1.2. Қазіргі Қазақ тілінің фонетикалық жүйесі. Фонетика – тіл дыбыстары туралы ғылым. Ол бұл ғылымды дыбыстау мүшелері, дыбыстардың құрамы мен түрлері, дыбыстардың үндесуі және екпін, буын мәселелері деген салаларға бөліп зерттейді. Фонетика (гректің phônçtіkуs – «дыбыс мағынасы» дегеннен шыққан) тіл дыбыстарын зерттейді, оның негізгі объектісі тіл дыбыстары.
Тіл білімінің басқа салаларымен салыстырғанда фонетика өз нысанының тілдік қана емес, материалдық жағын да – дыбыстарды жасайтын адамның дыбыстау (артикуляция) жүйесін, яғни айтылым базасын, дыбыстың айтылымын (акустикасын), естілімін (перцепциясын) қарастырады.Осыған байланысты қазіргі фонетиканың нысаны ретіндегі тіл дыбыстары тілдік (функционалдық), жасалымдық, айтылымдық, естілімдік жағынан қарастырылады.
Сөз дыбыстардан тұрады, ол – тіл дыбыстары.
Қазақ тілінде 9 жалаң дауысты (монофтонг) (а,ә,е,о,ө,ұ,ү,ы,і) және екі дифтонг дауысты дыбыс (и,у) бар. Сонда қазақ тілінің дауыстылары – 11. Орыс тілінен енген э, ё, ю, я дауыстыларын қосқанда, небары 15 дауысты болады.
11
Қазіргі қазақ тілінде 25 дауыссыз дыбыс бар. Қазақ тіліне тән дауыссыз дыбыстар жүйесін мына дыбыстар құрайды: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, (у), ф, х, һ, ц, ч, ш, щ. Сонымен бірге в, ф, ц, ч, щ – қазақ тіліне орыс тілінің әсерімен енген дауыссыздар.
Дауыссыз дыбыстардың жіктелуі. Дауыссыз дыбыстар негізінен үн мен салдырдан жасалады.
12