Ғылыми журнал үш айда бір рет шығатын ғылыми журнал



Pdf көрінісі
бет102/264
Дата30.04.2023
өлшемі4.7 Mb.
#473044
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   264
34-36-PB (2)

Отан тарихы №1 (97) 2022
ISSN 1814 - 6961 E-ISSN: 2788-9718
93
жылжымады. Ақыры Д. Чернявскийдің өзі қызметтен кетуге мәжбүр болды. Ол науқасына 
байланысты өзін қызметтен босатуды өтініп, әскери губернатордың атына арыз жазған. Архив 
қорында осындай мазмұндағы бірнеше өтініш тіркелген. Нәтижесінде оның өтініші 
қанағаттандырылып, оның орнына священник болып Василий Покровский тағайындалды. Бұл діни 
қызметкер де жұмысында біраз қиындықтарды бастан кешірді. Бастапқыда оның үгіт-насихатына 
қоныс аударушылар құлақ аса қоймады. Қызметіндегі қиындықтарын 1869 жылдың 17 қаңтардағы 
генерал-губернатор Колпаковскийге жазған хатында жасырмай жеткізді. «3 сәуірде жазылған 
бірінші хатымда мен сізге шоқыну рәсімінен өткен Сарқан қалмақтарының өздерінің құлшыныстары 
мен бейімділіктерін шіркеуге білдірмейтіндігін, сондай-ақ олардың ескі әдет-ғұрыптарымен, ұлттық 
киімдерімен, шаш бұрымдарымен және т.б. қоштасқылары келмейтіндігін хабарлау құрметіне 
ие болдым. Олардың сыртқы келбеттерінен шоқынған адамдарға ұқсағандары дұрыс болар еді» 
(ҚР ОМА, 29261:139), – деген хаттың мазмұнынан В. Покровский жұмысының өрге баспай 
жатқандығы анық байқалады. Орын алған жағдайда өзін ақтау үшін қолынан келгенін бәрін жасап 
жатқандығын да бүкпесіз жеткізді. Оған дәлел оның мына сөздері: «Менің миссионер ретіндегі 
ұзақ мәлімдемем және ол олармен қатардағы қарапайым адам ретінде сөйлесуім әзірше еш нәтиже 
бермеді. Мен олардың өздерінің бодандықты қабылдағанын және шоқыну рәсімінен өткендерін, 
ақырында өздерінің жеке қалауы бойынша казактардың қоғамына енуге ниет білдірігендерін 
айттым. Бұлардан кейін бұрынғы қалмақша өмір сүру, жаңа қалмақ киімдерін тігу, шаш қою 
шіркеуге деген мейірімділікті білдірмейді, бұл Құдайды және Ресей үкіметін алдауды білдіреді» 
(ҚР ОМА, 29261:139) 
Осындай үгіт-насихат істерімен күнделікті айналысып отырғандығын басынан кешкен 
жекелеген оқиғалар арқылы хабарлап отырды. Мәселен, неке қиюға келген ерлі-зайыптылардың 
әрекетін сол күйінше жеткізді. «Кеше маған екі қара қалмақ жұбы неке қиюға келді. Менің 
ескертуіме қарамастан, күйеу жігіт шаш бұрымымен, ал қалыңдық өздерінің ұлттық көйлегімен, 
бас киімімен келді. Тіпті шоқынуды қаперлеріне де алмайды. Мен олардың санасына шіркеуге 
бару керектігін, шоқынуды үйреніп, оны дәстүрге айналдыру және құдайға сенудің қажет екенін 
қайталаудан жалықпадым. Содан кейін қалыңдық пен күйеу жігіттің әкелерін мектепке шақырып 
алып, олармен сөйлесіп, сендіруге тырыстым. Мен олардың ұлттық киімдерін кисе де шаштарын 
кесіп, бас киімдерін шешуді талап еттім. Дегенмен қалмақ киімдерін орыс шаруасының киіміне 
ауыстыруларын қадап айттым» (ҚР ОМА, 29261:200), – дегені осының айғағы. Миссионер 
ретінде жаңадан шоқындарды өзінің айтқандарына көндіру және діттеген жеріне жету үшін өлке 
басшысына қалмақтарға шіркеу талаптарын орындатуда ауызша сендірудің аздық ететіндігін, заң 
талаптарын енгізу қажеттілігі турасында өз ойын батыл білдірді. Осыған баса назар аударуды өтінді. 
Орын алған жағдайдан Жетісу казак әскері І-атты полкінің командирі әскери старшина 
Половцевті де құлақдар етті. Шоқынған эмигранттардың В. Покровскийді тыңдамайтындығын 
старшинаның 1870 жылы 3 наурызда әскери губернатордың атына жазылған рапорттан көруге 
болады. Рапортта жаңадан шоқынғандардың миссионер В. Покровскийдің үгіт-насихатына құлақ 
аспайтындығы туралы Сарқан елді мекенінің әскери басшысына хабарлағандығын жазды. Жаңадан 
шоқынғандар миссионердің кеңесіне назар аудармай, әдеттегіше қалмақ киімін киіп, шаштарын өріп 
қоятын болса, оларға қарсы шара қолдану керектігін алдыға тартты. Рапорттың көшірмесін Сарқан 
елді мекенінің уряднигі Копейкинге жібергендігін жеткізді. Урядниктен жағдайға көңіл аударып, 
қарастыруды тапсырды (ҚР ОМА, 29261:201). Урядник Копейкин де бірден Жетісу казак әскері 
І-атты полкінің командирінің атына рапорт дайындады. Рапортта миссионерді тыңдамай ұлттық 
киімін киіп, бұрымдарын кесуден бас тартқан, Ресей бодандығын қабылдаған қалмақтарды жинап, 
В. Покровскиймен бірлесіп, тағы да насихат жүргізгендерін баяндады. Қалмақтарға өздерінің 
дәстүрлерін ұстанып жүруге болмайтындығы туралы нұсқаулықты хабарлағанын жазды. Алайда 
миссионер В. Покровскийдің көзінше қалмақтардың оның зорлығына тайсалмай жауап беріп, 
«бұрымымызды кестіруге қарсымыз, одан да басымызды алыңыздар» дегендерін жеткізіп, «мен 
олардың бұрымдарын күшпен кестіре алмаймын» (ҚР ОМА, 29261:201), – деп заңға қайшы әрекет 
ете алмайтындығын баяндаған. Шындығында да патша үкіметі орыс емес халық өкілдерін 
шоқындыруда зорлық, күштеу тәсілдерін қолданбай, материалдық қызығушылық әрекеттері 
арқылы оларды православие дініне енгізіп отырды. Сондай-ақ өзге халық өкілдеріне түрлі кәсіп 
үйрету арқылы христиан дініне тартты. Мәселен, біз әңгімелеп отырған Сарқандағы миссионерлік 
мектептің жанынан етікші және ағаш шеберлігіне үйрететін орындар ашылды. Сол үшін 
Түркістанның 12-батальнынан кәсіпке үйрететін шеберлер арнайы алдырылды. Бұл жайында 
В. Покровский миссионердің Г.А. Колпаковскийге 1870 жылы 4 қазанда жазған хатында айтылды. 
Мұның өзі Ресей үкіметінің байырғы тұрғындар өкілдерімен бірге өзгелерді православие дініне 
тартуда құйтұрқы шараларды ұтымды пайдаланғандығын дәйектейді. Миссионер жаңа 
шоқынғандардың арасында орыс тіліне үйрету ісінің алға басып жатқандығын, 29 адамға, солон 
және қарашақыр қалмақтарынан тағы 10 баланың қосылғандығын айта келе, егістік жұмыстарын 
аяқтаған эмигранттардың кейбіреулерінің етікші және ағаш шебері кәсіптерін меңгеруге құлық 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   264




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет