7
әлеуметтік педагогтар, содан кейін психологтар, жалпы педагогтар.
Оларды
әлеуметтендіруге қиыншылық тудыратын себептерге тоқталар болсақ, олар
әлеуметтік
бейімделу
деңгейлерінің,
әлеуметтік
белсенділіктерінің,
әлеуметтік құзыреттіктерінің, әлеуметтік құндылықтарының қалыпта-суы
төмендегідей болып отыр. Оларды әлеуметтендіру әлеуметтік педагогтар-
тәрбиеші-педагог-қоғам жүйесі арқылы іске
асырылуы тиіс деген тұжырым
жасауға болады. Демек, жетім балаларға әлеуметтік-педагогикалық тұрғыдан
көмек көрсету, өмір сүруге үйрету, өзімен қатар алып жүру әлеуметтік педагог,
психологтардың, тәрбиешілердің, кәсіби іс-әрекеттерінің жүйесі болып
табылады. Бұл жетім балаларды өзімен қатар алып жүру баланың бойындағы
жеке қасиеттерге сүйену арқылы іске асырылады. Жетім балалардың тұлғалық
әлеуметтенуіне бағытталған педагогикалық алғы шарттар жасалуы және
теориялық тұрғыдан жүйеге келтірілуі,
әдістемелік тұрғыдан нақты
қарастыру, кезек күттірмейтін мәселе деп айтуға болады. Балалар үйіндегі
тәрбиеленушілер шектеулі қарым-қатынастың шеңбе-ріндегі әлеуметтік
байланыстардың тұйық жүйесінде өмір сүреді. Отбасының, білім беру
жүйесінің әлеуметтендіру әсері барынша кемиді, достарымен, құрдастарымен
қарым-қатынас шеңбері тарылады. Қоғам мекемедегі баланы шеттетіп, оны
өзінен және де мәдени құндылықтар мен заңдылықтардан алшақтатады.
Балаға қоғамнан алшақтату жағдайында әлеуметтік мәдени тәжірибені жеткізу
қиындайды, ол ересек болған кезде де орны толмас тапшылық болып қалады.
Достарыңызбен бөлісу: