Ғылыми журнал үш айда бір рет шығатын ғылыми журнал


В ТУРГАЙСКОЙ ОБЛАСТИ» АТТЫ ЕҢБЕГІНІҢ ТАРИХИ ДЕРЕКТІК



Pdf көрінісі
бет4/264
Дата30.04.2023
өлшемі4.7 Mb.
#473044
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   264
34-36-PB (2)

В ТУРГАЙСКОЙ ОБЛАСТИ» АТТЫ ЕҢБЕГІНІҢ ТАРИХИ ДЕРЕКТІК 
ЖӘНЕ ТАНЫМДЫҚ МАҢЫЗЫ (Очерктің ІІ және ІІІ бөлімдері бойынша)
*Әбсадық А.А.
 1
, Қабылдинов З.Е.
 2 
Арықбаева Ж.
3
1
А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті. Қостанай қ., Қазақстан.
2
Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Алматы қ., Қазақстан. 
3
С. Мауленов атындағы Қостанай гимназиясы. Қостанай қ., Қазақстан. 
*Мақала АР 09561968 «А. Байтұрсынұлының ауылдық мектептердегі ағартушылық және 
қоғамдық қызметі (жаңа архивтік деректер мен өлкетанушылық мағлұматтар, тұлғаның тыңнан 
табылған шығармалары негізінде)» атты тақырыптағы ҚР Білім және ғылым министрлігінің 
2021 жылға арналған гранттық Жобасы негізінде дайындалды.
Түйіндеме: Александр Васильевич Васильев (1861–1943 жж.) – патшалық Ресей империясының 
бөгде жұрттар арасында халық ағарту ісін ұйымдастыру саласының қайраткері, миссионер. Чуваш, 
татар, қазақ, араб тілдерін меңгерген түрколог. Ұлты – чуваш. А. Васильев 1869-1876 жылдары 
Чебоксар діни мектебінде, кейін 1876-1882 жылдары Қазан діни семинариясында, одан соң Қазан 
діни академиясында мұсылмандыққа діни сенімге қарсы маманданатын миссионерлік бағытта білім 
алады. 1886 жылы Қазан діни академиясын тамамдағаннан кейін Орынбор діни семинариясында грек 
тілінен, миссионерлік сипаттағы пәндерден, музыкадан сабақ береді. Ұстаздықтан кейін шенеунік 
қызметтер атқарады. Соның бірі – 1889-1894 жылдары атқарған Торғай облысының инспекторы 
лауазымы. Аталмыш лауазымды атқара жүріп ол Торғай облысына орыс білімін тарату тарихымен 
терең танысады. Соның нәтижесінде оның «Исторический очерк русского образования в Тургайской 
области» деп аталатын тарихи очергі дүниеге келіп, ол 1896 жылы Орынборда басылып шығады. 
Кеңес дәуірінде үстемдік құрған таптық идеологияның әсерінен аталмыш очерктің деректері 
«жабық» түрде болып, ғылыми ортаға кең таныс болмады. 
А. Васильевтің аталмыш зерттеуі - Торғай облысына орыс білімін тарату ісінің басы-қасында 
болған Н. Ильминскийдің, В. Григорьевтердің еңбектеріне, Орынбор әкімшілігінің қызметтік 
хаттарына, үкіметтің құжаттарға, архивтік материалдарға негізделген құнды тарихи-анықтамалық 
тарихи еңбек. Онда Торғай облысында ашылған орыс-қазақ мектептерінің ашылуы, онда қызмет 
еткен ұстаздар, білім алған шәкірттер туралы толымды тарихи деректер келтіріледі. Ағартушы 
А. Байтұрсынұлының ұстаздық жолындағы алғашқы мәліметтер де осы кітапта сақталған. Қазақ 
даласындағы орыс тіліндегі білімнің таралуы туралы тарихты тануда аталмыш кітаптың маңызы зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   264




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет