Отан тарихы №1 (97) 2022
ISSN 1814 - 6961 E-ISSN: 2788-9718
151
Қазіргі уақытта егемен Қазақстан Республикасы, нағыз демократиялық-құқықтық мемлекет
құруды, ұлттық мәдениетті өркендетуді және дүниежүзілік қоғамдастық
пен интеграциялануды
қолға алып жатқан тарихи тұста-сәулетшілер мен суретшілер шығармашылық одақтардың қоғам
мен адамдардың күнделікті өміріндегі орнын айқындаудың маңызы зор. Бұл сәулетшілер мен
суретшілердің шығармашылық одақтарының, тоталитаризм жылдары жүріп өткен соқпақты
жылдарына объективті түрде ғылыми талдау жұмыстарын жүргізгенде ғана мүмкін болады.
Оның тәжірибелерін ой елегінен өткізу қазіргі таңда сәулет пен сурет өнеріндегі күні
өткен
стереотиптерден, тұжырымдамалардан және нобайлардан тезірек арылуға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: