Ғылыми журнал үш айда бір рет шығатын ғылыми журнал



Pdf көрінісі
бет169/264
Дата30.04.2023
өлшемі4.7 Mb.
#473044
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   264
34-36-PB (2)

Отан тарихы №1 (97) 2022
ISSN 1814 - 6961 E-ISSN: 2788-9718
155
21-22 қазан күндері өткен сәулетшілердің VІ – сьезінде де бұл мәселе жоғары орындардың алдына 
талқылауға ұсынылған-ды. Алайда, бұл мәселе 1960-жылдардың соңына дейін шешімін таппады. 
Әміршілдік жүйенің сәулетшілердің талаптарына немқұрайлылығы құрылыс ісіндегі техникалық-
функционалдық бағыттың біржолата үстемдік құрғандығын көрсетті. Құрылыс ісінің тағдыры 
сәулетшілерге қарағанда, құрылысшыларға байланысты болды. Сәулетшілердің IVсьезінде де 
Одақ мүшелері республикалық мемлекеттік жоспарлау комитетінің тарапынан да қалалардың Бас 
жоспарларының үнемі өзгертіліп отыратындығын, оның сәулетшілердің жұмысына кері әсерін 
тигізіп отырғандығы да аталып көрсетілген еді.
Типтік жобалармен салынған құрылыстардың нәтижесінде, республика елді мекендері 
сәулеттік бейнесінің шымқай бірыңғайланғандығы талданып, оны жоюдың шаралары белгіленді. 
Оны жоюдың шаралары ретінде театр, кітапхана, ірі спорттық кешендер мен қалалардың келбетін 
айқындайтын тағы басқа ірі обьектілер үшін, тек жеке жобалар салудың қажеттігі айтылды. Бірақ 
күнделікті практикада оның жүзеге асуы мүмкін болмады.
1969 жылдың сәуір айында болып өткен сәулетшілердің VІІ-сьезінде Қазақстан сәулетшілерінің 
табыстарымен қатар кемшіліктері ретінде, құрылыстағы көркемдік шешімдерге қарағанда 
функционалдық-техникалық міндеттерге, оның конструкциясына, технологиясына және 
экономикасына, яғни үнемшілдікке көп көңіл бөлетіндігі көрсетілді. Қазақстан сәулет өнерінде, 
сәулеттің басқа өнер салаларымен байланысына, синтезіне көңіл бөлінген жоқ. Осы олқылықтардың 
орнын толтыру мақсатында Одақта жаңадан интерьер және синтез шығармашылық комиссиялары 
құрылды. 
1946-1970 жылдары Қазақстан Сәулетшілер Одағы кеңестік жүйенің айрықша күрделі 
жағдайларында жұмыс істегендігіне қарамастан республика мәдениетінің дамуында өзіндік орын 
алды. Қазақстан сәулетшілері бұл кезеңде қоғамдық сәулеттік ескерткіштер жасады. Бұл ретте 
ескі Үкімет үйінің (ҚазМу-дың ескі ғимараты сәулетшісі М. Гинзбург), Абай атындағы опера мен 
балет театрының, Қазақ ССР-і Ғылым академиясының, Қазақ ССР-і Үкімет үйінің (сәулетшілері 
Б. Рубаненко, Л.Г. Голубовский, А. Карабельников), Гурьевтегі мұнайшылар үйінің, Алматы 
қаласындағы орталық стадионның (сәулетшілері А. Қапанов, А. Коссов), Орталық әмбебап дүкеннің 
(сәулетшісі М. Гура), Партиялық саяси ағарту үйінің (сәулетшісі А. Леппик), Халық шаруашылығы 
жетістері көрмесінің (ұжымды авторлар), Спорт сарайының (сәулетшілер В. Кацев, О. Наумов, 
М. Кашарский), Целиноградтағы тың игерушілер сарайының (ұжымдық авторлар) ғимараттарын 
айтуға болады. Алайда, Кеңестік сәулет тәжірибесіндегі бюрократиялық кедергілердің орасан зор 
болғанын да айтып өту қажет. Алматы архитектурасында Владимир Зеликович Кацевтің қайталанбас 
қолтаңбасы бар. Медеу мұз айдыны, Динамо жүзу бассейні, Цирк үйі ғимараттары осы архитектор 
ізденісінің жемісі. Әсіресе, Алматыдағы қазақ циркі құрылысының жобасын Мәскеуден бекітудің 
өзі детективті шырғалаңға толы болды. Медеу мұз айдынын жобалау да осыған ұқсады. Мәселе 
Д.А. Қонаевтың Л.И. Брежневке телефон соққанынан кейін ғана шешіледі (Труспекова, 2018:39). 
Қалалардың көптеп салынуының республика үшін обьективті түрде оң мәдени өзгерістер алып 
келгені даусыз. Қазақстанның мыңдаған елді мекендерінде әлеуметтік–тұрмыстық мекемелер 
салынып халыққа мәдени қызмет көрсетудің деңгейі жетілдірілді. Қалалардың көбеюімен 
«орасан зор әлеуметтік мәдени және этникалық байланыстар аймағы» (История Казахстана
1993:359) жасалып, мәдениеттердің тілдесуін тереңдетуге қолайлы жағдайлар туғызды. Қазақстан 
халқын тұрғын үймен қамтамасыз етуде ілгері жылжулар болды. Алайда, сұрғылт сәулеттік типтік 
жобалармен салынған үйлердің басымдығы, оның үстіне үздіксіз кемшіліктермен пайдалануға 
берілуі, сәулеттің қоғамдық санаға деген эмоционалдық ықпалын төмендетті. Өркениетті елдерде 
«баспана адамға тұрмыстың барлық аса маңызды қуаныштарын сыйлай алса» (Корбюзье, 1977:125), 
Қазақстанның тұрғындары үшін кемшіліктермен пайдалануға берілген үйлердің тұрмыстық 
тауқыметтері көп болды. Көптеген үйсіз Қазақстандықтар көбіне көп баспаналы болғанын қанағат 
тұтты.
1946-1970 жылдардағы Қазақстан сәулеттік практикасының басты кемшілігі, сәулеттің басқа 
өнер салаларымен синтезі байқалмады. Әміршілдік жүйе жағдайында сәулетшілердің қызметі 
обьективті және субьективті қиыншылықтармен жүрді. Біріншіден, бұл кезеңде обьективті түрде 
Қазақстан сәулетшілері, суретшілері және мүсіншілері өз салалары бойынша кәсіптік шеберліктің 
кемеліне жеткен жоқ. Бұл салалардың дамуы өркениетті елдерде кезең-кезеңімен жүріп отырса, 
Кеңестік Қазақстанда мұндай тенденция байқалмады. Екіншіден, сәулетшілермен онымен іргелес 
сәулетшілер Одағының материалдық-техникалық базасы, маман-кадрлық потенциялы аса шектеулі 
болды. Үшіншіден, әміршілдік жүйе жағдайында сәулет пен бейнелеу өнерінің үйлесімді, ырғақты 
жұмысын қамтамасыз ету мүмкін болмады.
«Социалистік құрылыстардың» кеңестік әлеуметтік экспериментердің қарқынына Сәулетшілер 
Одағының мүшелері ілесіп отыра алған жоқ. Ал адамзат өркениеттерінің тарихы – сәулет, мүсін, 
бейнелеу өнерінің әрқайсысына өз салалары бойынша кемеліне келіп шарықтағанда ғана, соны 
табыстарға қол жетіп, олардың синтезі, ұштасуы мәдени құндылықтарды, асыл қазыналарды 
тудыратындығын көрсеткен еді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   264




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет