Ғылыми жоба Тақырыбы: Қазақ тіліндегі «ғ» дыбысының қолданысы


Зерттеу жұмысының кіріспесі



бет2/5
Дата01.04.2024
өлшемі76.21 Kb.
#497222
1   2   3   4   5
Ғылыми жоба

Зерттеу жұмысының кіріспесі.
Зерттеу жұмысының өзектілігі.
«Қазақ тілі сөздерінде «ғ» дыбысының қолданысы» атты зерттеу жұмысына Қазақ тілі сабақтарында және сабақтан тыс уақытта «ғ» дыбысы кездесетін сөздердің дұрыс айтылу, жасалу, жазылу жолын меңгерту мен жалпы қолданысының жолдарын көрсету жатады.
Қазіргі Қазақ тіл білімінде тілдік құбылыстардың бірқатары терең зерттелгенімен зерттеуді одан әрі қажет ететін құбылыстар немесе зерттелген құбылыстардың зерттей түсетін тұстары да баршылық. Сол құбылыстардың бірі – «ғ» дыбысының дұрыс айтылу, жазылу, қолдану ерекшеліктері. Әрине, «ғ» дыбысы мүлдем қарастырылмаған, не зерттелмеген құбылыс деп айта алмаймыз, бірақ оның толық зерттелмеген және әлі де болса қанағаттандыра алмай жатқан жақтары барлығын айқындай кеткім келеді.
6
Мақсаты мен міндеттері.
Зерттеу жұмысымның негізгі мақсаты – Қазақ тіл біліміндегі «ғ» дыбысының айтылу, жазылу құбылыстарын анықтау, оларға толық түсініктеме беру, меңгерту және жалпы қолданысының жолдарын көрсету жатады.
Алға қойған мақсатымызға жету үшін мынандай мәселелерді жүйелі түрде дәлелдеуді міндет етіп қойдым:
- фонетика жүйесін зерттеу;
«ғ» дыбысының айтылуы мен жазылуындағы ерекшелігін қалыптастыру;
- сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіру;
- көркем шығармалардан және күнделікті тілдік қарым-қатынастан «ғ»
дыбысы кездесетін мысалдар теріп, талдау;
7
Зерттеу нысаны.
Бұл зерттеу жұмысым Қазақ тіл біліміндегі «ғ» дыбысының құбылыстарын айқындауға арналады.
Мұндай құбылыстарды көрсету үшін мен көркем әдебиетке, атап айтсақ, ертегілерге жүгіндім. Мәселен, балаларға арналған «Ер Төстік», «Қаңбақ шал», «Алдар көсе мен Шығайбай» ертегілерінен мысалдар теріліп алынды. 
Зерттеу жұмысының құрылымы.
Зерттеу жұмысым кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады
. 3 Зерттеудің әдістері.
Зерттеу жұмысының мақсатына орай сипаттама, салыстырмалы әдістер басшылыққа алынды. Жиналған материалдарды іріктеу, талдау және жүйелеу әдістері қолданылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет