Ғылыми журнал үш айда бір рет шығатын ғылыми журнал


Key words: freedom, emigration, leader, democracy, Bolshevik policy, national solidarity, strategy and  tactics, independence. Кіріспе



Pdf көрінісі
бет177/264
Дата30.04.2023
өлшемі4.7 Mb.
#473044
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   264
34-36-PB (2)

Key words: freedom, emigration, leader, democracy, Bolshevik policy, national solidarity, strategy and 
tactics, independence.
Кіріспе. Мұстафа Шокайдың әлемдік деңгейдегі саяси тұлға болып қалыптасуында аса 
күрделі жағдайдағы эмиграциялық кезең шешуші орын алады. Ол еркін пікірлерге кеңістік берген 
Еуропаның ортасында орналасқан Франциядағы демократиялық һәм саяси-әлеуметтік жағдайда 
қайраткерлік және шығармашылық жұмысты ерекше күш-жігермен атқарып, артына мол тағлым, 
мол мұра қалдырды. Мұнсыз бар ақыл-ой, пайым-парасатын, күш-жігерін берісі Түркістан, арысы 
бүкіл түркі халқының азаттығына арнаған ұлы тұлғаның рухани әлемін толыққанды ұғына 
алмаймыз. Оның 1936 жылы Берлин радиосынан Түркістан жастары алдында сөйлеген сөзіндегі:
«Біздің құбыламыз-өзіміздің атажұртымыз, өлкеміз Түркістан болмақ! Түркістан үшін өлу, Түркістан 


ISSN 1814 - 6961 E-ISSN: 2788-9718
Отан тарихы №1 (97) 2022
162
үшін жан беру - бәрімізге бір мақсат, бір мұхаббат уәзифа болмақ. Мұны ұмытпау керек! Түрік 
халқы- батыр халық, түрік халқы-арыстан, ер халық» деген өсиеті мен түсінігі өзінің эмиграциялық 
өмірінің де тұрақты һәм берік танымы болатын (Шоқай, 2014: 48).
Материалдар мен әдістер. Тақырыпты ашу түрлі мазмұндағы материалдарды сұрыптауды, 
салыстыруды, жүйелі зерттеуді қажет етті. Бұл үшін Мұстафа Шоқайдың эмиграциядағы өзгеше 
саяси қызметін, түрлі тілдегі шығармашылық жұмысын пайдалану жеткіліксіз болып, оның аса 
бай эпистолярлық мұрасына да жүгінуге тура келді. Бұл мәселені Мұстафа Шоқайдың ізбасарлары 
А. Оқтайдың, Т. Шағатайдың естеліктерінде, белгілі алаштанушы М. Қойгелдиев, шетелдік 
мұстафатанушы Ә. Қара, отандық мұстафатанушылар - К. Есмағанбетов, Б. Садыкова, 
Г. Көкебаева, Г. Кыдыралинананың және т.б зерттеулерде де қарастырылады. Мұстафаның өрелі 
саяси қайраткер, майталман публицист, дүниетанымы жоғары мәмілегер ретінде терең түсінуде, 
оның өзге эмигранттық ұлт өкілдерімен шынайы қарым-қатынасын көрсету үшін түрлі саяси 
деңгейдегі, әртүрлі мінез-құлықты кісілермен жазысқан хаттарын оқи отырып, сол кездегі 
дәуір тынысын да, әрбір қайраткердің өре өрісін де, әлеуметтік әлеуетін де жақсы байқауға 
болады. Сондай-ақ Мұстафа Шоқайдың ерекше сергек ұстанымы, қарым-қатынастағы айрықша 
мәдениеттілігі, замана ұсынған және ортақ әңгімедегі саяси оқиғаларды терең білетіндігі, қиын 
мәселелерді түсінудегі пайым-парасаттылығы, әділеттілікті ту еткен адами болмысы да ашыла түсті. 
Бұлар ұсынылып отырған еңбектің өзіндік ерекшеліктерін айқындады деуге болады. Сондықтан 
қарастырылып отырған мәселе бойынша салыстырмалы, типологиялық әдістер мақаланың өзегі 
болғанын атап өткен жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   264




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет