Ғылыми жетекшісі: PhD, Сейдалиева Гульдана Омаровна



бет5/7
Дата02.01.2022
өлшемі85.5 Kb.
#452925
1   2   3   4   5   6   7
Өзгертілген мақала

Негізгі бөлім

«Құзырет» ұғымы адамға қатысты және оның аясы белгілі саладағы нәтижелі іс-әрекет үшін білімді, біліктілікті және жеке тұлғалық сапаларды қолдану қабілеттілігін, оның динамикалық сипатта болуын қамтиды.

Сонымен, «құзырет» термині, әдетте, белгілі бір әлеуметтік-кәсіби мәртебе иесіне байланысты қолданылады және оның сол істі атқарудағы түсінігі, білімі, іскерлігінің орындалуға тиіс мәселенің нақты өз деңгейінде шешілуімен сәйкестілігі арқылы сипатталады [Тoффлep O., 1997, c. 64].

Латынның «compete» деген термині «білу», «жасай алу», «дегеніне жету» деген мағыналарды береді. Бұл жалпы алғанда құзыреттіліктің мәнін анықтайды. Кәсіби құзыреттілік категориясын айқындау үшін оларды әр түрге айналдыру, нақтылау және жалпы логикалық ұғымға біріктіру жүзеге асырылады.

«Білу» тек кәсіби іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін қажетті нақты, ақиқат білім ғана емес, сонымен қатар, ақиқат мәні бар және білім мен білікті қолдануға бағыттайтын құндылық болып табылады.

«Жасйай алу» педагогикалық үдерісті жүзеге асыру амалы ғана емес, адамның ең басты білігі өзінің ішкі жан дүниесін еркін және саналы сезіне білуде де, сыртқы кәсіби педагогикалық қызметте де субъект бола білу.

«Дегеніне жету» – қойылған мақсатқа заң, адамгершілік және мәдениет шеңберінде жете білу [Тoффлep O., 1997, c. 85]. Осы логикалық құрылым ұйымдастыру-әдістемелік құзыреттіліктің педагогикалық-психологиялық тұрғыдан құрылымын анықтауға және оны қалыптастырудың құралын белгілеуге мүмкіндік береді.

Қазақстандық білім беру жүйесінде жиі қалыптасып жүрген «құзырет» ұғымы – «тұлғаның белгілі бір пәндер шеңберінде қатысты мәселелерді меңгеруі, білуі» немесе «тұлғаның белгілі бір мәселелер шеңберінде таным мен тәжірибеге ие болуы» деп талқыланып, Е.М. Верещагин, В.Г. Костомаров, И.Л. Бим, И.В. Елухина, Н.Д. Гальскова сияқты ресейлік және шетелдік авторлар мен зерттеушілердің лингводидактикасында кеңінен қолданылады.

Шет тілінде сөйлей алудың ерекшеліктерін есепке ала отырып, аталмыш талдаушыға «хабардарлық», «бір нәрсемен таныс болу дәрежесі» деген анықтамалар қосылуы мүмкін [Кунанбаева С.С., 2005, с. 64].

«Құзырет» шетел тіліндегі әдебиеттерде «тәжірибе»,«іскерлік» «дағды» мағыналарында көбірек қолданса, отандық әдебиеттерде бұл «білім», «теория» ретінде түсіндіріледі.

Ал психология, педагогика саласында «компетенттілік» және «компетенция» ұғымдарының жалпы қабылданған түсіндірмесі әлі қалыптаспаған, оларға түрліше мағына беріліп жүр. Психологиялық әдебиеттерде бұл ұғымға қатысты «компетенттілік - жеке тұлғаның қоршаған ортадағы адамдар мен тиімді қарым – қатынас жасай алу қабілеті» деген түсінік берілген [Кунанбаева С.С., 2010, с 82].

«Мәдениетаралық құзірет – білім мен дағды арқылы негізделген, қатынастың екіжақты жағымды нәтижесіне қол жеткізетін ерекше табиғаты бар құзіреттілік». Мәдениетаралық құзіреттің қатысымдық құзіретпен ешқандай сәйкестігі жоқ және ол тек мәдениет медиаторына, қайсыбір тілді шетел тілі ретінде оқып жатқан тілдік тұлғаға ғана тән [Елизарова Г.В., 2005, с. 236].



Жаңа заман талаптары шетел тілін оқытушы ұстаздардың алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Осыған орай шетел тілінде қарым-қатынасқа түсу бұрынғыдай белгілі бір пәннің, уақыттың аясында шектеліп қалмай, әртүрлі мәдениетаралық байланыстарға түсу, басқа елдердің рухани құндылықтарына құрметпен қарай отырып, елді әлемдік аренаға таныстыру мәселесіне бағытталып отыр. Бүгінгі таңда шетел тілін оқытудың басты мақсаттарының бірі – мәдениетаралық қарым-қатынасқа қабілетті, шетел тілін сол тілде сөйлеуші ұлттық тілдік және әлеуметтік-мәдени ерекшеліктеріне сай, дұрыс қолдана алатын, білімді де мәдениетті мамандар даярлау болып табылады. Бұл мақсатқа жетуде «тіл-ұлт-мәдениет» үштігін өзара тығыз байланыста қарастырудың, оқушының бойында мәдениетаралық қарым-қатынас құзыреттілігін қалыптастырудың маңызы зор. Өйткені шетел тілін оқытудың бұл аспектісі тілді этностың мәдениетімен тығыз байланысты қарастыруды, соның негізінде оқушылардың бойында тілін үйреніп отырған халықтың салт-дәстүрі, наным сенімдері, тарихы т.б. жайындағы білімді қалыптастыруды талап етеді.

Осы тұжырымдама бағдарламалық құжат ретінде халықаралық- стандарттық талаптарға сәйкес шеттілдік білім беруді кешенді және терең жаңғыртуды қамтамасыз етеді. Осы жаңғыртудың идеясы деңгейлік модель формасы. Осы модель авторларының пайымдауы бойынша деңгейлердің нақты санын анықтау және олардың әр типтегі оқу орындары үшін мазмұндық аспектісі есебінен сабақтастық, үздіксіздік принциптерін және шеттілдік білім берудің сапасын, ілгерілемелі даму сапасын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Осы құжат әр деңгей үшін шеттілдік оқығандықты бақылаудың халықаралық-стандарттық механизмін және отандық шет тіліне оқыту жүйесінің пәндік мазмұнын үйлесімді біріктіреді.

Шет тілдерін оқыту әдістемесінің бүгінгі даму сатысында оқушылардың мәдениетаралық қарым-қатынас құзыреттілігінің әлеуметтік мәдени компонентін күшейту қажеттігі мен мұқтаждығы туындайды. Және бұл өте дұрыс жайт. Шет тілін оқып үйрене отыра оқушы басқа мәдениетке де тартылады, «тілдірге үйрету – бұл қашан да мәдениетаралық байланыс» [Кaйдapoвa A.Д., 2001, с. 24]. Г.В. Колшанский шет тілдерін оқытуда танушылық элементтерді, мәдениеттанушылық мәліметтерді, шындықтарды және т.б. енгізу оқу процесіне қызықтылық берумен ғана емес, оқу процесінің өзінің ішкі қажеттілігіне байланысты, екендігін атап көрсеткен [Зимняя И.A., 2003, с. 13].

Ян ван Эк мәдениетаралық қатысымдық құзыреттіліктің құрылымында келесі құзыреттіліктер мен субқұзыреттіліктерді жатқызады:



  • лингвистикалық құзыреттілік (вокабуляр мен грамматикалық ережені білу);

  • әлеуметтік-лингвистикалық құзыреттілік (жағдаят пен мәнмәтінге сай тілдік формаларды қолданып, логикалық тұрғыдан қолдана алу іскерлігі);

  • дискурсивтік құзыреттілік (мағыналық қатысым мақсатында жеке айтылымдарды түсініп, логикалық тұрғыдан қолдана алу іскерлігі);

  • стратегиялық құзыреттілік (вербалды және вербалды емес стратегияларды жетіспейтін білімдер орнына қолдана алу іскерлігі);

  • әлеуметтік мәдениқұзыреттілік (әлеуметтік мәдени мәнмәтінмен танысудың белгілі бір деңгейі)

  • әлеуметтік құзыреттілік (басқалармен бірігіп әрекет етуге ниет пен дайындық, жағдаятты басқара алу іскерлігі). С.Савиньонның пікірінше, мәдениетаралық қатысымдық құзыреттіліктің құрылымына:

  • грамматикалық құзыреттілік, яғни тілдің лексикалық, синтаксистік, фонологиялық ерекшеліктерін танып, олармен сөз, сөйлемдер құрастыра алу;

  • әлеуметтік лингвистикалық құзыреттілік немесе тілді қолданудың әлеуметтік ережесі, қарым-қатынасқа түсушілердің рөлін түсінуі өздері алмасып отырған ақпаратты ұғынуы және өзара әрекеттерінің функциясын түсінуі;

  • жеке сөйлемдерді ғана емес, фразалық бірліктерді қабылдап, оларды өндіру қабілетімен байланысты айтылым құзыреттілігі;

  • тілдік стратегия құзыреттілігі шетел тілін жетік меңгермеген, ережелерді жетік білмеген жағдайда қолданылады.




Мәдениетаралық тілдесуге қатысу деңгейлері

Мәдениетаралық қатысымдық құзыреттілікті құрайтын құзыреттіліктің іске асуы.

Мәдениетаралық тілдесудегі 1 деңгей «Выживание»

Лингвистикалық, мәдениетаралық, дискурстық компоненттердің жүзеге асуы

Мәдениетаралық тілдесуге бейімделу (адаптация) және шектеулі қатынас деңгейі

Лингвистикалық, мәдениетаралық, дискурстық, әлеуметтік-мәдени,стратегиялық (профессионалдық мәселелерді шешу) 1-2 деігейдегі құзыреттілікті жүзеге асыру.

Мәдениетаралық тілдесуге үлкен сенімсіздікпен қатынасу деңгейі.

Лингвистикалық, мәдениетаралық, дискурстық, әлеуметтік-мәдени,стратегиялық әлеуметтік лингвистикалық 1-2 деңгейдегі құзыреттілікті жүзеге асыру.

Мәдениетаралық тілдесуге аздаған сенімсіздікпен қатынасу деңгейі.

Лингвистикалық, мәдениетаралық, дискурстық, әлеуметтік-мәдени,стратегиялық әлеуметтік лингвистикалық 1-3 деңгейдегі құзыреттіліктерді мәдениетаралық тілдесу жағдайында жүзеге асыру.

Мәдениетаралық тілдесуге, сеніммен қатынасу деңгейі

Лингвистикалық, мәдениетаралық, дискурстық, әлеуметтік-мәдени,стратегиялық әлеуметтік лингвистикалық деңгейдегі құзыреттілікті жүзеге асыру.

Бүгінгі таңда шетел тілін үйрету әдістемесі жаңа мәселе емес. Бұл сұрақ ұзақ уақыттан бері тіл үйретуші мұғалімдер мен тіл зерттеуші ғалымдарды, тілшілерді толғандырып келе жатқан мәселе. Шетел тілін үйрету барысында студенттерді мәдениетаралық қатысымға қалыптастыру кейінгі жылдарда шетел тілін оқытудың мақсатына айналды. Сондықтан, тіл үйреніп отырған студенттердің бойында мәдениетаралық қатысымға түсе алатындай танымдық құзыреттіліктің қалыптасуы үшін мүмкіндіктер жасау шет тілі мұғалімдерінің басты міндеті болып отыр.

Мәдениетаралық қатысымдағы танымдық құзіреттілік ол тұлғаның өзін мәдениеттер диалогінде, яғни мәдениетаралық қатысым шеңберінде көрсете алу қабілеті деп анықталады [Вторушина Ю.Л., 2007, с. 57]. Тіл үйрету әдістемесінде танымдық құзыреттіліктің көмегімен пайда болатын мәдениетаралық құзіреттілік – бұл қарым-қатынастың нәтижелерінің екі жақ коммуниканттары үшін жинап келгенде позитивті болатын, ортақ мағынаға ие мәдениетаралық қатысым жайлы білім мен білікке негізделген құзіреттілік деген пікірді тіл зерттеуші Елизарова Г.В.беріп өткен болатын [Елизарова Г.В., 2005, с. 236].

Алайда, қазақ халқының тарихында да балаға тіл үйрету әдісіне көңіл бөлген ұлы ағартушылар бар, олардың бірі Ы. Алтынсариннен басталды десек, бүгінгі күні қазақ елінде студенттерге шетел тілін меңгерту деңгейіне жету жолында құнарлы еңбек етіп жүрген бірқатар ғалымдар бар, олар: Құнанбаева С.С., Артықбаева А.Қ., Аяпова Т.Т. т.б.с.с., бұл ғалымдар шетел тілін оқыту үрдісіне қатысты әр түрлі мәселелерді қарастыруда жәнешетел тілін оқыту саласының дамып, жетілуіне елеулі үлес қоса отырып, оны деңгейлетіп оқытуды да өз еңбектерінде қарастырып келеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет