Қорытынды
Шет тілін оқыту барысында сол тілдің мәдениеті мен ұлттық менталитетінің ерекшеліктерін ескере отырып, сол тілдің қоғамдық қолданысын, семантикалық құрылымын сақтай отырып оқыту екінші тілдік тұлға қалыптастырудың негізгі факторы болып табылады. Себебі, тілдің грамматикалық, лексикалық, фонетикалық ерекшеліктерін, яғни вербальды кодын жетік меңгергенмен, оның қоғамдағы шынайы қолданысының ерекшеліктерін, сол ұлттың менталитетін, мәдениетін білмессе, мәдениетаралық қарым- қатынас орнату барысында қиындықтар туындауы әбден мүмкін.
Ағылшын тілі өзінің әлеуметтік, танымдық және дамытушы қызметі арқасында қоршаған ортаны танып-білудің және және қатынас құралдарының бірі ретінде заманауи білім беру жүйесінде ерекше орын алады. Қазіргі кезде ЖОО бітірушілерінің көпшілігі ағылшын тілін білмесе, өздерінің болашағын елестете алмайды. Ағылшын тілі халықаралық қатынас дәрежесіне ие болды. Ағылшын тілін меңгеру құралы арқылы адам өзінің жалпы мәдени деңгейін, ойлау қабілетін және шығармашылығын байытып қана қоймай, сондай-ақ өзге мәдениет пен шығармашылыққа деген өз көзқарасын және басқаның ойын да бағалау мүмкіндігіне ие болады. Алайда, әртүрлі салалық қызмет мамандарының ағылшын тілін білу қажеттігіне және оның мәнін түсінуіне қарамастан, тілдік емес оқу орындарының бітірушілері ағылшын тілін меңгеру кезінде қиындықтарға тап болады. Осыған байланысты жаңа стандарттарды енгізу кезеңіндегі ЖОО-дағы білім беру мазмұнын зерттеу ерекше өзекті мәселеге айналып отыр
Достарыңызбен бөлісу: |