Ғылыми жоба «Жылқы малдың төресі»



бет8/11
Дата27.09.2023
өлшемі286.62 Kb.
#478854
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
жылқы 2 (1)

Ахалтеке тұқымы. Әр дәуірдің әр кезеңінде, кез келген ұлттың өз алдына сүйікті жылқы тұқымдары болған. Бірақ олардың бәрі бірдей уақыт сының көтере алмады. Көбісі жер бетінен мүлде жоғалып кетті. Алайда, Ахалтеке тұқымына өзгеше тағдыр бұйырыпты. Бұл жылқы тұқымы түркмен халқының қазынасына жатады. Тіпті, ең ежелгі жылқы тұқымдастараның санатында. Шамамен алатын болсақ, б.ғ.д. III-IY ғасырларда пайда болған.
Ахалтеке жылқылары шапшаңдық жағынан дес бермейді. 1935 жыдары түрікмен салт аттылары Ашхабат пен Мәскеу арасындағы 4 мың 300 км-ді еңсеріп өткен. Бар-жоғы 84 күнде желіп отырып, ең қиын өткел болып саналған Қарақұмды 3 күнде басып өткен.
Жәуміт тұқымы. Түркіменстанның оңтүстік бөлігінде пайда болған, ең ежелгі тұқым. Ахалтеке тұқымына қарағанда жәуміт тұқымы қайырымды. Бастары дәу, мойындары төмен, аяқ қолы мығым келеді. Жүрісі аса жайлы. Қиындықты талғамай-ақ, кез келген ауа райына төтеп береді. Олар Ашхабад-Мәскеу аралығындағы жарыста 800 шақырым жерді 7 күнде тәмәмдап отырған.
Қарабайыр тұқымы. Орталық Азиядағы ежелгі тұқым. Отаны - Өзбекстан. Әдебиет зертеушілерінің айтуынша, Өзбекстан бір кездері «даван арғымақтарымен» алыс шалғайларға танымал болған. «Қарабайыр» сөзінің мағынасы «қолда туып өскен» дегенді білдіреді. Екіншілердің пікірінше - "жүк артылатын көлік", үшіншілер - "қарабайыр" - "араб жылқыларының буданы" дейді. 
Қарабайыр жылқыларының болмыс бітімі бөлекше. Бас бөлігі төмен, қысқа мойынды, өнегелі жылқылар қатарынан. Арбаға жегуде таптырмас көлік ретінде саналады.


Араб тұқымы. Бұл тұқым үлкен атақтарға ие. Жаратылу табиғатының өзі мифтермен араласып жатады. Кезінде еуропалықтар бір араб жылқысының құнының өзін өте жоғары бағалаған. Жер шарының кез келген елі жылқы шаруашылығында араб жылқысын қажет қылған. Ол таза қанды ағылшын, американ, венгер жылқыларының пайда болуында біршама үлес атқарған. 
Араб жылқыларын біздің елде де жоғары бағалайды. Париж көрмелерінде араб жылқылары ең таңдаулылар қатарында есептелген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет