24
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта келе балалар үйі жағдайында болу тәрбиеленушілердің психикалық
дамуындағы ерекшеліктердің пайда болуына алып келетіні белгілі. Негізінде
бұл
психикалық
даму
мен
негативті
тұлға
құрылымдарының
қалыптасуындағы кедергілер.Балалар үйінде тәрбиеленуші
жетім балаларда
маңызды әлеуметтік институт – отбасының әсері болмайды. Тәрбиеленушілер
үшін балалар үйі – уақытша орын және оқуды бітіргеннен кейін балалар ашық
социумға өз еркінше өмірге жіберіледі.
Балалар үйі тәрбиеленушілерінің әлеуметтік жұмыстардың түзету-дамыту
бағыттылығын жүзеге асыру кезінде тәрбиеленушілер тұлғасы дамуындағы
кедергілер мен негативті ауытқушылықтардың алдын алу бойынша жүйелі
және мақсатты жұмыстар жүргізу қажет, қалыптасып
кеткен негативтік
тұлғалық құрылымдарды түзету және сәтті өзіндік өмірге талап етілетін тұлға
сапалары мен қасиеттерін дамыту қажет.Тәрбиеленуші
тұлғаның дамуына
балалар үйінде болудың әсер етуін жеткіліксіз есепке алу және бұл әсерді
түзету бойынша жүйелі және
мақсатты жұмыстың жоқтығы
тәрбиеленушілерде әртүрлі тұлғалық қарама-қарсы құрылымдарды,
психикалық
дамудың ауытқушылығын дамытады, яғни бұл балалар үйінен
шыққан түлектердің әлеуметтік бейімсіздігіне әкеп соқтырады. Сондықтан
біздің ұсынымыз, жетім балаларды қоғамға бейімдеуде балалар үйінде және
мектеп-интернаттарда оқыту-тәрбиелеу процесінде
әлеуметтік бейімдеу
бойынша нұсқаулықтарды кеңінен қолдану керек.Балаларды қоғамға бейімдеу
түзету-дамыту жұмыстары бағытында жүргізілу керек.
Тәрбиеленушілерді
әлеуметтік
бейімдеу
бойынша
жұмыстардың
тиімділігінің негізгі өлшемдері балалар үйінен шыққаннан кейін олардың
қоғамда өз бетімен еркін өмірге бейімделуінің
жоғары деңгейі болып
табылады. Тәрбиеленушілердің бейімділігінің негізгі көрсеткіштері ретінде
келесі белгілерді көрсетуге болады:
біріншіден, тәрбиеленуші қаншалықты
өзінің білімін жалғастыра алды, мамандық бойынша қаншалықты дайындала
алды;
екіншіден, тәрбиеленуші қаншалықты жұмысқа орналаса алды;
үшіншіден, ол қаншалықты өз
отбасын кұрып, балаларын тәрбиелей алды.
Достарыңызбен бөлісу: