Отан тарихы №1 (97) 2022
ISSN 1814 - 6961 E-ISSN: 2788-9718
157
«КОКП- ның ХІХ - сьезіне» және Сталиннің өмірі мен қызметіне арналған көрмелер ұйымдастыруға
белсене қатысты. Суретшілер Орталық өлкетану музейін, техникалық және ауыл шаруашылық
көрмелерін безендіруге де ат салысты.
1950 жылдардың екінші жартысында Суретшілер Одағының жұмысында алдыңғы жылдарға
қарағанда ілгері жылжушылықтар жүрді. Алайда, 1953 ж. Сталин қайтыс болғанымен қатаң саяси
жүйе әлі күшінде тұрды. Айталық, 1954 жылы Қазақстан КП ОК мен Министрлер кеңесі мәдениет
бөлімдері басшылары қатысқан Қазақстан суретшілерінің ІІІ-ші съезінде басқарма мүшелігіне
ұсынылған суретші Қанафия Телжанов әріптестері тарапынан «халық жауының баласы» ретінде
шеттетіледі. «Зал толы адамның алдында», - дейді Қ. Телжанов – «Қазақстан КП ОК өкілінің
гүрілдеген даусы: жауап беріңіз, сіз Ленинградқа жер аударылдыңыз ба?» - деді, артқы қатардан
«Ленинградқа жер аударылмайды, ол қала революцияның бесігі» - деген дауыстар естілді. Иә,
мектепте, интернатта, институтта менің «Жас дарындар» мектебінен бері өмірбаянымды білетін
жекелеген ұстаздар тарапынан жасырын жиренішті сезінетінмін, бірақ өз бауырларым, қазақтар
осылай тұрпайы түрде айыптайды деп ойламаппын. Жандүнием алай дүлей болды. Мен съезден
кетіп қалдым» деп еске алады Қ. Телжанов (Телжанов, 2014:55). Өкінішке орай мұндай ахуал бұдан
кейінгі съездерде де байқалды.
1954 жылдың ақпанында, 1956 жылдың 27-29 наурызда, 1959 жылдың 15-16 сәуірінде өткен
Қазақстан суретшілері Одағының ІІІ, ІV, V – сьездерінде республика суретшілерінің табыстары
аталып көрсетілді. Әсіресе, кескіндеме, мүсін шығармашылық секциялардағы ілгері басушылықтар
бейнелеу өнеріне келген жас толқының өкілдері қызметімен байланысты болды. Р. Сахи, К. Рахимов,
А. Дячкин, И. Гаев, Ю. Мингазитинов, Т. Говорова, Х. Наурызбаев сияқты суретшілердің алғашқы
шығармалары сәтті шықты. 1956 жылы сатиралық «Шмель» журналының шығуы сатиралық
жанрдың өркендеуіне жол ашты.
Жас суретшілер кітаптарды көркемдеп шығару ісіне белсене араласты. Р. Сахи халық ертегісі
«Қырық өтірікке», Ю. Мингазитинов Г. Мүсіреповтің «Оянған өлке» романына, Е. Сидоркин
«Қазақ эпосына» иллюстрациялар салды. Мүсін секциясының мүшесі Х. Наурызбаев «Жамбылдың
жас шағы», «Жас Абай» атты сәтті шыққан туындыларын дүниеге келтірді. Е. Сидоркин
«Қазақ эпосына» иллюстрациялары үшін 1958 жылы Лейпцигте өткен халықаралық кітап көрмесінде
қола медальға ие болды (Қазақ ССР-і тарихы, 1984:371). Қазақтың тұңғыш кәсіби мүсіншісі
Х. Наурызбаев бастаған бір топ мүсіншілердің қалыптаса бастауы кәсіптік қазақ өнеріндегі үлкен
жетістіктер еді. Монументті мүсінің алғашқыларының бірі Х. Наурызбаевтың Абайға орнатылған
ескеркіші болды.
1957 жылы Қазан революциясының 40 жылдығына арналған республикалық және бүкілодақтық
көрмелердің өтуі оған Қазақстан бейнелеу шебелерінің белсене қатысуы, Одақ өміріндегі үлкен
шығармашылық оқиға болды. 1958 жылы Қазақстан суретшілері республика мәдениетінің
Мәскеудегі он күндігіне қатысып, шығармашылық көрмелері зор табыспен өтті. 1950 – жылдардың
аяғына қарай Суретшілер Одағы ұйымдық жағынан нығая түсті. Жаңадан плакат, қолданбалы өнер,
өнер тану секциялары құрылды. Жаңадан құрылған секциялардың міндеті осы салалар бойынша
шығармашылық Одақ көлемінде олқылықтарды жою болды. Плакат секциясы алғашқы күндерден
бастап жұмысын сәтті қолға алса, қолданбалы өнер секциясының жұмысы қиындықтармен жүрді.
Оның бірден бір себебі кеңес жылдарындағы қазақтың дәстүрлі қолданбалы өнеріні қағажу
қалғандығынан еді. Бұл жылдары М. Әуезов атындағы қазақ драма театры мен М. Лермонтов
атындағы орыс драма театрының сахналық көріністерін безендіруде – театрды безендіру
секциясының жұмыстары айтарлықтай болды.
Қазақстан суретшілерінің кәсіптік жағынан шеберліктерінің шыңдалғанын, тақырыптық
көрмелердің жиі өткізілуі де көрсетті. Суретшілердің республиканың өнеркәсіпті, ауыл
шаруашылықты аудандарға шығармашылық іс-сапарлармен баруының нәтижесінде «Индустриялы
пейзаж», «Тыңда» атты тақырыптық көрмелер ұйымдастырылды. М. Кенбаевтың «Шопан әні» (1957),
Ғ. Әйтиевтің «Шаңқай түс», С. Мәмбеевтің «Киіз үйдің жанында», Ә. Қастеевтің «Менің Отаным»,
Қазақтың тұңғыш суретші әйел А. Ғалымбаеваның «Тоқымашы», «Трикотажшылар», «Халық
дарындары», «Тыңнан келген қонақ» (1957), А. Черкасскийдің «Тың» (1958), Н. Кружильниковтың
«Металлург Ербұғановтың портреті» (1956), «Қоңырат руднигінің машинисі К. Оспановтың
портреті» (1957) және тағы басқа картиналар бірегей, әрі тың әсерлілігімен, живопистік
құралдарының ерекшелігімен көзге түсті. М. Кенбаевтың «Шопан әні», «Жылқы ұстау» картиналары,
К. Шаяхметовтың «Туған ауылда» деген таңдаулы полотнолары Мәскеудегі Третьяков сурет
галлереясының экспозициясына енді.
Кәсіптік қазақ бейнелеу өнерінің шыңдала түсуі республиканың мәдени өмірі үшін көркемдік
прогресс еді. Алайда, Қазақстан суретшілерінің ІІІ, ІV,V – сьездерінде Одақ мүшелері, әлі күнге
дейін шешімін таппай келе жатқан проблемаларға да тоқталды. Одақтың материалдық техникалық
базасының нашарлығы, Одақ мүшелері санының баяу өсуі, суретшілердің баспа органдарының
болмауы, шығармашылық секциялар белсенділігінің төмендігі – бұл ретте үлкен әңгіме арқауы
|