Ғылыми журнал үш айда бір рет шығатын ғылыми журнал



Pdf көрінісі
бет178/264
Дата30.04.2023
өлшемі4.7 Mb.
#473044
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   264
34-36-PB (2)

Талқылаулар. Мұстафа Шоқайдың саяси қызметін жемісті жүргізу мен орыс отаршылдығына 
қарсы күрестің жаңа стратегиясы мен тактикасын айқындау, Батыс елдерінің кеңестік кезеңдегі 
Түркістан мәселесін қандай дәрежеде білетіндігі мен түсінігін тану үшін эмиграциядағы қызметін 
екібағытта қарастырамыз. Біріншісі, ежелден өзіндік мәдениеті, тұрмыс-тіршілігі мол, алып 
территорияны алып жатқанТүркістанды берісі Еуропаға, одан кейін әлемге таныстыру болды.
Екіншісі, Еуропада Кеңес үкіметінің Түркістандағы отаршыл саясаты туралы әділ, шындық көзқарас 
қалыптастыру еді. Осы мақсатпен саясаткер, қаламы жүйрік публицист Стамбул, Париж, Берлин 
және т.б қалаларда тиісті мінбелерде сөз сөйлеп, Кеңес Одағындағы түркі халықтары көріп жатқан 
большевиктік саясатты әшкерелеген баяндамалар жасады, мақалалар жариялады.
Еуропаның дамыған мемлекеттерінің ішінде Түркістан ұлт-азаттық қозғалысына қатысты 
Мұстафа Шоқай Ұлыбританияға ерекше мән беріп, оның Үндістандағы үстемдігінің жергілікті 
халықтың әлеуметтік-экономикалық дамуына тигізген ықпалын зерделеді. Англияны өз көзімен 
көру мақсатында ағылшын тілін меңгеріп, тіпті осы тілде бірнеше мақалалар да жазды. 1924 
жылдан 1934 жыл аралығында М. Шоқай Лондонда алты рет болды. Осындай сапарларының бірінде 
Корольдің Халықаралық қатынастар институтында «КСРО және Шығыс Түркістан» деген тақырыпта 
жасаған баяндамасында Түркістанда атқарылып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің 
түп-төркінін, саяси астарын барыншадәлдікпен, нақты мысалдармен айшықтап берді. Институт 
кеңесінің төрағасы Н. Малькольм былайша алғыс білдіреді: «Құрметті Шоқаев мырза! Сіздің «КСРО 
және Қытай Түркістаны» атты тақырыпта жасаған баяндамаңыз үшін Корольдік Халықаралық 
қатынастар институты Кеңесінің атынан алғысымды білдіремін. Институтқа көрсеткен қызметіңіз 
Сіздің тарапыңыздан үлкен ізгілікті іс болды. Сөйлеген сөзіңізге тыңдағандар шын ықылас қойып, 
риза болды» (Шоқай, 2012: 457).
Осылай түрлі орталарда бола жүріп, мынандай жағдай анықталады: Еуропаның Ресей үстемдік 
жасап отырған елдердегі саяси-әлеуметтік жағдайдан хабарсыздығы, тәуелсіздік үшін күресте Батыс 
елдерінің моральдық көмегінен басқа сүйенер күштің жоқтығы. Сондықтан алдымен халықтың 
тұтастығын сақтау және бір орталыққа бағынған ынтымақтастығын нығайту, азаттық үшін күрес 
ең алдымен түркістандықтардың өз ісі деп есептелді. Қазақ, қырғыз, өзбек, түркімен және т.б. 
барлығы біркісідей жұмылмай, түркістандық ұран астындағы бірлікті нығайта түсуге ұмтылмай, 
Түркістанның болашағын қамтамасыз етумүмкін еместігіне көзі жете түсті. Сол себепті 
«түркістандықтардың бірлігін - ұлттық өмірдің болашағы мен мемлекеттік құрылыстың негізі» 
санаған Мұстафа Шоқай іс-қимылдың, ой-пікірдің бірлігіне жетудің жолдары мен тетіктері, 
күрестің қозғаушы күштері мәселелеріне өз еңбектерінде қайта-қайта оралып отырды. Егер 
1930 жылы «Көтерілістен-ұйымшылдыққа атты мақаласында: «Әртарапта бытырап жүрген жас 
түркістандықтарды Түркістанның тәуелсіздік мұраттар жолындағы қасиетті күрес майданына 
топтастыру - Түркістан ұлттық ұйымының ең маңызды және маңдайалды міндеті» - деп атап көрсетсе 
(Шоқай, 2007: 88), 1937 жылы жазылған «Ұлттық еркіндік және азаттық жолы» деген еңбегінде:
«Біздің азаттыққа және тәуелсіздікке бастайтын ең төте және ең қысқа жол – Түркістан ұлттық 
майданының ішкі бірлігін барынша нығайту және оны ұлт азаттық орталықтармен тығыз 
үйлестіру. Бұлай болмаған жағдайда азаттық пен бостандық туралы сөз болуы мүмкін емес» - деп 
кесіп жазды (Шоқай, 2007: 236).
Еуропада эмиграцияда жүріп азаттық қозғалыстыңстратегиясы мен тактикасын қалыптастыруда 


Отан тарихы №1 (97) 2022
ISSN 1814 - 6961 E-ISSN: 2788-9718
163
Мұстафа Шоқай саяси қызметтің жаңаша һәм тамаша үлгісін көрсетті. Осы сәтте белгілі 
алаштанушы Мәмбет Қойгелдиевтің мынандай пікіріне жүгіне кетсек: «Біз бүгінгі күн биігінен
Мұстафа Шоқайұлының азаттық үшін күрестің қазақ тарихындағы мүлдем жаңа түрін бастап 
бергенін, оның «Жаңа Түркістан», «Жас Түркістан» журналдарындағы «Түркістан Кеңестер билігі 
астында» сияқты белгілі еңбегі соның айғағы екенін мойындауымыз керек» (Қойгелдиев, 1993: 
72). Мұндай пікірмен келіспеу мүмкін емес. Мұны ұлы тұлға болмысын азын-аулақ таныған көзі 
қарақты кісі сөзсіз мойындайды. Бұған біздің де толық көзіміз жетті. Осы туралы біршама 
ойымызды ортаға салайық.
1923 жылы Париждегі «Orientet Occident» журналында жарық көрген тұңғыш француз тілінде 
жазылған «Ресей саясаты және Түркістан ұлттық қозғалысы» деген мақаласында Түркістанның 
автономия жайлы бағдарламасын ұлттық тәуелсіздік бағдарламасына ауыстыру керек екенін жазған 
еді. Мұны «...орыс империясының отарлау және орыстандыру саясаты, революциялық уақытша 
үкіметтің әдейі немесе білместікпен жасаған қателері және Кеңес үкіметінің аяусыз езгісі еді» 
- деп түсіндірген болатын (Шоқай, 2012: 478). Бұл идея Франция Сыртқы істер министрлігі 
мұрағатында сақтаулы «Түркістан ұлттық қозғалысының мақсаттары мен міндеттері» деген 
француз парламентінің депутаты Жео Жеральдқа жолдаған көлемді материалдада баяндалды. 
Мұны кейін Түркістан үшін күрес туына айналған «Яш Түркістан» журналының 1929 жылғы 
тұңғыш санында жарияланған «Біздің жол» атты мақаласында: «Біз, Түркістан тәуелсіздігін 
жақтаушылар, еліміздің еркі үшін және жұртымыз Түркістанның бодандықтан құтылуы үшін 
күресеміз. Түркістандықтарға бұдан басқа жол болмаған. Қазір де жоқ және бұдан соң да 
болмайды» (Шоқай, 2007: 21). Ал кейінгі жолдарда күрес мақсаты: «Біздің мұратымыз - 
Түркістанда түрі жағынан да, мазмұны жағынан да ұлттық болатын мемлекеттік құрылымға қол 
жеткізу болмақ. Сонда ғана халқымыз өз жерінің нағыз қожасы бола алады» - деп атап көрсетті 
(Шоқай, 2007: 22). Бұдан Алаш ардақтыларының бағытын қатаң ұстанған, өз кезіндегі адамзат 
баласының қолы жеткен әлемдік тарих және әлеуметтік саяси ой-тұжырымдарынан жақсы 
хабардар жанның рухани күш-қуатын айқын тануға болады.
Профессор Көшім Есмағамбетов Мұстафа Шоқай шығармаларының он екі томдық жинағының 
алғашқы томының «Түркістан Ұлттық Бірлігі» ұйымының құрылуы» атты бөлімінде бұл мәселені 
жан-жақты қарастырды. Онда Мұстафа Шоқайдың ұйым жұмысын жолға қою үшін кешенді 
шараларды жүзеге асырғаны, бұл бағыттағы қиындықтар, Германияға оқуға жіберілген жастардың 
ТҰБ жұмысына тартылуы, тіпті ұйымның белді мүшелерінің араларында қайшылықты жайлар т.б. 
мәселелер кеңінен сөз болады (Шоқай, 2012: 260). 
Мұстафа Шоқай «Түркістан Ұлттық Бірлігі» Орталық комитетiнiң мүшесi, кейін жетекшiсі 
ретінде ұйымның Түркістан халықтарының тұтастығын сақтаумен, олардың бір орталыққа 
бағынған ынтымақтастығын нығайта түсумен байланысты ең маңызды міндеттерін нақты және 
дәйекті тұжырымдай білді. 1927 жылдың ақпанынан ұйымның «Йени Түркістан» атты журналы 
Стамбулда шыға бастады. Бұл басылымның басты мақсаты - Түркістан ұлттық тәуелсіздігі мен 
түркі халықтарының арасындағы тұтастық пен ынтымақтастық идеясын насихаттау еді. 1928 жылы 
журнал басшылығынан А.З. Валидидің кетуімен байланысты басылымның негізгі ауыртпалығы 
Мұстафа Шоқайдың өзіне түседі. Осы журналда оның «Большевиктердің Түркістандағы ұлт 
саясатының идеялық және практикалық қырлары», «Кеңестердің Түркістандағы аштық саясаты», 
«Түркістанға аштықтөніп келеді», «Орыс қоныстанушыларының деревнясы туралы», «Ұлттық 
мәселе жөнінде», «Тұран мемлекеті жайында» және т.б. мақалалары жарияланды. Бұл мақалаларда 
большевиктердің орыс емес халықтарды «бостандық» пен «азаттыққа» жеткізеді, «ұлтттардың 
өзін-өзі билеуі» дегенжалған саясатынәлем жұртшылығы алдында әшкереледі.
Алайда азаттық үшін күрес өрісінің кеңейе түсуі, түркістандықтардың саяси белсенділігі 
ауқымының артуы Стамбулда шығып тұрған бұл журналдың көтерер жүгінің жетімсіздігін 
байқатты. «Аз көлемде шығарылған және жергілікті шарттарға тәуелді болған «Йени Түркістан» 
журналының жалғыз өзі бұл іске шамасы келмейді деген пікірлер ортаға шықты, нәтижесінде, 
1929 жылы «Яш Түркістан» журналының шығарылуы туралы басқосулар басталды» (Оқтай, 1950: 
36).Сөйтіп көп ізденістің арқасында Польша президенті, маршал Ю. Пилсудскийдің бастамасымен 
құрылған «Прометей» қорының қаржыландырумен 1929 жылдың желтоқсан айында Берлинде 
«Яш Түркістан» журналының алғашқы саны жарық көреді. Журналдың мұнда шығарылуының 
өзіндік себептері бар еді. Бұл жайлар «Яш Түркістан» журналының 1937 жылғы №97 санында 
жарияланған Мұстафа Шоқайдың «Яш Түркістанның» 9-шы жылы (1929.12-1937)» атты 
мақаласында жазылды. «Еуропа елдерінің кеңпейілділігін пайдаланып шығарып кележатқан осы 
бір ұлттық басылымымызды өзіміздің тәуелсіз Түркістанымызда шығаруымыз керекеді. Онда біз 
өзімізді қазіргіден әлдеқайда бақыттырақ сезінер едік» дегенарманмен басталған мақалада автор 
түркістандық мұғажырлардың басқа өлке халықтарының мұғажырларына ұқсамайтынын, оның 
саяси ұйымы, саяси партиясы жоқ екендігі, бірақ соған қарамай кең мағыналы күреске шығып, 
тарихи тұрғыдан Түркістан мәселесін көрсете білгендей жол табылғанына тоқталады. Бұдан 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   264




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет