Ғылыми журнал үш айда бір рет шығатын ғылыми журнал



Pdf көрінісі
бет105/264
Дата30.04.2023
өлшемі4.7 Mb.
#473044
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   264
34-36-PB (2)

ISSN 1814 - 6961 E-ISSN: 2788-9718
Отан тарихы №1 (97) 2022
96
бір унтер офицер, екі казак, екі қатардағы сарбаз, екі қайырымды әйел, бір казак жұбайы, бір әйел 
сарбаз қатысқан. Бұдан орыс емес халық өкілдерін шоқындырудың әскерилер үшін маңызды оқиға 
болғандығын аңғаруға болады. Алдымен шоқынатындардың тізімі жасалып, содан соң православие 
туралы сөз айтылып, жиналған казактер мен сарбаздардың алдында шоқындыру басталған. 
Эмигранттар рәсімге ықылас танытып, өздерінің дайын екендіктерін білдірді. Жасы ұлғайғаны, орта 
жастағылары, жастары және қолдарында нәрестелері бар аналар қасиетті суға шомылды. Құдай 
әкелер мен аналар шомылудан шыққан әрбір адамға шоқыну кезінде киетін көйлек тігу үшін ақ мата 
кесіндісін үлестірді (ҚР ОМА, 29302:209). Священик Григорий Студитскийдің Сергиополь уездік 
бастығына жазған хатында ақ матаның 137 құлашын сатып алуға, әр құлашына 25 тиыннан барлығы 
38 рубль 50 тиын жұмсағаны айтылған. Жалпы миссионер 1871 жылы 31 қаңтарда Сергиополь уездік 
бастығының атына жазған хатында жаңадан шоқынатындарға арналған ақ мата сатып алу үшін 
104 рубль 50 тиын қаржыны өз есебінен бергендігін жазды. Сондықтан да ол әскери губернаторға 
хат жазып, өзіне осы қаражаттың, Тарбағатайға сапарының жол шығындарының және күнделікті 
жәрдемақының қайтаралуын өтінген (ҚР ОМА, 29302:215). 
Бұдан кейінгі келесі рәсім қасиетті Троица бейнесінің алдына келіп, шоқыну еді. Қалмақатар 
бұл рәсімді қуана бастады. Священник Григорий Студенскийдің айтуы бойынша эмигранттардың 
жүздері бал-бұл жанды. Ұзақ уақытқа созылған шоқындыру аяқталғаннан кейін поручик Бабиков 
оларға шай берді. Ертеңіне 18 қаңтар күні жаңадан шоқынғандар Ресей бодандығын қабылдап, 
үкіметке адал болуға ант етті. Ант қабылдап болғаннан кейін әрқайсысына келесіде берілетін 
жәрдем ақының есебінен әрқайсысына 2 рубльден (күміс ақшамен) ақша берілді. Түстен кейін олар 
штаб капитан Гурдовтың үйіндегі қасиетті дұға ету рәсімін орындауға қатысты және жаңадан 
шоқынғандар крестпен қорғанып, құлшыныспен және жағымды түрде дұға етті. Тропарион 
әні кезінде «Құдай, өз халқыңды құтқар» деп шырқады. Офицерлерден кейін дұға ету рәсімі 
аяқталғаннан кейін жаңадан шоқындыру рәсімінен өткен адамдар да қасиетті су себілген крестке 
жақындады. Осыдан кейін олар барлығымен қоштасып, жүректеріне терең енген сеніммен, 
барлығына қанағатпен қарап, шығып кетті. 19 қаңтарда тағы 6 адам келіп, бодандық пен 
православие дінін қабылдағылары келетіндіктерін білдірді. Алайда оларға жәрдемақы түрінде 
берілетін қаржының жоқтығынан бұл іс кейінге қалдырылды (ҚР ОМА, 29302:209). Айта кетерлік 
жайт, миссионерлер өздерінің қызметін және оның нәтижесін көрсетуге келгенде ерекше ықылас 
танытып, оқиғаны барынша толық көрсетуге ұмтылған. Өздеріне міндеттелген істі адал атқарып 
жатқандықтарына биліктегілердің көзін жеткізуге барын салған. Егер Бақты бекінісіне жақын 
маңда қытай эмигранттарын шоқындырудағы рәсімді миссионер Григорий Студитскийдің өзі 
баяндаса, Бөкен елді мекеніндегі филарет Синьковскийдің қызметін дала генерал-губернаторы 
Г.А. Колпаковскийдің жанындағы шенеунік сипаттап берген. Бөкенде шоқынған қазақтар да 
казак елді мекенінде бірге тұрған. Егер Сарқандағы жаңа шоқынғандарға жер үлесі беріліп, егін 
шаруашылығымен айналысуға жағдай жасалса, Бөкенде жер учаскесін бөлуге Г.А. Колпаковскийдің 
өзі араласып, христиан діні қабылдаған қазақтардың әрқайсысына пайдалануға 15 десятинадан, 
барлығы 600 десятина егістікке жарамды жерлерді берген. Жер үлесін беріп қана қоймай, христиан 
дінінің талаптарын берік ұстанып, егіншілікпен ыждағаттылықпен айналысуға кеңес берді. Оның 
үстіне жер өңдеуге қажетті жетілдірілген еңбек құралдарын Мәскеуден алдырып беруге уәде еткен. 
Сондай құралдармен алқаптарды өңдеу тек қазақтарға ғана емес жергілікті казак тұрғындарына 
үлгі болады деп санады. Уәдеге жаңадан шоқынғандар мен казактар қатты қуанды. Генерал-
губернатор уәде беріп қана қоймай, жаңа ғана христиан дінін қабылдағандарға 5 рубльден ақша 
үлестірді. Кентте мұндайлардың саны 12 болғандықтан, барлығы 60 рубль берілді. Ал олар болса 
«Құдай генерал-губернаторға ұзақ өмір берсін» (ҚР ОМА, 312:12), – деп тілек айтып, шоқынып 
отырған. 
Қазақтарды православие дініне өткізу, шоқындыру ХІХ ғасырдың 80-90-жылдары біршама 
қарқынды жүрген. Осы жылдары Алтай және Қырғыз епархияларының Том миссиясы жыл сайын 
атқарған жұмыстары туралы есеп беріп отырған. Мәселен, Том миссиясының 1892 жылғы есебінде 
христиан дініне тағы да 25 қазақ мұсылмандарының қосылғандығы көрсетілген. Есепте «Әрине, 
жиырма бес адам үлкен көрсеткіш емес, дегенмен цифрлық мәліметтер Құдай сөзін насихаттаудағы 
жетістіктердің көрсеткіші ретінде қызмет атқарады. Бірақ христиан дінінің басты жауы болған 
мұсылмандардың христиан дініне бет бұрып жатқанын ескеру қажет» (Из отчета, 1893), – деп аз 
да болса мұсылмандардың бөтен дінді қабылдауларын мақтанышпен, қанағаттанарлық сезіммен 
жазған. Есепте қырғыз миссиясының көзқарасынша, қазақтардың көпшілігі таза мұсылмандар емес, 
исламды нашар біледі, бірақ шариғатты жақсы біледі. Олар үшін христиан дінінің өкілін өлтіріп 
тастау күнә емес, керісінше Алла жолындағы сауапты іс, сол үшін Құдай оған марапат береді. 
Қазақтар христиандарды орыстармен теңестіреді және барлық христиандарды орыс деп есептейді. 
Сондықтан да қазақ мұсылманына көршілес пұтқа табынушы алтайлыққа қарағанда христиан дініне 
өту өте қиын, сондықтан да бір қазақты болса да шоқындыру миссионерге зор қуаныш сыйлайды». 
Бұдан отарлаушылардың көшпелі қазақ халқының рухани әлемін жетік білгендігін айқын көруге 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   264




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет