Зерттеудің жаңалығы: «ғ» қатардағы көп дыбыстың бірі емес, Қазақ тілін әлемдік тілдерден, тіпті, туыс түркі тілдерінен де даралап, өзіндік сипатын көрсететін ерекше дыбыс.
8
І ТАРАУ
Қазақ тілі фонетикасы туралы жалпы түсінік
1.1. Қазақ тілінің тарихи даму жолы.Қазақ тілі – сан ғасырдан бері ата-бабадан мирас болып келе жатқан киелі дүние. Ол халықтың алтыннан да қымбат кені. Тіл – адам баласының әлем бейнесін тану жолындағы түсінігінің, ойының, сезімнің, идеясының, дүниетанымының көрінісі. Тілде Қазақ халқының барлық құнарлы ойы, құнды қиялы көркем сөзбен кестеленген. Сондықтан да тілдің болашағын бағамдау үшін, оның кешегі өткен тарихын білу – қажеттілік.
Алғашқы зерттелулерде Қазақ тілі дыбыс жүйесі туралы, Қазақ тіліндегі дыбыстардың саны мен сапасы туралы бірізді пікір де, қазақша терминдер де жасалған жоқ. Нағыз ғылыми зерттеу Ахмет Байтұрсынұлы пен Құдайберген Жұбанов еңбектерінен басталады деп білеміз.
Оқу-ағарту идеясы Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейхановтар бастаған шоқ жұлдыздай боп жарқырап шыққан қазақ зиялыларын нақты
іс-әрекеттерге алып келді. Сауат ашатын таңбалар (графика) түзілді, енді осы әліпбиді мектепте оқытып, жазғызып үйрету қолға алынды. 1910 жылдан бастап Ахмет Байтұрсынұлы балалардың сауатын аштыратын «Оқу құралы, қазақша алифба» (әліппе) атты еңбектерді ұсынды. Сауат ашқан балалар әрі қарай ана тілдерін пән ретінде оқып тануларына арнап Ахмет Байтұрсынұлы «Тіл-құрал» атты атақты тұңғыш ұлттық оқулық жазды. Үш сатылап оқытатын бұл құралдың алғашқысы қазақ тілінің фонетикалық жүйесін танытуға арналған. Оны автор «дыбыс жүйесі» деп атайды. Осы дыбыс сөзінен бастап Ахмет Байтұрсынұлы қаламынан қазақ тілінің фонетика, морфология, синтаксис салаларының барлық терминдері дүниеге келді.
9
А.Байтұрсынұлы оқулықтары негізінен мектеп оқушыларына арналып 1912-1929 жылдар аралығында бірнеше рет басылып шығып отырған. А.Байтұрсынұлы еңбектерінде және ғалымды өзіне ұстаз тұтқан Т.Шонанов, Қ.Кемеңгерұлы, Қ.Жұбанов т.с.с. ізбасарларының еңбектерінде функцио-налды грамматиканың нышандары байқалады. Ахмет Байтұрсынұлы еңбек-терінде, яғни ХХ ғасырдың басында ұлттық тіл білімі қалыптаса бастаған кездің өзінде-ақ ғалымның функционалды грамматиканың көптеген мәселе-лерін терең зерделеп, түсінгені байқалады. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі жөнінде алғашқы мәліметті Н.И. Ильминскийдің 1860 жылы Қазан қаласында шыққан «Материалы к изучению киргизского наречия» («Ученые записки Казанского университета») деген еңбегінен кездестіре аламыз.
10
5
Достарыңызбен бөлісу: |