Ғылыми журнал үш айда бір рет шығатын ғылыми журнал



Pdf көрінісі
бет167/264
Дата30.04.2023
өлшемі4.7 Mb.
#473044
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   264
34-36-PB (2)

Отан тарихы №1 (97) 2022
ISSN 1814 - 6961 E-ISSN: 2788-9718
153
шығармашылық кеңесінде КСРО сәулетшілер Одағы басқармасының жауапты хатшысы 
И.Е. Маркелов «біздің еліміздегі құрылыстың 80 пайызы типтік жобамен салынып жатқанын, оның 
үлкен кемшіліктерінің бар екендігін атап көрсетті» (ҚР ОМА, 94:17). Шын мәнінде, типтік жобалар 
бірі-біріне конструкциялық шешімдерімен өзгешеленеді. Оның үстіне, белгілі бір қаланы салу 
үшін екі-үш жоба ғана қолданылды, ал үй салатын кәсіпорындар көбіне-көп бір типтегі үйлерді 
шығарумен шектелінді (Градостроительство Казахстана, 1973:62).
1950-жылдары қарқын алған «социалистік индустрияландыру», «тың және тыңайған жерлерді 
игеру» науқанындары сан жағынан онсыз да аз Қазақстан сәулетшілерінің жұмыс жүктемелерін 
айрықша молайта түсті. 1951-1955 жылдардағы Одақ мүшелерінің жалпы жиналыстарында
басқарма отырыстарында Қазақстан сәулетшілерінің жұмысбастылығы, тапсырыстардың көптігі, 
жүктеменің шектен шығушылығы айрықша әңгіме арқауы болып отырды. Қазақстан сәулетшілерінің 
бұл кезеңдегі жүктемесінің көбейе түсуінің, шығармашылық Одақ жұмысына да әсері тиді. 
1955 жылдың 14-шілдесінде өткен Қазақстан сәулетшілерінің ІІ сьезінде Одақтың тексеру 
комиссиясының төрағасы И. Перевалов, 1951-1955 жылдары шығармашылық Одақта бар болғаны 
үш баяндаманың тыңдалғанын, сәулет мәселелерін насихаттауда көрмелердің, экскурсиялардың 
ұйымдастырылмағандығын, 1953 жылдан бастап Одақтағы сурет үйірмесінің жұмыс істеуін 
мүлде қойғанын ашына айтты. Істің насырға шапқаны сондай Қазақстан сәулетшілерінің кезекті 
ІІ-сьезін шақырудың өзі 1951-1955 жылдары Одақ басқармасында жылыңа үш-төрт рет талқыланып, 
оның мерзімі үнемі өзгертіліп отырды (ҚР ОМА, 104:44-46). Қазақстан сәулетшілері ұйымындағы 
мұндай «дағдарысқа» басқарушы жүйенің құрылымдары да кінәлі еді. Мысалы, 1951-1955 жылдары 
Қазақстан Компартиясы Орталық комитеті мен Алматы қалалық партия комитеті сәулет 
мәселелеріне қатысты бірде-бір кеңес өткізген жоқ. 
Бұдан – көрсетілген аралықта, Сәулетшілер Одағы жұмысын мүлде тоқырады деген тұжырым 
жасауға болмайды. 1950-жылдардың бірінші жартысында Одақтың басқармасы сәулеттік 
жобалардың байқауларын өткізіп отырды. Байқауларда «Үкімет үйінің», ВАСХНИЛ-дің 
Қазақстандағы филиалы ғимаратының, «Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің тұрғын үйі 
мен Жоғарғы партия мектебі жатаханасының» «Алматы қаласының орталық бөлігінің» 
сәулеттік жобалары көрсетіліп, талданды. Алматыда Абай атындағы опера мен балет театры 
(сәулетшісі К.А. Простаков), Гурьевтегі (Атырау) мұнайшылардың мәдени сарайы (сәулетшісі 
С.В. Васильковский), Қазақстан тұтынушылар Одағының әкімшілік ғимараты (сәулетшісі 
Б.Н. Стесин) және осы кезде салынып жатқан Қазақстан Ғылым Академиясының үйі (сәулетшілер 
А. Шуеев пен Н. Простаков), Қазақ ССР-і Үкімет үйі (сәулетшілер Б. Рубаненко, Г. Симонов және 
басқалар) Қазақстан сәулетшілері Одағы мүшелерінің айтулы еңбектері болды. Сәулетшілер 
А. Леппик, А. Бирюков, Б. Стесин, Р. Сейдалин, И. Бреннер, А. Қапанов және басқалардың жобалары 
бойынша сәулеттік оң шешімі тапқан ғимараттар салынды. Одақ мүшелерінің бірқатары ғылыми 
кандидаттық диссертациялар қорғады. 1951 жылдың қарашасында және 1953 жылдың ақпанында 
шығармашылық Одақта жасалған, қазақтың тұңғыш сәулетшілерінің бірі М. Меңдіқұловтың 
«Қазақстандық сәулеттік-ансамблдік қалалар салудың практикасы», «Қазақстандағы кеңестік 
сәулеттің ұлттық фомасының мәселелері» атты баяндамалары – Қазақстандағы сәулет өнері 
саласындағы құнды ғылыми еңбектердің қатарынан орын алды.
Шығармашылық Одақтардың жұмысы 1950-жылдардың екінші жартысында баяу да болса 
ілгеріледі. 1956 жылдың 1 сәуірінде Сәулетшілер Одағы «КОКП Орталық Комитеті мен Министрлер 
Кеңесінің 1955 жылғы қараша Пленумының қаулыларына және Қазақстан сәулетшілерінің 
ІІ-сьезінің шешімдеріне сәйкес, Алматы қаласы жобалау ұйымдарының сәулетшілері мен 
құрылысшыларының міндеттерін» талқылаған жиналыс өткізді. Жиналыста құрылыс ісін 
индустрияландырудың жолдары белгіленді. 1957 жылдың 20-тамызында Сәулетшілер Одағы 
басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан мен Орта Азия сәулетшілерінің ауыл шаруашылығы 
құрылысы мәселелеріне арналған кезекті кеңесі өткізілді. Кеңесте колхоздардағы, машина трактор 
станцияларындағы (МТС) және тың және тыңайған жерлердің совхоздарындағы тұрғын үй 
құрылысының типтік жобалануы мен практикасының мәселелері талқыланды.
Қазан революциясының 40 жылдығына орай сәулеттік жобалар конкурстары мен байқаулары 
бұрынғы жылдарға қарағанда жиі ұйымдастырылды. Шығармашылық секцияларда Қазақстан кеңес 
сәулетінің тарихына орай материалдар дайындалып республикалық басылымдарда жарық көрді. 
1957-1958 жылдары сәулетшілер Одағының активінде Алматы қаласының Бас жоспары, Шымкент, 
Өскемен, Ақмола, Петропавл, Қарағанды және басқа қалалардың бас жоспарларының нобайлары 
талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды. 1959 жылғы Одақтың ұйымдастырған ірі іс-шараларының 
бірі КСРО Сәулетшілер Одағымен бірігіп өткізілген Қарағанды қаласындағы кеңес болды. Кеңесте 
Қарағанды өнеркәсіпті ауданының жобалануы мен салуының мәселелері талқыланды. Осыған орай 
Қазақстан сәулетшілері шығармашылық жұмыстарының көрмелері ұйымдастырылды.
Алматыдағы кеңес өкіметін орнату жолында қаза тапқан күрескерлерге және Шоқан 
Уәлихановтың монументтік кешеніне арналып өткізілген екі конкурстық жобалау байқауының 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   264




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет