Ғылыми жоба «Жылқы малдың төресі»


"Таза қанды" салт атты тұқымы



бет9/11
Дата27.09.2023
өлшемі286.62 Kb.
#478854
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
жылқы 2 (1)

"Таза қанды" салт атты тұқымы. Бұл тұқымның жылқылары жүйріктік тұрғысында ешкімге дес бермейді. Сол үшін де бұл тұқымның жылқылары алтыннан да қымбат келеді.
Аталған тұқым XYII ғасырда Англияда пайда болған. Басқа да тұқымдардың пайда болуына үлкен ықпал жасады: Германияда - тракенен, мекленбург, ганновер, Венгрияда - фуриозо, нордстрад, нониус, АҚШ-та - салт атты, Польшада - поляк, КСРО да - қостанай тұқымдары.
Салт атты тұқымның бойлары ұзын болады. Қозғауыш күштері аса жоғары. Өте қуатты, сезімтал саналады. Кей кезде еркеліктері шектен шығады екен. КСРО- ның, Қазақстанның, Грузияның, Өзбекстанның ат зауыттарынан табылады.

Дон тұқымы. Дон өзенінің жанындағы аудан орталығында пайда болған. Бастау тарихы осы маңға XV-XVI ғасырларда казактардың қоныс аударуынан басталады. Казак шаруалары Россияның оңтүстік бөлігін қорғайтын болғандықтан, салт атты тұқымға зәру болатын. Соғыс алаңындағы шешуші жеңіске аттың да қатысы барын казактар жақсы білетін. Сол себепті де олар бар жігерлерімен жақсы тұқымдар шығаруға талпынды.
Дон тұқымы өте қатаң ережелерге де құлақ асады. Олар жаздың аптабында да, қыстың суығында да төзімділік көрсете алады. Тамақтану жағынан қолайсыздық алып келмейді.

Буденный тұқымы. Кеңестік мамандардың арқасында 1921-1948 жылы Ростов облысындағы дүниеге келді. Сол кездерде жетекшілік еткен КСРО-ның маршалы С. М. Буденный болатын. Дон жылқысы мен салт жүрісті жылқыларымен будандасуының арқасында, бұл тұқым бірден көзге түсті. Осы еңбегі үшін Буденный бастаған ең бірінші Атты әскерлерлер құрмет ордендерімен марапатталды.
Аталған тұқым кез келген қашықтықта жақсы көрсеткіштерге жеткен. Олар - ұзын денелі, омыраулы, сүйекті, шапшаң болып келеді. Және төзімділіктерінде шек жоқ. 1946 жылы Сальск-Ростовтан Донға дейінгі қашықтықты 18 сағат 25 минутта басып өткен. 


Украинаның ұлттық тұқымы. Соғысқа дейінгі жылдар орыстың салт атты тұқымдары жақсы тасымалданған. Біраз бөлігі фашистер құртып жіберген. Сол үшін де салт атты тұқымның жаңа үлгісі жасалуға тиісті еді. Және ол ұзақ күттірмеді. Украина, Александрвск зауыттары осы тұқымды ойлап тапты.
Бұл жылқылардың бойлары, мығым денелері, әдемі де еркін жүрістері, түр-түстері адам қызығушылығын тудырары сөзсіз.

Қазақ тұқымы. Жазиралы даланың бойындағы қазақ жылқылары аласа болып жайлып жүргенмен, шабыс жағынан келгенде ешкімнен кем түспейтін. Олар күніне үзіліссіз 70 шақырымды емін-еркін еңсеріп отырады. Ашық аспан астында, кез келген температурада көнбістік көрсетеді. Әрі шөп талғау дегенді білмейді де. Бұған қоса, жергілікті тұрғындар арасында ұлттық ат жарыстарында табандары қызады. Қазақ жылқылары сүт өнімін көп береді.
Қазақ жылқысы бірнеше түрге бөлінеді. Соның бірі - Адай жылқысы. Адай жылқысы түрікменнің текежәуміт арғымағымен будандасқан делінеді. Ертеде түрікменнің «теке» руы «жәуміт» руына қарсы соғысқанда, өздеріне болысқаны үшін текелер адайларға бір сұлу қыз бен жүйрік ат берсе керек. «Қыз жақсысы мен ат жақсысы теке түрікменде» деген сөз сонан қалса керек-ті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет