Ұлттық аңшылық дәстүрлері
Бұл өнермен араб шейхтары, ағылшын лордтары айналысады, және ол, әрине, баяғы көшпелілер – қазақтар, татарлар, қырғыздарда және басқа да халықтарда сақталған.1998 жылы Алматы облысының Нұра ауылында «Саятшы» атты ұлттық аңшылық түрлерінің алғашқы клубы ашылған болатын. Жобаның мақсаты – сирек жыртқыш құстардың популяциясын қорғау және аңшылықтың ұлттық дәстүрлеріне қолдау көрсету. Клуб үлкен қорғаушылық және ғылыми –зерттеу жұмысын атқарады. БҰҰ жобасына қатысып, құстар ұя салатын жерлерге жем салып, олардың қыстан аман шығуына көмектескен. Нәтижесінде бір жылдың ішінде бүркіт ұяларының саны 13-тен 53-ке дейін артты. БҰҰ өкілдері мұндай жылдам нәтижеге сенбей, тексеруге келіп, және нәтижеге көздері жеткеннен кейін клубтың
7
керемет жұмысын ерекше атап өтті. Клубтың негізін қалаушы – Мұхаммед Исабеков. Кезінде ол құжат жинап, ақсақалдардың әңгімелерін тыңдап ел аралайтын. Аңшы құстар мұражайын құру туралы ой сол кезде туындаған болатын. Нәтижесінде 2003 жылы мұражай ресми мәртебеге ие болды.
Ғасырлар бойына адамдар тұзақ, тор, қақпан, апан, найза, садақ пен жебе, кейіннен мылтықтың көмегімен аңшылық етіп, азығын тапқан. Құспен аңға шығу көшпелілерде аңшылықтың ең кең тараған түрі болатын. Неғұрлым олжалы және тәжірибелі аңшылар – бүркітшілер немесе құсбегілер – халық арасында үлкен құрмет пен беделге ие болған, ал жабайы құстарды қолға үйрету мен тәрбиелеу өнері ғасырлар бойына жинақталып, мұра ретінде ұрпақтан ұрпаққа табысталып, құпияда сақталған. Қазіргі кезде азық табудың бұл түрінің аса қажеті жоқ, бірақ аңшылыққа деген құмарлық гендік деңгейде сақталған. Барлық елде аңшылық клубтар мен қожалықтар ұйымдастырылып, заң арқылы жануарларды мейірімсіз атып жоюға шектеу қойылып, олардың кейбір түрлерінің популяцияларын реттеу және тіпті бұрын жойылуға жақын қалған түрлерінің санын арттыру мүмкіндігі пайда болды. Құс салып аңға шығу енді спортқа, өнер түріне айналды.
Бүркіттің жабдықтары
Құсбегілердің өзіндік терминдері бар. томаға- құстың басына кигізіп қояды,яғни,иесіне де, басқа да адамдар мен аңдар үшін сақтық шарасы болып табылады. Ертеректе томағаны асыл тастармен көмкеріп, күміспен шегелейтін болған. Құстың иесі томағасын өзі тігіп, ырымдап, көзтимесін деп үкі тағып қоятын болған.
8
Қыран құстың сирағына тағылатын бауды аяқбау немесе балақбау деп
атайды. Бұл-бау қыран құстың аяғында үнемі бірге жүреді.
Аяқбауды матап байлайтын бауды-шырынбау дейміз. Бұл қолға қондырғанда, тұғырға отырғызғанда керек.
Қыранды қолға қондырғанда, міндетті түрде оң қолға биялай киеді. Ол – ішінде жұмсақ киіз немесе мата салынған, теріден тігілген қолғап.
Аңшыға жеңіл және құсқа ыңғайлы болу үшін ерге арнайы тұғырықтарды бекітеді Бүркітті қолға үйретіп, аңға салу үшін қажетті бұйымдар: томаға, тамақ бау, балақ бау, балдақ болады. Әрқайсының өз қызметі бар.
Бүркітті-қанаты қатпаған сары ауыз балапан кезінде ұядан алады, тұз тағасын тормен ұстайды.Балапанды үйге әкелгеннен кейін баули бастайды. Құсбегі оны сылап-сипап, мәпелеп, өзіне үйір қылады. Оған алдымен балақбау тағып,томаға кигізеді. Одан 3-4 қадам қашығырақ барып,аяқбаудың ұшынан ұстаптұрып биялайлы қолындағы етке «Кәл», «кәл» деп шақырып үйратеді Одан соң балығаны қыран бүркіт болса, түлкі яки қоян терісіне сабан, шөп
9
толтырып, сыртына ет қыстырып оны ұзын жіпке байлап,атпен сүйрете қашады да, бүркітті соған түсіреді. Оны далбай тастап, шырға тарту дейді. Далбайдан соң тірі аңдарды шырғалап, балапанды енді соған түсіреді. Оны «тірілеу» деп атайды. Тірілеуден кейін құс қайыруға келеді. Қайыруға келгелі болса әбден үйренгені. Құстың «тілін» табу-оның бабын табу деген сөз. Бабы келген,бағуы келіскен қыран ғана аң-құсқа түсе алады. Қыранның жейтін жемін,ұйқысын құсбегі қатан бақылауға алып отырады.
бүркіттің жабдықтары ұсынылған. Құстарға арналған берперделер – тұмағандардың, аңшы құстарды отырғызатын тұғырықтардың (отырғыштардың) үлкен топтамасы бар. Бүркіт – ауыр құс, оның салмағы үш килограмнан он килограмға дейін жетеді..
Жаяу жүрген кезде тұғырықты адамның беліне бекітеді, ал қолға қашанда арнайы қолғап киіледі. Мұражайда осы бұйымдардың топтамасы да ұсынылған. Мұнда бүркіттердің олжалары да бар: альбинос түлкі, қасқыр, сілеусін, қызыл түлкінің терілері. Үзеңгінің көне түрлерінен қазіргі түрлеріне дейінгі үлкен топтамасы да қызықты. Атақты құсбегілердің (аңшы құстармен аңға шығатын адамдардың) фотосуреттерінің галереясы да бар.
Достарыңызбен бөлісу: |