Ғылыми журнал үш айда бір рет шығатын ғылыми журнал



Pdf көрінісі
бет179/264
Дата30.04.2023
өлшемі4.7 Mb.
#473044
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   264
34-36-PB (2)

ISSN 1814 - 6961 E-ISSN: 2788-9718
Отан тарихы №1 (97) 2022
164
ары мақалада 1922 жылдың соңында Кеңес үкіметі халықтың өз саясатына деген наразылығын 
жұмсарту мақсатында Германияға бір топ жастарды оқуға жібергені айтылады. Алайда кейін 
Кеңес басшылары бұл әрекеттеріне қатты өкініп, сол жастар арасынан «Мұстафа Шоқай агенттері», 
«фашист шпиондары дайындалды» деп жала жабуға дейін барған болатын. Осылай «Яш Түркістан» 
журналы Түркістан халқының азаттық рухына, Германияға оқуға келгендер мен Түркиядағы 
жастарға арқа сүйеп дүниеге келген еді (Шоқай, 2012: 278).
Шын мәнісіндегі Түркістан азаттығы жолындағы ұлттық қозғалыстың жалынды жаршысы, 
тәуелсіздік идеясының асқақ туы бола алған журналдың 1929 жылдың желтоқсан айынан 
1939 жылдың қыркүйек айына дейін 117 саны жарық көрді. Мұстафаның мұнда жарық көрген 
224 еңбегі кеңестік Ресейдің бұрынғы патшалық Ресейдің тікелей мұрагері екенін дәлелдеп,
отаршылдық саясатты бүкіл әлемге әшкереледі. Большевиктер артқы шепке ығыстырып тастаған 
ұлттық мүдделер мен ұлттық мұраттар алға шығарылды. Отарлықтан көмескі тартқан ұлттық 
рухты оятты (Нүсіпханұлы, 2020: 158).
Айрықша білімдар, бірнеше тілдерді жетік білетін Мұстафа Шоқай алғашқы күндерден бастап 
журналда басылатын материалдардың шындыққа толық сәйкестілігіне, мазмұны мен идеялық 
ұстанымдарына, материалдардың сапалы мен терең мағыналы болуына, сан салалы тақырыптарды 
қамтуына тұрақты көңіл бөлді, оның идеологиялық бағыт-бағдарының қалыптасуына зор еңбек 
сіңірді. Журналдың алғашқы санынан ерекше көңіл бөлінген мәселе ТҰБ-нің бағдарламалық бағыты 
болды. Мұстафа Шоқай ТҰБ-нің бірінші кезектегі міндеті және таяу арадағы мақсаты туралы 
«Көтерілістен- ұйымшылдыққа (Көтерілістен-ұйымға)» атты мақаласында былай атап-атап көрсетті: 
«1) Түркістанды орыс пролетариаты үстемдігінен құтқару; 2) Түркістанда орыстың кез келген 
үстемдігінің орнауына жол бермеу; 3) Бәрінен бұрын ұлттық, тәуелсіз Түркістан мемлекетін құру 
болып табылады» (Шоқай, 2007: 86). Ал 1932 жылы «Түркістан түрікшілдігі» атты мақаласында: 
«Түркістанның болашағы «Тәуелсіз Түркістан» ұраны астында Ресейден бөлініп шығып Түркістан 
мемлекетін құратын халық бұқарасының қолында, татарлар мен башқұрт бауырларымыз Түркістан 
Түрік мемлекетімен қойындасып, қолтықтасып кете алса, түрікшілік пен түрік рухы үшін ұлы 
табыс болар еді. Біз бүгін ұлтты құтқару күресімізде, ұлттық құрылысымызда түркістандықтарды 
ру, ұлыстарға бөліп іштен іріткі салатындарды Түркістан ұлтшылдық идеясы мен мұраттарының 
жаулары деп есептейміз. Қазақ, қырғыз, өзбек, түркімен бәрі бір кісідей жұмылып Түркістанның 
ұлттық ұраны астына топтаспайынша, Түркістанның болашағын қамтамасыз ету мүмкін емес» деп 
жазды (Шоқай, 2007: 256). Бұл үзіндіден үш мәселенің басы ашылады. Бірі - түркістандықтардың 
татар, башқұрт бауырлармен «қойындасып, қолтықтасуынан»тұтас түрікшілікпен түрік рухының 
күшеюі. Екіншісі - түркістандықтардың ру, ұлыстарға бөлінбей бір ұлттық ұранның астына 
топтасуы. Үшінші - осындай түркі тұтастыққа іштей іріткі салатындар ұлтшылдық идеясы мен 
мұраттарының жаулары екендігі.
«Прометей» қозғалысы Польшаның Бас штабы мен Сыртқы iстер министрлiгiнiң Шығыс 
бөлiмi эмигранттардың барлық топтарын бiрiктiру және КСРО-ға қарсы пайдалану туралы 
Ю. Пилсудскийдiң алға қойған мiндеттерiне байланысты құрылған болатын. 1927 жылдың 
көктемінде Мұстафа Шоқай Стамбулда өткен ТҰБ-нің конгресінің тапсырмасы бойынша «Прометей» 
ұйымына кіреді. Алұйымның идеологиялық қызметінің мазмұны М. Шоқайдың әртүрлі тілде жарық 
көрген шығармалары мен хаттарында сипатталды. 1931 жылдың 16 қазанында Польша барлау 
қызметінің майоры В. Добровскийге жазған хатында бұл нақты көтерілген болатын. «Түркістан 
мәселесі – ұлттық мәселе» дей отырып, оның нәтижелі болуы үшін елдің ішінен де, одан тыс 
жерлердегі түркістандық эмигранттардың арасынан да мықты ұйымдасқан қолдау керектігін
ұлттық мәселеде эмиграцияның рөлін жай ғана «қосымша» деп қарауға болмайтынын, құрамы 
барынша толық, қазіргісіне қарағанда қаржылық және интеллектуалды-техникалық күштердің 
ауқымының мәндірек болуын атап көрсете келіп, Мұстафа Шоқай эмиграциялық қызметтің қазіргі 
және түпкі мақсатын былайша ашып берді: «Қазіргі жағдайда эмиграцияның міндеті әртүрлі 
жағдайлармен Шығыс елдерінің мыңдаған шақырымында бір-бірінен бөлектеніп, шашылып кеткен 
эмигранттық топтар арасындағы ұлттық тәуелсіздік идеясын насихаттау, идеялық байланыс пен 
ұйымдасқан бірлікті орнатуға үгіттеу істерімен шектеледі. Эмиграцияның міндеті - Түркістан 
мәселесін «интернационалдық» («халықаралық» деп айтқан жақсырақ болар) ортаға шығару 
(қозғау) екені өзінен-өзі түсінікті нәрсе» (Шоқай, 2006: 189). Автор бұдан ары Еуропаның да, бүкіл 
әлемнің де қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайы бейбітшілік пен тыныштықты қалайтынына 
тоқталып, Еуропа түркістандықтардың әдемі көздеріне бола немесе «қаналушылардың тапталған 
құқықтарын қорғаймын» деп, большевиктермен қызыл кеңірдек болмайды және соғысуға 
бармайтынын айта келіп: «Бізге қарсы жүз миллиондық ұлы орыс халқы тұр. Оның ұлттық 
үстемдігіне қарсы күресті біз барлық «шет аймақтар» - кавказдықтар, украиндық және басқалар 
тығыз байланыста ғана жүргізуіміз керек. «Интернационалдандыру» - тек осы мәнде ғана маңызды 
және сөзсіз қажет. Ол іске асатын жұмыс және оны ұйымдық жағынан жүзеге асырамыз...» деп 
жазды (Шоқай, 2006: 189). Мұндай маңызды мақсатты Мұстафа Шоқай Түркістанның азаттығына 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   264




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет