастан кешіру;
3. Табысқа жетудегі қажеттілік фрустрациясы;
4. Өзін-өзі білдіруге қорқыныш;
5. Білімді тексеру ситуациясынан қорқу;
6. Айналадағылардың күткеніне сәйкес келмеу жайлы қорқыныш;
7. Стресске деген төмен физиологиялық қарсы тұрушылық Мұғалімдермен қарым-қатынастағы қорқыныштар мен проблемалар.
4. Дж.Буктың жеке адамды зерттеуге арналған "Үй — Ағаш -Адам" әдістемесі.
Бұл әдістемені ересектерге де, балалардың кез-келген жас кезеңінде де қолдануға болады.
Зерттеу жұмыстың өтілу барысы.
Әдiстеме атауы: "Үй-ағаш-адам" авторы: Дж.Бук
Әдістеме мақсаты: Жеке адамды, онъщ ішкі әлемін тану үшін, бағыт-бағдарын, өмірлік мақсатын бақылау үшін қолданылады.
Жабдықталуы: түрлі-түсті бояулар, қағаздар.
Зерттеудін барысы: Алдын-ала зерттеу жұмысы басталмас бұрын, сыналушылардың ынта-тілегі бақыланады. Зерттеу келесі нұсқау көмегімен түсіндіріледі. "Балалар! Сіздер, қазір алдарыңыздағы қагазға "Үй - ағаш - адам" осы 3 нәрсенің суретін салу керексіздер. Қайсысын бірінішісі саласыз және қандай түспен саласыз, оны өз еркіңіз біледі. Тапсырма түсінікті болса, ал кірістік Жұмысқа! Ешкім ешкімгі бөгет болмайды".
Натиженін внделуі: Сынактың интерпретациясына сүйене отырып жүргізіледі.
"Үй, ағаш, адам" әдістемесі №100 орат мекгептің 1а сыныбына жүргізілді. Тесті балалау төмендегідей белгілік комплексінде топталды.
1. қорғаусыздық
2. мазасыздық
3. өзіне сенімсіздік
4. толымысыздық сезімі
5. өшенділік
6. қақтығыс (фрустация)
7. депрессиялық
Егер, осы көрсеткіші суретте болмаса, барлық жағдайда нөл қойылады, ал кейбір белгілер бар болған жағдайда олар маңыздылық дәрежесіне қарай бағаланады.
Егер де, 1 суретте 5 көрсеткіші болса, яғни
1. Суретте 2 катарлы сызықтар
2. Сызықтарды өзара қоспау
3. Салынған фигураның қатты майысуы
4. Өте үлкен бас
5. Адам суретге өте айқын емес.
Бүл белгілер бала суретінде кезігуі, салып отырған баланың орталық нерв жүйесінің органикалық зақымданғанын білдіреді. Бірақ, баланың ақыл-ойының дамуының артта қалуын көрсетпейді. Бұл интелекті дамуында қиыңдықтарды басынан кешіреді. Мұндай балалар тез шаршап, аз назар аударады. (Қосымша Б) Өткізілген тестінің нәтижесі мынадай (№4 кесте) Кесте 4 Белгілік комплекс деңгейі бойынша топтық сандық қүрамы.
№
|
Белгілік комплекс
|
Балалардың деңгей бойынша саны
|
Жоғары
|
орташа
|
Төменгі
|
1
|
Қорғансыздық
|
-
|
5
|
20
|
2
|
Кобалжу
|
3
|
5
|
17
|
3
|
Өзіне сенімсіздік
|
-
|
7
|
18
|
4
|
Толымсыздық сезімі
|
-
|
8
|
17
|
5
|
Өшпенділік
|
-
|
6
|
19
|
6
|
Қақтығыстық
(фрустрация)
|
-
|
4
|
21
|
7
|
Қарым-қатынастағы
қиындық
|
2
|
5
|
18
|
8
|
Депрессиялық
|
-
|
4
|
21
|
Жоғарыдан нұскау айтылғаннан кейін, суреттердің сапалы сапаптамасы. Олардың формальды және мазмұндық аспектілеріне қарай өткізіледі.
Қосымша Б-да сызылған кесте бойынша суретке талдау жасаймыз. Егер, 8 көрсеткіш суретге барлық жағдайда болмаса нөл қойылады, ал кейбір белгілер бар болған жағдайда маңыздылық дөрежесіне кдрай бағаланады. 29 окушының ішінде 3 бала суретін талдайық. Айжан мен Ақмаралдың суретінде шерулік элементтері байқалады. Олар ханшаның суретін салғанда әшекейлі әдемі көйлек, басына корона кигізіпті. Шерулікті ұнататындар өз қүрдастарымен тез тіл табыса алады және өздеріне зейін аударғанды қалайды. Мұндай балаларға зейін аударылмаса, жылдам ренжиді. Бірақ, құрдастарының арасында сыйлы.
Жанардың суретіндеде шерулік бар, бірақ карандаш қатты басылып салынған және сурет салу кезінде қайта қайта қодтау сұрады. Үй салынған суретте есіктер салынбаған, бұл басқалардың аддында ашылуға талпынысында қимылдыкгарға кезігеді. Мазасыздық бар Мараттың салған суретін карастырайық кеудені оның көрсетіп салған ол тым үлкен, бұл қанағаттандырылмаған кажеттілікгердің бар екендігі жайлы айтады. Қолдары тым үлкен, әлеуметгік қатынаста теңсіздігін білдіреді. Адам кеудесінің салынуынан бала махаббат, жақсы көрушілік және жылулықтың қажет ететінін айтуға болады. Үйдің есігі ашылмаған, бұл баланың басқалармен қарым-катынасқа түсуінің қиын екенін көрсетеді.
Абылайдың суретінен ұялшақгықгы байқауға болады. 3 суретте парақтың тестіне кішкентай қылып салынған. Ағаш суретінде бұтақтар 1 сызыкпен салынған, яғни балада қарым-қатынас жүйелілігінің төмеңдігін айтады.
Осындай 29 баланың суретін талдай келе жоғары мазасыздану 2 балаға тән, бірнеше қалпына мазасызданудың орташа деңгейі тән. Социометрия зерттеулер бойынша Марат бірақ дауыс алды.
5."Әлемде жоқ жануар" өдістемесі.
Бұл әдістеме псиомотролы байланыс теориясы негізіңде кұрылған. Психика кұйін тіркеу үшін материка. -Яғни саусақ бұлшық еті жұмысын зерттеуге қолданылады. И.М.Сеченов бойынша, психикада пайда болатын кез-келген кедергі қозғалыспен аяқталады сипатына қарай бұл "Әлемде жоқ жануар" тестісі проективті тестер қатарына жатады.
Бұл тест адамда корқыныш, мазасыздану сезімі, агрессия т.б сияқты сезімдерді анықтауға арналған.
Біздер, бірақ тікелей мазасыздану сезіміне қатысты мәселелерді қарастыратын боламыз.
Зерттеу жұмысының өтiлуі барысы.
Әдістеме атауы "Әлемде жоқ жануар"
Максаты: - оқушылардың салған суреті арқылы олардың мазасыздануларын анықтау.
Жабдықталуы: түрлі-тұсті қалам, сурет қағаздары.
Зерггеу-барысы: Ең алдымен балалардың зерттеу ісіне қаншалық дайын екендіктері, яғни ынта-тілектерінің болуы ескеріледі. "Әлемде жоқ жануар" салу керектігі түсіндіріледі.
Нәтиженің өңделуі: Салған суреттің интерпретациясы жасалынады.
Біздің елімізде психотерапия, мәдениеттің ажырамас бөлігі ретінде соңғы жылдары ғана дами бастады. Дамыған елдерде сияқты біздерде бүгінгі танда екі психотерапевтикалық модельдер, яғни үлгілер дамып келеді. Бірінші үлгісі бойынша психотерапия дәрігерлік мамаңдық болып табылады.
Екінші үлгісі - дербес гуманитарлы кәсіп. Мұндай психотерапияның негізгі мақсаты – икемділікгі, мінез-кұлықтың жаңа, тиімді стратегияларын табу шеберліктеріне тәрбиелеу.
В.Е.Рожнов, Б.Д.Карвасарскийлер психотерапия жайлы былай дейді: "Психотерапия - психикаға психикалық әсер ету жүйесі. (сөзбен, ым, ишаратпен, үндемеу, техника көмегімен т.б). Және осы жүйе арқылы адамның бүкіл ағзасына өсер ету, өрі дезадаптация қалпы мен ауру кезіндегі сауықтыру шаралары". [57]
Ал, біздерге В.В.Макаровтың берген анықтамасы жақынырақ. "Психотерапия - өткенді, болашақ, дәл осы уақыттағыны психологиялық реттеу процесі, және үлесімділікке жету".
Мазасыздану тек кана ескерту белгісі ғана емес, әрі кикілжіңдерден қорғайтын белгі, себебі психологиялық қорғаныс механизмдерін қосып алады.
Мазасыздану негізі болып ішкі кикілжіңдер табылады "Физиологиялық тұрғыдан мазасыздану реактивті күй болып табылады. Бұл мазасыздану физиологиялық өзгерістерді тудырады. Мұндай кезде жүрек қағуы жиілейді, кан қысымы артады. Қан бұлшық еттерге жіберіледі, яғни адам ағзасы белсенді іс-әрекетке дайындалады". [58]
Сондықтан да, мазасыздануды жоюдың бірден-бір тәсілі денеге бағытталған терапия. Бұл бағыттың негізін калаушы вильгельм Райх. Бағыттың негізгі тұжырымдамасы – барлық проблемалар жүзеге аспаған қалау-тілектерден туындайды. Өзіміздің жеке, моральдық, мәдени, әлеуметтік бағдардарымызға орай, біздер өзімізді, қалау-тілектерімізді сыртқы шығарудан қысамыз. Жүзеге аспаған тілек-калауларымызды, мысалы, мазасыздану, қорқыныш, агрессия, тітіркену дегендер "бұлшықтық қабық" дегенді құрайды. Мұндай қысымдардан адамға бой жазу үшін және транс қалпына кіру ұшін жатгығулар көмегімен шешуге болады. Кинестетикалық транска ендірудегі негізгі бір тәсіл – бұл сипап-сезу. "Сипап-сезу – бұлшық ет, нерв, махаббат тілінің бірі. Егер сені қолыңа көтерсе, бұл көмек беру, ал саған жақыңдаса, бұл - контакт".
Нақ осы транс кезінде санадан тыс кезде адам психиканы қайта ұйымдастыруды жүзеге асырады. Қайтадан транс, калпына кіру қабілетіне ие бола отырып, біздер терең өзгеруге және өмірге бейімделу үшін жеткілікті дәрежеде икемді бола түсеміз. Үлгі үшін бірнеше жатгығуларды ұсынамыз.
1-жатгығу. Адам кеңістікке біршама уақыт қозғала отырып, өзіне ұнайтын орынды табады. Осы нүктеде, көзін жұмып, өз денеңіздегі шекараларды анықтаңыз: яғни өз денеңізді жоғарыдан төменге дейін қарап шығыңыз, өз басыңыз, мойын, иық, кеуде, іш, арқа, қолдарыңызды, шаштың түбінен аяғыңыздың ұшына дейін қарап шығыңыз.
Мақсат - өз денесінің белгілі — бір сипаттарын сезіну. Ұзақгығы - 10 минут.
Күйзеліс, мазасыздануды жоюға ой терапиясының жаттығулары да көмектеседі. Әсіресе, қарым-қатынас кезінде мазасыздануды сезінетін би терапиясы жаттығулары көп көмекші.
2-жаттығу. "Бейне" Топ жұпқа бөлінеді. Біреу жетекші, әр жұп бір-біріне қарама-қарсы тұрып, көзбен байланыс жасайды. Жетекші жәйлап қолымен түрлі қозғалыстар жасайды. Оның жұптасы, соның барлығын қайталайды. Кейін екі жұп бір-бірімен рөл ауыстырады.
Зерттеулер көрсеткендей-ақ, мазасыздану ағзаның 3 деңгейінде пайда болады:
1. Невроэндокринді
2. Психикалық
3. Соматикалық немесе моторлы-висцералды
а) дерматологиялық реакциялар (беттің ағарып-сұрлануы,
терлеу)
б) жүрек-қан тамырлар жүйесінің реакциясы (яғни, тахикардия, систомия қысымының артуы)
в) вазамоторлы реакциялар (тер бөліну, қызару)
г) скелет бұлшық етгері реакциясы (басауру, желке ауруы)
Сондықтан да, соматикалық сипаттар көп мазалайтындығын айтады. Кейде мазасыздану белгілі-бір дене қимылдарымен қатар көрінеді. Олар: столды саусақпен тықылдату, түймені бұрау, шамадан тыс ішімдік ішу және темекі шегу, кірпік қағу. Мұның барлығы кикiлжің өмірлік ситациялардан туатын мазасыздану.
Біздің зерттеулеріміз көрсеткендей-ақ, мазасыздану белгілі-бір әлеуметтік белсенділікті, топта лидер болуға ұмтылуға итермелейді. Немесе, ішкі рефлексия мен өзін-өзі танымды белсенді етеді.
Тағы бір мазасызданудың көрінуі — ол мезгілсіз, үздіксіз сөйлеу. Клиент осылайша өзінің мазасыздануын жасырғысы келеді. Клиенттің ұзақ сөйлеуі — оның өзін-өзі қорғау формасы. Келесі бір клиенттің мазасыздануды жою тәсілі — оның кеңес берушіні бөле беруі.
Экзистенциалды бағыттың психологтары клиенттің барлық сөзді айтып болуына рұхсат етуді ұсынады, себебі мазасыз клиент ештеңе естімеуі мұмкін.
Көптеген жаттығулар өзекті адам қалпын сезінуге бағытталған, және олар гештальттерапияда жасалған.
3-жаттығу "Қайта туылу".
Тренер немесе унтаспа көмегімен орындалады. Кілемге отырыңыз, көзді жұмыңыз. Қалай бой жазасыз, соны сезінiңіз, Егер денеңіз алға құласа, солай істеңіз. Егер қолды столға кдйғыңыз келсе, қойыңыз. Ана құрсағындағы нәресте болыңыз? өз тынысыңызды тыңдаңыз. Жәй тыңдаңыз: ауа кіреді, шығады. Сезіңіз бе?
Сіз-кішкентай демек, екі бастау қосындысысыз, әкелік, аналық сізге небары 10 күн сіз жолыңызды бастай аласыз. Сіз біртұтассыз. Бір. Бір, Бір. Бір. Бір. Осы бірлікте сіз өмірдің туылуын сезінесіз. 3 апта өтеді. Бірте-бірте дене, ми, қан, тамырлар дамиды. Бір түтікше — ең маңызды. Ол күшке толады, әрі пульс пайда болады. Алдымен әлсіз, одан кейін сенімді, тағы сенімді. Бұл сіздін жүрегіңіз соғады. 5 апта өтті. Басыңыздың көлемі бірте-бірте ұлғайып келеді. Ми дамиды. Денеңіз түзуленіп келеді. Бет,мойын калыптасады 1 минутта мың нейрон. Жас, сау мықты клеткалар 7-ші апта келеді. Сіз енді ішкі қозғалысыңызды сезінуге кабілеттісіз. 12-ші апта: ми жұлыны дамиды. Қан қалыптасады. Сіз қыз немесе ұл екеніңізді сезесіз. Сіз адамға ұқсайсыз. Сүйек, екі ми жартысы, жұту, сору рефлекстері бар. Біздің дамуымыздың 7-ші айы аяқталуда. Сіздің өкпеңіз ауа жұта алады, теріңіз жұмсақ, сіз салмақ жинап келесіз. 9-шы ай келеді. Сіз күшті, белсендісіз. Сіз өмірге дайынсыз. Сіз тез және жәй дамитын боласыз, Сізге жақсы әрі жаман болады. Сіз білесіз, мұның барлығы ұлы құпия. Сіздің болашағыңыз өз қолыңызда. Тағы ойланыңыз: өмірде не керек? Өмірлiк басты мақсаттарыңызды талдап көріңіз: олар қайырымды және маңызды болсын. Енді өзіңізден сұраңыз: "Меңце барлығы бар ма осылардың жүзеге асуына?"
Біздер жақсы бола аламыз? Өзгелерден биік емес, бірақ өзімізден биік.
Терең дем алып, терең дем шығарыңыз, Көзіңізді ашыңыз, жаттығу аякталды.
4-жаттығу "Сурет салу".
Мақсаты: ІПығармашылықты дамыту, сезім, эмоцияны білдіру. Ұзақтығы – 30 минут
Әрбір топ мүшесі қағаз алып, қарыңдашпен өз мазасыздану күйін білдіреді сурет ретінде.
5-жаттығу "Есімнің артында"
Мақсаты: Өзіне өзі баға мен өзіне сенімділіктің артуы.
Ұзақтығы: 10 минут
Әркім өз есімін жазып, оның тұсына сол әріптен басталатын анықтауышты жазады.
6-жаттығу. "Көз фиксоциясы"
Мақсаты: Мазасыздану деңгейін төмеңдету.
Ұзақтығы: 10-15 минут
Бой жазып адам алдына тура қарау керек, үлкен емес затты таңдап алып немесе түсті дақты, зат бір орнында болу керек. Сол затқа назар аударып, оны зерттеу қажет. Тыныс алу ерекше, терең.
Бөтен ойды алып тастау керек, ойлар, проблемаларды ұмыту, ішіңізден "Мен бой жаздым" деп айту керек. "жағымды бой жазу иық, арқаға, одан аяқтарыма тұседі. Мен өзімді керемет сезінемін мазасыздық жайылуда".
7-жаттығу "Белгілі бір эмоционалды қалыпқа бұрылу".
Мақсаты: Мазасыздану деңгейін төмендету.
Өтілу барысы: Ойша толқыған, мазасыз эмоционалды қалыпты бір әуенмен, түспен, пейзажбен, ал тыныш бой жазған қалыпты өзге көрсеткіштермен байланыстыру. Мазасыздану, қалып кезінде алдымен 1-ші қалыпты, кейін екінші, сосын 3-шісіне көшу, осыны бірнеше рет қайталау.
8-жаттығу "Иә".
Мақсаты: Мазасыздану деңгейін тынышталдыру және төмендету.
Ұзақтығы: 15 минут.
Мәтін: Көзді жұмындар, өздеріңді ормандамын деп ойландар. Жапырақ иісін иіскеп, құстар өнін тыңдап, орманда қыдырыңдар. Қыдырып жүріп, үңгірге жақында. Қабырғасын қолмен ұстап, тастың қатгылыгын сезіңдер. Үңгірдің қасында сарқырап су ағып жатыр. Соны тап. Судың аққанын есті және орман тыныштығын құстардың әнін. Осының барлығына жаныңды аш: салқынға, тыныштықка, дыбысқа өзіңе ыңғайлы орынға отыр, осылармен ыңғайға кел. Бүкіл айнала сіздің денеңізді, бастан аяқ толтырсын "Иә" деген сөз барлық әсерге енсін осы сөз бен сіздің жаман көңіл-күйіңіз кетсін. Иә, бұл мен (атыңызды атаңыз).
Иә, менің тамаша бүгінім мен ертеңім. Ішіңізден күлкі сезіңіз. Өз өткеніңіз, бүгін, ертеңізге күлімдеңіз. Бұл кұлкі өте майда, жұқа, жаңа ашылған раушан гүл сияқты, ол сіздің ішіңізде ашылады, сөйтіп бүкіл денеңізге хош иісі таралады.
Өзіңізге айтыңыз "Мен бақытты, салмақты болғым келеді әрі мен сондай боламын".
9-жаттығу "Портрет".
Арттерапия техникасы.
Мақсаты: "Мен" бейнесінің өзгеруі және мазасыздануға қарым-қатынастың өзгеруі.
Барысы: Ақ қағазға бояумен немесе қарындашпен өздерінді қалай көргілерің келсе, салыңдар. Еңді бөлшектер қосындар, шаш салыңдар. Оны түспен бояндар. Әрі қарай көз салындар. Күшіңіздің мені көздерінде, сондықтан көзді айқын, ашық, жалындатып салыңдар.
Портреттегі көздеріңіз куаныш пен бейқамдықты бейнелесін. Бетiңіз бой жазған және тыныш күлкіде болсын. Бет-жүзіңіз махаббат, түсіністік, білдірсін. Портрет жасай отырып, ең жақсы қасиеттерді бейнелеңіз. Портретте өзіңізді қандай көргіңіз келсе, солай бейнелеңіз. Қолды салуды ұмытпаңыздар, олар күшт, әрі нәзік болсын.
Портретті аяғына дейін салыңыз. Тағы да қарап, нені қосу, нені алу керек, ойланыңыз.
Өз бейнеңізді жетілдіріңіз, портретті "Иә - бұл мен, жетілген, бақытты жанмын" деген сөздермен тірілтіңіз.
Релаксация техникасы Тез, жылдам релаксация.
1. Арқамен ыңғайлы жатыңыз, қолдарыңыз денеңіз бойымен
созылган, көздеріңіз жабық.
2. Жағамды нәрсе ойлаңыз. Көк шалғында бұлақ жағасында жатырсыз. Күн әдемі. Бұлақ сылдырап жатыр, шөп иісі аңқиды.
-
Тынышталу сезімі бойыңызды жаулап барады.
4. Әр демалған сайын денеңіз бой жазып келуі.
5. Сеанансты аяқтауға асықпаңыз. Денеңіздің өзі сізге ыңғайлы
қорқынды айтады.
Тыныс алу реаксациясы
1. Ыңғайланып оырып, көзді жұмыңыз.
2. Дем алуды бақылаңыз, әр дем шығарғанда бой жазғанды
сезініңіз.
3. Дем алганға мән беріңіз. Ең соңғы сәтте дем алуды ұстап
қалып, 3-ке дейін санаңыз. Сосын тыныш тыныс шығарыңыз, тағы да 3 деп есептеп, дем алуды ұстап қалыңыз.
4. Осы процедураны 5-10 рет қайталаңыз.
5. Жата беріңіз, әзіргі сізге жақсы.
6. Көзді жәйімен ашып, дене тұрқын ауыстырғыңыз келгенше
күтіңіз.
10-жаггығу. "Бейне"
Мақсаты: дене сапасын қолдау, шығармашылық қозғалыс, тұлғааралық эмпотия.
Барысы: Топ мүшелері — жұпқа бөлінеді, бір-біріне бетпе-бет қарап, көздеріне қарайды. Жетекші қандай-да бір қол, аяқ, баспен қимылдар көрсетеді. Ал "Бейне", яғни қарсылас айна сияқты қимылдарды қайталайды 5 минутган соң, рөлдермен ауысады.
11-жаттығу. "Жетекшіге еру".
Мақсаты: Жетекші болып, топтағылардың барлығын бақылау.
Ұзақгығы: 20 минут
Барысы: Топ мүшелері шеңбер түзей тұрады 1-ші мүшесі жетекші болады, денесін түрлі қозғалысқа келтіріп, шеңбер бойымен жүреді. Қалғандары қозғалысты қайталап, шеңберді сақтайды. Бiраз уақыттан соң, жетекші шеңбер соңына түрып, соңғы балаға дейін қозғалысты қайталап күтеді.
12 жатгығу. Ойын "Сиқырлы сөз"
Мақсаты: Қатысушылар арасындағы қысымды шешу, өзін тану.
Ойын барлығы: ойын жүргізушісі қатысушыларға кейбір: рахмет, сіз өте қайырымдысыз, оқасы жоқ, сіз сондай жақсысыз деген секілді "сиқырлы сөздердің" маңызын естеріне түсіреді. Катысушылар шеңбер бойымен- бір-бірін естеріне тұскен "сикглрлы сөзді" қолданып, кдрсы алуы керек.
13 жаттығу. Ойын "Мәнді адамдар "
Мақсаты: Басқа адамның құндылығы жайлы тұсінікті және өзінің эмоционалдық күйін көрсете білу кабілетін дамыту.
Ойын барысы: жүргізуші ойын қатысушыларына ең маңызды деген адамдар жайлы айтуды сұранады. Ол тек қана үнемі қарым-қатынаста жүретін адамдар болуы міндетті емес. Ол барлығынан да қымбат, басқалардан гөрі өзіне мөні жоғары адам болуы қажет. Жүргізуші өзіне маңызды адамдар жайлы айтады.
Жүргізуші қатысушыларға келесі схема бойынша әңгіме құрауын сұрайды:
- олар кімдер
- сіз үшін несімен мәнді, несімен қымбат
- егер өткен шақга болса, казір де жақын ба
- дәл казір мүкіндігіңіз болса, оларға не айтар едіңіз (мысалы,
айтылмаған алғыс сезімі бар).
Бұл жоғарыда аталған жаттығулардың барлыгы қарым-қатынас және тұлғалық өсу тренингісі ретінде өткізіледі. Әрі ата-аналармен жұмыс істеуде, отбасылық терапия ретінде де өткізуге болады. Бұл жатгығуларды топ адамдарына ездерін, мазасыздануларын сезінуге көмектесу үшін жүргізсе болады.
Мазасыздану біздің өрекетіміздің құрылымында маңызды функция атқарады. Және ең маңыздысы, осы сезімнен құтылу емес, оны сезіну, қабылдау. Осы калыптың детерминанты болып табылатын себептерді іздеу, сезіну және өзін немесе ситуацияны өзгертуге ұмтылу. Және де өз мазасыздануларының жағымды жақтарын көре білуге тырысу.
3-ші тарау бойынша тұжырым
Жүргізілген әдістеме бойынша 1-сынып оқушыларының көпшілігінде жазасыздану жоғары. Ал 4 сынып окушыларында 1-сыныппен салыстырғанда мазасыздану деңгейі төмен. Бұдан, мынадай қорытындыға келеміз. Алғаш мектепке барған кезде жаңа ортаға үйренгенше жөне оку жылының ортысында кездесетін көптеген міндеттердің бала психикасына әсерінен 1-сынып оқушыларының бойында мазасыздану жоғары болады. Ал, 4 сыныпқа келсек, балалар мұғалімдерге де, мектеп режиміне де, қиындықтармен күресуге де үйренген. Сондықтан, олардың мазасыздануы аз болады. Жүргізген әдістемеміз балалардың мазасыздануын айқындап отыр. Мұндай балалар қарым-қатынас нәтижелерде, олармен басқалар үшін бөліп-төстеуге тырысады, ал бұл баланың эмоционалды жағдайының төмендеуіне, қарым-қатынастар жасаудан алшақгауына алып келеді. Өзіне деген сенімсіздік күшейеді. Құрбы-құрдастарыда жағымсыз қатынаста болғандықтан, агрессияның болуына апарып соғады. Осындай нәтижесінде күресу үшін біз мектеп психологтарының жоғарыдағы түзету жұмысын ұсынамыз
Достарыңызбен бөлісу: |