Ғылыми жоба Тақырыбы: Қазақстандағы жетімдер үйі



Pdf көрінісі
бет8/11
Дата13.12.2023
өлшемі491.2 Kb.
#486373
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Шарафатова Ұлдана2

III Зерттеу нәтижелері 
3.1 Сауалнама нәтижелерін зерттеу 
 
2-сурет .Сіз жетімдер үйі туралы білесіз бе? 
Жалпы жетімдер туралы және жетімдер үйі туралы білетініміз айдан 
анық. Балалар үйі— ата-анасыз қалған, мемлекеттің көмегі мен қорғауына 
мұқтаж балалар үшін құрылған тәрбие беру мекемесі. Балалар үйін 
ұйымдастырудың мақсаты — балаларға мемлекет тарапынан пана болу, 
материалдық, моральдық көмек беру, олардың білім мен тәрбие алуына 
қолайлы жағдай жасау, мамандық таңдауына көмектесу, тәуелсіз өмір сүруге 
даярлау. 
 
 
 
3-сурет.Сіз тұл жетім деп кімді айтар едіңіз? 
Сауалнама нәтижесі бойынша жауап берушілердің 76% ата-анасынан 
айырылғандар деп жауап берген.Ал 20% анасы немесе әкесі жоқ адам деп 
атаған.Ал қалғаны бауырлары жоқ адам деп жауап берген. Жетім — ата-


19 
анасының екеуi де немесе жалғыз басты ата-анасы қайтыс болған бала болып 
табылады. Сондай-ақ ата-ана құқықтарының шектелуiне немесе олардан 
айырылуына, ата-анасы хабар-ошарсыз кеттi деп танылуына, олар өлдi деп 
жариялануына, әрекетке қабiлетсiз (әрекет қабiлетi шектеулi) деп танылуына, 
ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуiне, ата-
анасының баласын тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерiн 
қорғаудан жалтаруына, оның iшiнде ата-анасының өз баласын тәрбиелеу 
немесе емдеу мекемелерiнен алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-
анасы қамқорлық жасамаған өзге де жағдайларда жалғызбасты ата-анасының 
немесе екеуiнiң де қамқорлығынсыз қалған бала. 
 
 
4-сурет.Жетімдердің көбеюінің себебі не деп ойлайсыз? 
Бұл сауалнаманың басым көпшілігі яғни 52% ата аналардың ішімдікке 
салынып баланы қараусыз тастап кетуі деп айтқан.Ал одан кейінгі 36% 
атааналардың ажырасуы деп жауап берген екен.Ал қалған пайызы анасының 
не болмаса әкесінің қайтыс болуы деген нұсқаны таңдаған екен. Қазіргі таңда 
балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан жетімдердің саны күн сайын көбейіп 
келеді. Жетімдер –қамқорлықсыз қалған әлеуметтік жетімдер және әке- 
шешесінен айырылған жетімдер болып екіге бөліп қарастырылады. Біздің 
елімізде жетімдердің басым көпшілігі әлеуметтік жетімдер. Әке-шешелері 
ішімдікке салынып, баласына мүлде көңіл бөлмейді. Ал бұндай 
жауапкершіліксіздерді мемлекет заңға сүйене, ата-ана құқығынан айырады. 
Тастанды балалардың да саны аз емес. Сау болса да, еш аяусыз баласын тағдыр 
қаталдығына қиып, «тастанды» атандырады. 


20 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет