Ғылыми журнал үш айда бір рет шығатын ғылыми журнал


ҒТАМР 03.20 КЕҢЕСТІК ҚАЗАҚСТАНДА КАДРЛАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ



Pdf көрінісі
бет132/264
Дата30.04.2023
өлшемі4.7 Mb.
#473044
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   264
34-36-PB (2)

ҒТАМР 03.20
КЕҢЕСТІК ҚАЗАҚСТАНДА КАДРЛАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ: 
ЖҰМАБАЙ ШАЯХМЕТОВ СТИЛІ
Қапаева Айжан Тоқанқызы
1
, Қасымова Дидар Бейсенғалиқызы
1*
1
Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Алматы қ., Қазақстан. 
*
Автор-корреспондент
E-mail: kapayeva.59@mail.ru (Капаева), didarkassymova87@gmail.com (Касымова)
Түйіндеме. Кеңестік Қазақстанның кадрлар жөніндегі саясаты мемлекет пен халықтың 
қалыптасу үрдісімен тығыз байланысты болды. Мемлекеттік басқару жүйесінің қалыптасуы бірнеше 
кезеңдерден тұрады. Алғашқы кезеңде кеңестік билік құрылымына қазақ халқының төменгі 
тобынан шыққан большевиктердің жақтастары мен 1930 жылдардағы голощекиндік «Кіші Қазан» 
науқанынан аман қалған қазақ қоғамы элитасының көрнекті өкілдері, бұрынғы алашорда мүшелері 
тартылды. 1938 жылдан басталған екінші кезеңдегі Үлкен Террорда партия мен мемлекеттік 
аппараттың құрамындағы ұлттық кадрлардың үлкен бөлігі қуғынға ұшырап, жойылды. Партия 
қатары мен мемлекеттік-әкімшілік жүйе кадрлары қалыптасуының үшінші кезеңі 1930 жылдардың 
соңы мен 1940 жылдардың бас кезіне сәйкес келеді. Бұл кезең Қазақ КСР КП(б)-ның үшінші, 
екінші, бірінші хатшысы қызметін атқарған Жұмабай Шаяхметовтың есімімен тығыз байланысты 


Отан тарихы №1 (97) 2022
ISSN 1814 - 6961 E-ISSN: 2788-9718
121
екендігі анық. Жұмабай Шаяхметов – Мәскеуден жіберілген өзге ұлт өкілдері Голощекин, Мирзоян, 
Скворцов, Борковтардан кейінгі қазақ халқынан шыққан алғашқы хатшы. Жұмабай Шаяхметов 
Қазақ КСР-і билік жүйесінің барлық құрылымына және халық шаруашылығы мен ғылым, білім, 
мәдениетті басқару саласына жергілікті ұлттық кадрларды кеңінен тартты. Ол білікті басшы, 
іскерлігімен және өзі мен төңірегіндегілерге қатаң талап қоюшылығымен ерекше көзге түсті. 
Әдетте, тарихи тұлға жайлы айтқанда оны өз дәуіріндегі оқиғалар шындығымен терең ұштастыра 
қарастыру қажет. Осы тұрғыда Ж. Шаяхметов өз кезеңінің айтулы тұлғасы саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   264




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет