Ғылыми жұмыстың тақырыбы: «Құс төресі-бүркіт»



бет6/7
Дата27.09.2023
өлшемі421.3 Kb.
#478856
1   2   3   4   5   6   7
Бүркіт ғылыми жоба (2)

Қыран құс өсіру кешені
Іле-Алатау ұлттық саябағы аумағында Орта Азиядағы жойылып бара жатқан жабайы құстарды өсірудің жалғыз ғана кешені орналасқан.Бұл жерде сұңқар , бүркіт, қыран құстарын өсіріп аң аулауға үйретеді. Бұрынғы заманнан бастап сұңқар қазақ халқының аң аулау құсы ретінде қолданылған.Өткен жүз жылдықта,бірнеше тайпа шекарасында қырандар арасындағы кеңінен тараған бүркіт ұяларын табуға болады. Жыртқыш құстың қанаты қалықтаған кезде 2м-ге дейін жетеді. Өсіру кешенінде сонымен қатар қазақтың атақты аңшы итін Тазыны көруге болады.
Бүркіт түрлерін зерттеу кезінде

14
ІІІ Қорытынды
Бүркіт құсы маған ұнайды, оның қайсарлығын, өжеттігін,тегеурінділігі ата-бабаларымыз дәріптеп,халық ауыз әдебиеті ертегілеріне қосқан. Жас батырды қыран құсқа теңеген. Бүркіт биік шыңдар мен зәулім жартасқа мекендейді. Сондықтан менібүркіттің тіршілігі қызықтырды. Мен ғылыми жобаны зерттеу арқылы бүркіттің тіршілігін, бір – бірінен айырмашылықтарын, түрлерін, мекендейтін жерлерін, олардың өз қорегін қалай аулайтындығы, адамдарға пайдасын, олардың санының азайып бара жатқандығын, Қызыл Кітапқа енген түрлері туралы көп мағлұматтар алдым.Қазір бүркіт қазақ саятшыларының қолына ұстар, аңға салар алғыр қыраны, қызықты спорт өнері.Тіпті, қазіргі Тәуелсіз Қазақстанымыздың туында қыранның бейнеленуі дархандылық, қырағылық, биіктік символы ретінде алынғандығын білеміз.
Сондықтан, сөзімнің соңында туған жеріміздің табиғатын, аң –құстарын, әрбір талын көзіміздің қаршығындай сақтайық. Өзімізден кішілерге де соны үйретейік дегім келеді.
Өмірі мен тарихы әріден келе жатқан, сүрлеу-соқпағы ықылым заманнан арнасын тартқан қазақ халқын көзге қалай елестетуге болады. Оған берер жауап дайын. Біз әрдайым қарапайым, еңбекқор, қажырлы, табанды халқымызды қыран құсы, ұшқыр тазысы мен жүйрік аты және үкілі домбырасы арқылы танып білеміз. Ата-бабамыз осы дүниелерді қастерлеп ұстаған, серігі еткен. Халқымыздың ежелгі салтында қыран баптап, аңға шығу дәстүрі қалыптасса, мұны спорттың бір саласы, салауатты өмір салтын ұстану десе де болады. Таза ауада уақыт өткізудің өзі бір ғанибет екенін білу қажет.
Жоғарыда айтылғандай бүркіттің түрлері жойылып кету қауіпінде тұр. Олардың тұқымдары түгелімен жойылмай тұрып, біз оларды қорғауға, қамқорлық жасауға, табиғатты аялауға, өзіміздің қолымыздан келгенше өз үлесімізді қосайық. 

15



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет