Әрбір хроматикалық түстің өзіне тән үш қасиеті немесе ерекшелігі бар:
Түс реңкі бұл хроматикалық түстің өзіне жарықтығы жағынан тең келетін ахроматикалық түстен негізгі айырмашылығы, негізгі қасиеті.
Жарықтық ұғымы хроматикалық түсте қара не ақ пигменттің қаншалықты мөлшері бар болуымен түсіндіріледі.
Түс қанықтығы түстегі таза бояутегінің болу дәрежесі. Ең қанық бояу спектр түстері болып саналады.(мысалы: қанық қызыл, қанық көк түс, т.б)
Қанық бояу деп – түстегі ашықтық дәрежесін түс қуатын, үдемелі қарқындылықты түсінуге болады.
Түс реңкі бір түсте екінші түс қоспаларының араласуымен сипатталады. Мысалы: қызыл күрең түсте көк түс, қызғылт сары түсте сары түс қатысады. Ахроматикалық түстер бір бірінен тек қана жарықтығымен ғана ерекшеленеді. Ақ пигмент көп қосылған түстер пастельді деп аталады. Осы ақсұр түстердің үйлесімділігі барлық түсті тегістейтін ақ түстің болуына байланысты
Пастельді түстің түстік үйлесімділігі - түстік тепе – теңдік , мұнда бірде- бір түс ерекшеленбейді.
Ақ түстердің үндестігі – бұл жарықтық гаммасы, ал әр түрлі қара – қара-күңгірт гамма болып табылады.
Хроматикалық түстер қабылдануына қарай
жылы түстер суық түстер
Адамды жылы денелерге жақындатқандай әсер береді, мысалы, жылы немесе ыстық денелерге судың, мұздың, аспанның түсін, ымырт уақытын бейнелейтін күн, от, жарық, сәуле сияқты ұғымдарды санауға болады.
Көп түстердің арасынан басты төрт түсті бөліп алуға болады:
- сары;
- қызыл;
- көк;
- жасыл.
Тек осы түстер ғана ешбір қоспасыз таза түс – бояулар болып есепеледі.
Адам түстерді дененің барлық жасушаларына әсер ететін белгілі бір сипаты бар толқындар ретінде қабылдайды. Түстер шоғыры әсерінің күш-тілігі сондай, ол тіпті адамды өлтіре алады. Өте сезімтал адамдар бөлмеде ілулі тұрған түстер шоғыры дұрыс таңдап алынбаған суреттерден қайтыс болған жағдайлар кездескен. Ертеде балаларды қызыл матаға орап қызылшадан емдеген. Көптеген өкпе аурулары көк түспен емделеді. Өкпе санаторийлерінде қа- бырғалардың көкшіл түс- ке боялуы бекер емес, бұл имунитетті күшейтеді. Қан тамыры аурулары кезінде көгілдір және жасыл түстер қолданылады. Бүгінгі күнгі косметологиялық орталықтар дәрі-дәрмекпен қоса түстермен емдеуді де жүзеге асырады. Безеу шыққанда және бет терісін тарту қажет болғанда қызыл қызғылт сары түсті жарық түсіру процедуралары жүргізіледі. Егер түсқағаз түсінің Сіздің денсаулығыңызға кері әсер ететінін анықтасаңыз, үйіңізді жөндеуге асықпаңыз. Бір түстің кері әсерін басқа түстің әсерімен басуға болады. Мысалы, қызғылт сары түстің әсерін көгілдір және ақшыл түспен, сарыны күлгінмен, қызыл түстің әсерін жасыл түспен басады. Бөлмеңізге тиісті түстегі сурет іліңіз немесе қандай да бір әшекей қосыңыз.
Негізгі түстерге тоқталсақ:
АҚ түс көп жағдайда жарық, қауіпсіздік пен тазалықты білдіреді. Сондай-ақ бұл түс ізгілік, пәктік пен мінсіздік сияқты қасиеттермен байланыстырылады. Киелі кітапта ақ түс өте көп қолданылған. Мысалы, аяндарда әділдік пен рухани тазалыққа баса назар аудару үшін ақ киім киген адамдар мен періштелер көрсетілген (Жохан 20:12; Аян 3:4; 7:9, 13, 14). Ал аппақ, таза зығырдан киім киген адамдардың ақ боз аттарға мінгендері әділ соғысты білдіреді (Аян 19:14). Құдай күнәларды кешіруге дайын екеніне айрықша мән беру үшін ақ түсті қолданып, былай дейді: “Күнәларың ал қызыл болса да, рақым етіп, сендерді қардай аппақ қылмақпын” (Ишая 1:18). Бұл түс адам энергиясының тазалануына өз әсерін тигізеді. Ақ түс таңдайтындар, әдетте, жинақы, адал ниетті адамдар болып табылады. Көп жағдайда олар талап қоя біледі. Ақ түс қараңғы жерлерге жарық беріп тұрады, жандандыра түседі. Егер өзіңізді мейірімді, ретті, таза адам етіп көрсеткіңіз келсе, әрдайым ақ түсті киім сатып алуға тырысыңыз
Достарыңызбен бөлісу: |