Key words: education, cognition, technology, competence, competence.
Кіріспе
Білім беру сатыларының сабақтастығын камтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі, оқу мен тәрбиенің бірлігі, білім беруді басқарудың демократиялық сипаты, білімнің, ғылымның және өндірістің интеграциялануы, ақпараттануы, оқушыларды кәсіптік бағдарлау, білім беруді саралау, ізгілендіру, гуманитарландыру және т.т. – білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының ғылым және ғылыми-техникалық саясат тұжырымдамасында да ғылымды демократияландыру, интеграциялау, инновациялық процестің білім, ғылым саласында кең өріс алуы да атап көрсетілген.
Шеттілдік білім беру үрдісінде білім алушылардың бойында мәдениетаралық қатысымдық құзіреттерді танымдық деңгейде қалыптастыру маңызы жетекші орын алып отыр.
Әр оқытушы заман талабына сай өз жүргізетін пәні бойынша жаңа технологияларды пайдаланса, болашақ маманның білім сапасын тереңдетіп пәнге деген қызығушылығын арттыруға болады.
Қазіргі таңда шеттілдік білім берудің негізгі мақсаты ретінде мәдениетаралық қарым-қатынас құзіреттілігін қалыптастыру болып табылады. Осы мәселені жан-жақты зерттеп келе жатқан кейінгі кезеңде көптеген отандық зерттеушілердің еңбектерін атап көрсетуге болады, солардың қатарында: Кулибаева Д.Н., Мыңбаев А.К. (қазіргі білім берудегі компетенттілік тәсіл мәселесін қарастырған), Нұрахметов Н.Н., Байжасарова Ғ.З., Мұқанова С.Д., Салықова Б.О., Жадрина М.Ж. және т.б. ғалымдар құзіреттілікті қалыптастыру білім беруді ұйымдастырудың бір аспектісі ретінде зерттеуге көңіл бөлсе, Демеуова Ш.Е., және Қожахметова К.Ж. т.б. ғалымдар тәрбие беру тұрғысынан студенттердің құзіреттілігін қалыптастырудың ғылыми теориялық негіздерін жасауды ұсынған. Сонымен қатар, Ресейлік ғалымдардың осы тақырып аясында кең зерттеу жүргізгендер қатарында – Верещагин Е.М., Костомаров В.Г., Гальскова Н.Д. атап айтуға болады [Гальскова Н.Д., 2008, с. 58].
Шеттілдік білім беру гуманитарлық білім беру саласының студенттерді профессионалдық даярлаудың әлеуметтік-мәдени, құндылықты қалыптастырушы, әлеуметаралық потенциалын көрсетудің ерекше мүмкіндіктерімен қамтылған бір түрі болып табылады.
Бүгінгі таңда шетел тілін оқытудың басты мақсаттарының бірі –мәдениетаралық қарым-қатынасқа қабілетті, шетел тілін сол тілде сөйлеуші ұлттық тілдік және әлеуметтік-мәдени ерекшеліктеріне сай, дұрыс қолдана алатын, білімді де мәдениетті мамандар даярлау болып табылады. Жаһандануға түбегейлі бет бұрған бүгінгі қоғамда әлемдік аренадағы өзара экономикалық, қоғамдық-саяси, әлеуметтік қатынастармен қатар ұлтаралық, мәдениетаралық қатынастар да аясын кеңейтіп, нығаюда. Осы бір әлемдік үдерістен кеш қалғысы келмегендер бүгінде ел игілігіне еңбек ету мақсатында шегара асып білім алып, тіл меңгеруде. Қоғамда өз орнын тауып, өзге ұлтты тереңірек білу үшін тек оның тілін біліп, сол тілде сөйлей білу жеткіліксіз екендігін өмір өзі дәлелдеді.
Достарыңызбен бөлісу: |