Ғылыми кітапхана Қыдыршаев абат сатыбайұЛЫ



бет2/6
Дата10.06.2016
өлшемі1.86 Mb.
#126572
1   2   3   4   5   6

P.S. Қазақ ұлтының қайсар ұлдарының төресі Қасым ақын «Отбасы – шағын мемлекет» деп қалайша тауып айтқан десеңізші?! Қазақ елінің әрбір отбасында ұйыған бірлік өріс тапса, мемлекетімізде де қашан да өркенді ілгерілеу болары ақиқат. Тіл-көзден сақтағай, өзіміз күнде куәсі болып жүргендей, күллі қазақ еліне үлгі етерліктей, сондай ұйыған отбасының иесі – осы профессор Абат Сатыбайұлы. Халқымыз айтқандай, ата – асқар тау, ана – бауырындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ. Бүгінгі таңда Абат Сатыбайұлы «алла» деп, кезекті мүшел жасын лайықты қарсы алып, ердің жасы елудің етегіне өрлеуде. Шәкірттері Абат сынды ғалым-ұстаздарын парасат-пайымның, өнеге-тәлімнің, табысты шығармашылықтың биігінен көргендерін мақтан тұтады...
Мұханбетқалиев Әскен Самұратұлы,

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық –техникалық университетінің доценті, п.ғ.к., «Қазақ және орыс тілдері» кафедрасының меңгерушісі



А.С. ҚЫДЫРШАЕВТЫҢ ӨМІРІ МЕН ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ БЕЛЕСТЕРІ
Абат Сатыбайұлы Қыдыршаев 1963 жылы 15 қарашада бұрынғы Гурьев облысы Теңіз ауданы (қазіргі Атырау облысы Құрманғазы ауданы) Киров селолық кеңесіне қарасты Тайланбай ауылында дүниеге келген.
1981 жылы Гурьев облысы Теңіз ауданының Байда селолық кеңесіне қарасты Котяевка селосындағы Н.К.Крупская атындағы орта мектебін бітірді.

1981-1985 ж.ж. А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының филология факультетінің студенті («Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы, күндізгі бөлім).

1984 ж. аталмыш білім ордасы филология факультетінің «Данко» студенттік құрылыс отрядінің командирі.

1985-1990 ж.ж. Атырау облысы, Құрманғазы ауданының К.Маркс атындағы қазақ орта мектебінің (қазіргі Әбу Сәрсенбаев атындағы) қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

1989 ж. Республикалық пәндік олимпиада (Гурьев қаласы) қорытындысында К.Маркс атындағы орта мектебі оқушыларының шығармашылығы бойынша әзірленген «Жас қалам» қабырға газеті республикалық конкурс нәтижесінде ІІІ орынға ие болды.

1990-1992 ж.ж. Орал педагогикалық институтының «Қазақ тілі» кафедрасының ассистенті, оқытушысы, филология факультеті кәсіподақ ұйымының төрағасы, филология факультеті деканының орынбасары.

1993-1995 ж.ж. қазіргі Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің аспиранты.

1993 ж. «Ахмет Байтұрсынов - әдістемеші» атты тұңғыш кең көлемді ғылыми-әдістемелік мақаласы жарияланды («Жалын» журналы, №3, Алматы қаласы).

1995 ж. (29 маусым) - «Ахмет Байтұрсынұлының әдістемелік мұрасы» тақырыбында кандидаттық диссертациясы сәтті қорғалып, педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді.

1995-1996 ж.ж. «Қазақ тіл білімі» кафедрасының меңгерушісі.

- «Қазақ филологиясы» факультетінде Ахмет Байтұрсынұлы атындағы әдістемелік бірлестік ашылып, оқу үдерісіне «Ахметтану» курсы енгізілді.



1996-1997ж.ж. «Қазақ лингводидактикасы» кафедрасының меңгерушісі.

1997 ж. жас ғалымдар кеңесінің төрағасы (Осы жылы жас ғалымдар мен аспиранттардың тұңғыш ғылыми мақалалар жинағын баспадан шығарушы).

1998 ж. «Ахмет Байтұрсынұлының әдістемелік мұрасы» атты монографиясы жарық көрді.

- «Ахмет Байтұрсынұлы әліппелері туралы» мақаласы А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты ғалымның 125 жылдығына орай әзірлеген «Ахметтану тағылымдары» атты ғылыми жинаққа енгізілді («Ғылым» баспасы, Алматы қаласы).

1999-2001 ж.ж. Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің аға ғылыми қызметкері.

-«Шешен сөйлеу мәдениетіне баулу мәселесі» мақаласы Құдайберген Қуанұлы Жұбановтың 100 жылдығына арналған «Қазақ тілі жүйесі және лингводидактика мәселелері» жинағына енді (Алматы, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті).

2000 ж. «Шешендік өнер» курсының бағдарламасы (Гуманитарлық жоғары оқу орны студенттеріне арналған) жарық көрді.

- «Шешендіктануды оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері» атты монографиясы жарық көрді.

- «Қаныш Сәтбаевтың шешендігі» атты мақаласы жарық көрді (БҚО «Ұстаз» ғылыми-әдістемелік журналы бетінде).

- (02-03 маусым) Академик Т.Т.Тәжібаевтың туғанына 90 жыл толуына арналған «Қазақстандағы психология және педагогика ғылымдарының өзекті проблемалары» атты республикалық ғылыми-теориялық конференцияда (Алматы қаласы, Әл-Фараби атындағы ҚМҰУ, Қазақтың Ы.Алтынсарин атындағы Білім академиясы) «Студенттерді тілдік қатынас мәдениетіне баулу» тақырыбында баяндама жасады.



- «Педагогикалық практика – мамандыққа баулу сатысы» атты әдістемелік көмекші құралы жарық көрді.

2001 ж. тұңғыш рет шешендіктану негіздерін оқытудың қағидаттары, формалары, әдістері туралы ғылыми-әдістемелік мақалалары жарияланды («Қазақстан мектебі» журналы, №4, №5, №6, Алматы қаласы)

- «Шыңжаң қоғамдық ғылымы» (Шыңжаң қоғамдық ғылымдар академиясының хабаршысы), «Іле айдыны» (әдеби журнал), «Іле» (аймақтық газет) басылымдарында (ҚХР, Құлжа) қазақтың дәстүрлі шешендік өнері туралы ғылыми мақалалары жарық көрді.

- (16 ақпан) «Духовное наследие народов Казахстана и школьное образование» атты ғылыми-практикалық конференцияда (Алматы, Учреждение образования Школа духовного согласия «Парасат») «Қазақ халқының ата дәстүрі негізінде шешен сөйлеуге үйрету жұмысының әдістемелік-дидактикалық аспектілері» тақырыбында баяндама жасады.

- (22-24 ақпан) «Қазақстанның тәуелсіздігіне 10 жыл: нәтижелері және болашағы» атты халықаралық конференцияда (Алматы, «Қайнар» университеті) «Қазақ шешендіктану ғылымы туралы» тақырыбында баяндама жасады.

- (наурыз) «Жас ғалымдар – Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығына» атты халықаралық конференцияда (Алматы қаласы, Қаныш Сәтбаев атындағы ҚҰТУ) «Техникалық жоғары оқу орындарында шешендіктануды оқытудың қажеттілігі» тақырыбында баяндама жасады.

- (18-19 мамыр) «Десять лет реформ на постсоветском пространстве: ожидания, результаты, перспективы» атты халықаралық конференцияда (Алматы, «Тұран» университеті) «Шешендіктануды оқытудың психологиялық иірімдеріне барлау нәтижелері» тақырыбында баяндама жасады.

- (18-19 мамыр) «ХХІ ғасырдағы білім және ғылым: болашаққа көзқарас (Жаңаша ғылым-білім технологиялары және даму көкжиектері)» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда (Алматы, ҚР ҰҒА, «Katev» халықаралық қоғамдық қоры) «Шешендіктану пәнін оқыту арқылы студенттерді шешендік іс-әрекетке баулу амалдарының жіктемесі» тақырыбында баяндама жасады.



- Ы.Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академиясының ұйымдастыруымен өткізілген халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда (Алматы қаласы) «Шешендіктану пәнін оқыту арқылы шешен сөйлеуге үйретудің логикалық аспектілері» тақырыбында баяндама жасады.

- «Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздік жолында: тарих және қазіргі заман» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында (Семей қаласы, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті) «Шешендіктануды оқытудың психолингвистикалық аспектілері» тақырыбында баяндама жасады.

- «Түркітану мәселелері: бүгіні мен болашағы» атты халықаралық ғылыми конференциясында (Алматы қаласы, Қазақ мемлекеттік қыздар пединституты) «Шешен-лектордың кәсіби қалпын қалыптастыруға қатысты шешендік іс-әрекеттің әдістемелік қағидалары» тақырыбында баяндама жасады.

- Еңбек және әлеуметтік қатынас академиясының ұйымдастыруымен өткізілген халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында (Орал қаласы) «Қазіргі шешендіктануды оқытудың лингвистикалық аспектілері» тақырыбында баяндама жасады.



2001 ж. (28 маусым) «Шешендіктануды оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері» (жоғары оқу орындарының гуманитарлық бөлімдері бойынша) тақырыбында докторлық диссертациясын сәтті қорғап, педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесіне ие болды.

2002-2003 ж.ж. филология факультетінің деканы.

- «Шешендіктану» айдары ашылды (Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің хабаршысы (ғылыми журналы) бетінде).

- «Қазақстан дамуының қазіргі жағдайындағы ғылым және білім беру: тәжірибесі, мәселелері және перспективалары» атты Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 70 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында (Орал қаласы) «Шешен-маманның этикалық мәдениетін қалыптастыру мәселесі» тақырыбында баяндама жасады.



2003 ж. (14-15 ақпан) Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 130 жылдығына орай Орал қаласында тұңғыш рет республикалық ғылыми-әдістемелік конференцияны ұйымдастырушы және алғаш рет «Ахметтану және қазақ филологиясының өзекті мәселелері» атты ғылыми-әдістемелік жинағының жалпы редакциясын басқарып, өз қаржысымен шығарушы.

2003-2004 ж.ж. қазақ филологиясы факультетінің деканы.

2003-2009; 2011-2013 ж.ж. М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті хабаршысының (ғылыми журнал) редакциялық алқа мүшесі (жалғасуда).

2004 ж. педагогика және психология факультетінің деканы.

- «Оқу-әдістемелік жұмыстар саласында жоғары нәтижелерге қол жеткізген ғалым-әдіскер» номинациясының иегері (М. Өтемісов атындағы БҚМУ-дың 2003-2004 оқу жылы қорытындысы бойынша).

2004 ж. (24-25 қараша) «Жұбанов тағылымы» атты VI Халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда (Ақтөбе қаласы) «Ғалым шешен Құдайберген Жұбанов және шешендіктануды оқытудың ұстанымдарын таразылау мәселесі» тақырыбында баяндама жасады.

- «Шешендіктану» атты оқу құралы (бірінші басылымы) жарық көрді.

- «Шешен-лектор профессиограммасы» атты көмекші оқу құралы жарық көрді.

- «Шешендік тағылымы» атты оқу құралы жарық көрді.

2004–2007 ж.ж. Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің жанындағы филология, педагогика ғылымдарының докторы (кандидаты) ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д 14.09.04 диссертациялық кеңесінің мүшесі.

2005 ж (28-29 қазан) «Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру – әрбір азаматтың парызы» атты І Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда (Орал қаласы) «Педагогикалық іс-әрекет барысында шешендік өнер элементтерін практикалық тұрғыда қолдану мәселесі» тақырыбында баяндама жасады.

- Академик Т.Т.Тәжібаевтың туғанына 95 жыл толуына арналған «Орталық Азия республикалары мен ТМД елдеріндегі түркі тілдес халықтардың этнопсихология мен этнопедагогикасының қазіргі жағдайы, олардың даму перспективалары» атты ІІІ халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда (Алматы, Әл-Фараби атындағы ҚҰУ, Академик Т.Т.Тәжібаев атындағы этнопсихология және этнопедагогика орталығы) «Кәсіби маман сөйлеу мәдениетінің қалыптасуы хақында» тақырыбында баяндама жасады.

- «Сохранение окружающей среды – важнейшая проблема современности» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында (Орал қаласы, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ) «Лингвоэкологиялық сауаттылықтың қажеттілігі» тақырыбында баяндама жасады.

2005-2012 ж.ж. Батыс Қазақстан облысының «Ағартушы» мемлекеттік тілді оқыту орталығының Ғылыми-әдістемелік кеңесінің төрағасы.

2006-2009 ж.ж. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы» кафедрасының меңгерушісі.


  • Сырым Датұлы атындағы шешендік өнерге баулу бірлестігі ашылды.

  • Кафедра жанынан «Риторика» ғылыми-зерттеу орталығы құрылды.

- (21-22 сәуір) «12 жылдық білім жүйесі және жаңа педагогикалық технологиялар» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияда (Ақтөбе қаласы) «Мұғалім кадрларының біліктілігін арттыруға шешендіктану ілімінің қатысы» тақырыбында баяндама жасады.

- (19-20 қазан) «А.С.Пушкин в культурном пространстве Запада и Востока» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда (Орал қаласы) «А.С.Пушкин және кәсіби маманның сөйлеу мәдениетін қалыптастыру аспектілері» тақырыбында баяндама жасады.



- (30-31 қазан) «Ғалым-ұстаз Серікқали Шарабасов және қазақ филологиясы мәселелері» атты аймақтық ғылыми-практикалық конференцияны ұйымдастырушы және осы аттас ғылыми мақалалар жинағын өз қаржысымен шығарушы.

2006-2008 ж.ж. ҚР Білім және ғылым министрлігінің ғалым мамандарға арналған ғылыми-зерттеу еңбектерге орай берілетін мемлекеттік стипендия иегері (ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2006 жылғы 6 желтоқсандағы №627 Бұйрығы).

2007-2008 ж.ж. ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті жанындағы педагогика және психология мамандығы бойынша эксперттік комиссия мүшесі және ғалым хатшысы (ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 12 наурыздағы №183 Бұйрығы).

- (22-23 ақпан) «Академик Қажым Жұмалиев және ұлттық рухани әлем» тақырыбындағы республикалық ғылыми-практикалық конференциясын ұйымдастырушы және осы аттас ғылыми мақалалар жинағының жалпы редакциясын басқарушы.

- (27 қыркүйек) ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетінің шешімімен доцент ғылыми атағы берілді.

- «Қазақстанда жоғары білім беруді реформалау: тарихы, тәжірибесі және болашағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында (Атырау қаласы) «Педагогикалық шешендіктану» курсын жоғары оқу орындарында оқытудың кейбір қырлары» тақырыбында баяндама жасады.



- (4-6 қазан) «Мемлекеттік тіл саясаты және тіл мәдениетінің өзекті мәселелері» атты ІІ Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда (Орал қаласы) «Риторикалық мәдениет және шешендіктануды оқытудың кейбір теориялық аспектілері» тақырыбында баяндама жасады.

- (28-29 қараша) «Мемлекеттік тіл: даму мен өркендеудің жаңа кезеңі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын (Орал қаласы) ұйымдастырушы және осы аттас ғылыми мақалалар жинағын әзірлеуші.



- «Іскерлік шешендіктану қағидалары» атты оқу құралы жарық көрді.

- «Шешендіктану», «Іскерлік шешендіктану», «Педагог мамандардың шешендік шеберлігін жетілдіру талаптары» атты электронды оқулықтары әзірленіп ұсынылды.

- Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

2008 ж. (29 ақпан) ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің шешімімен профессор ғылыми атағы берілді.

- «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» (2007 жыл) мемлекеттік грантының иегері (ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы 22 ақпандағы №92 бұйрығы).

- «Кестелі шешендіктану» атты оқу-әдістемелік құралы жарық көрді.

- Профессор М.М.Тілеужановтың туғанына 80 жыл толу мерейтойына арналған «Фольклор әлемі және фольклортанудың ғылыми кеңістіктегі орны мен жаңа бағыттары» атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясын ұйымдастырушы және осы аттас ғылыми жинағын әзірлеп шығарушы.

- «Педагогикалық шешендіктану», «Тілдік қатынас мәдениеті» курстарының бағдарламалары жарық көрді.

- (25 сәуір) Қазақстанның Педагогикалық ғылымдар академиясы Президиумы шешімі бойынша Қазақстан ПҒА-сының корреспондент мүшесі.

- (1 қыркүйек) ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің «Алғысы» жарияланды.

- (14 қараша) «Қазіргі қоғамдағы және білім беру саласындағы шешендіктанудың өзекті мәселелері» («Актуальные проблемы риторики в современном обществе и в сфере образования») атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясын Орал қаласында тұңғыш рет өз қаржысымен ұйымдастырушы және осы аттас ғылыми жинағының жалпы редакциясын басқарушы.

- «Профессор Н.Оралбаева және тіл білімі мен әдістеме ілімі» атты атақты ғалым Н.Оралбайдың 80 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында (Алматы қаласы) «Қазақ орта мектептерінде шешендіктануды оқыту арқылы оқушыларды риторикалық мәдениетке баулу мәселесі» тақырыбында баяндама жасады.

- Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті жанындағы Гуманитарлық зерттеулер институтының ғылыми мақалалар жинағының алтыншы шығарылымына (Ақтөбе қаласы) «Риторикалық мәдениет және оны қалыптастыру мәселесі» атты мақаласы енді.

- «Евразийское предназначение художественного и философского наследия Льва Николаевича Толстого» атты халықаралық ғылыми конференциясында (Орал қаласы, ОФ: «Евразийский Союз ученых») «Л.Н.Толстой мен А.Байтұрсынұлы: ағартушылық, әдістемелік байланыстар» тақырыбында баяндама жасады.



2009 ж. (қаңтар) Ресей Риторикалық қауымдастығының мүшесі.

- «Риторика и культура общения в общественном и образовательном пространстве» атты ХІІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында (РФ, Москва қаласы, А.С.Пушкин атындағы мемлекеттік орыс тілі институты) «Некоторые аспекты о научно-методической основе обучения риторике» тақырыбында баяндама жасады.



2009-2010 ж.ж. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің «Кәсіптік білім» кафедрасының меңгерушісі.

- «Жоғары білім беру жүйесіндегі риторика» («Риторика в системе высшего образования») айдары ашылды (Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың «Ғылым және білім» атты ғылыми-практикалық журналы бетінде)

- «Кәсіптік білім» жаршысын шығарушы (Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың «Заңғар» газетінің бетінде) (Газет ішіндегі газет) («Кәсіптік білім» мамандығында оқитын инженер-педагогтарға арналған)

2009-2011 ж.ж. Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың «Ғылым және білім» ғылыми-практикалық журналының редакциялық алқасының мүшесі.

2009-2013 ж.ж. Республикалық ғылыми-әдістемелік, педагогикалық «Білім технологиялары» («Образовательные технологии») журналының (Алматы) ақылдастар алқасы мүшесі (жалғасуда).

2009 ж. (17 сәуір) Қазақстанның Педагогикалық ғылымдар академиясы Президиумы шешімі бойынша Қазақстан ПҒА-сының толық мүшесі (академигі).

2010 ж. Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры.

- «Ақтан Керейұлы және аймақтық әдебиеттану мәселелері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда (Ақтөбе қаласы) «Халықтың шешендік дәстүрі және Ақтан Керейұлы ақындығы» тақырыбында баяндама жасалды.



2010-2011 ж.ж. «Қазақ және орыс тілдері» кафедрасының меңгерушісі.

- «Риторика» жаршысын шығарушы («Заңғар» газетінің бетінде), (Аграрлық-техникалық жоғары оқу орнының студенттеріне арналған «Қазақ және орыс тілдері» кафедрасының үнқағазы)

- (қаңтар-желтоқсан) Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің жанындағы филология (мамандығы – 10.02.01 – орыс тілі, 10.02.19 – тіл теориясы), педагогика (мамандығы - 13.00.02 – Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім беру жүйесіндегі қазақ тілі) ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д 14.61.27 диссертациялық кеңесінің мүшесі.

- (7-10 қазан) Қазақтың ұлы ғалымы Ш.Ш.Уәлихановтың 175 жылдығына арналған «Еуразиялы мәдени кеңістігіндегі Шоқан Уәлихановтың мұрасы» атты Халықаралық конгресте (Көкшетау қаласы) «Шоқан Уәлиханов және жоғары оқу орны студенттерінің риторикалық мәдениетін қалыптастыру мәселесі» тақырыбында баяндама жасады.

- (14-15 қазан) «Мемлекеттік тіл саясаты: жаңа кезең мен жаңа міндеттер» атты ІІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында (Орал қаласы) «Мемлекеттік қызметкерлердің аспектілері» тақырыбында баяндама жасады.



- (қазан, қараша) шәкірттері Әскен Самұратұлы Мұханбетқалиев (29 қазан, 2010 ж.) («Қазақ мектебінің VII сыныбында шешендік өнерді оқыту әдістемесі»), Марат Қайыржанұлы Әжіғалиевтер (17 қараша, 2010 ж.) («Педагогикалық шешендіктану» курсын оқытудың әдістемелік жүйесі») кандидаттық диссертацияларын сәтімен қорғап, педагогика ғылымдарының кандидаттары ғылыми дәрежесіне ие болды.

- (қараша-желтоқсан) ҚР Білім және ғылым министрлігінің білім және ғылым саласындағы Бақылау комитеті жанындағы педагогика және психология мамандығы бойынша эксперттік комиссия мүшесі (ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2010 жылғы 12 қарашасындағы Бұйрығы).

2011 ж. (24 қаңтар) «НұрОтан» халықтық демократиялық партиясының мүшесі.

- «Практикалық қазақ тілі курсы бойынша мәтіндер мен тапсырмалар жинағы» атты көмекші оқу құралы жарық көрді.

- (28-29 сәуір) «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың интеллектуалдық ұлт қалыптастырудағы рөлі» атты» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында (Орал қаласы, БҚГА) «Оқу үрдісіндегі риторикалық технология-интеллектуалды ұлт қалыптастырудың өзегі» тақырыбында баяндама жасады.

- (22 қыркүйек) Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы V құрылтайының делегаты (Көкшетау қаласы).

- (4 қараша) «Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарындағы академиялық ұтқырлық: тәжірибе және даму мүмкіндіктері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында (Орал қаласы, М. Өтемісов атындағы БҚМУ) «Жоғары оқу орындарындағы академиялық ұтқырлық аясындағы кәсіби маманның тілдік қарым-қатынас мәдениетінің аспектілері» тақырыбында баяндама жасады.

- «Материалдарды слесарлық өңдеу технологиясы» атты (авторлық бірлестікте) оқу құралы жарық көрді.

2011-2012 ж.ж. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің педагогика факультетінің деканы.


  • «Тағылым» («Педагогика және психология», «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі», «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзітану» мамандықтары үшін) және «Салауатты өмір салты» («Дене тәрбиесі және спорт», «БӘД» мамандықтары үшін) жаршыларын шығарушы («Өркен» газеті бетінде)

2012 ж. (қыркүйек) Халықаралық көптілді білім беруді дамыту орталығының директоры.

- «Полиглот» (Polyglot) жаршысын шығарушы (ХКББДО жаршысы) («Өркен» газеті бетінде);

- АҚШ және Қалмақ Республикасында (Элиста қаласы) өткізілген халықаралық конференциялардың ғылыми жинақтарында ғылыми-әдістемелік мақалалары жарияланды.

- (17-18 мамыр) «Көптілділік: өзекті мәселелері мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда (Алматы қаласы) «Интеллектуалды ұлт қалыптастырудағы риторикалық технологияның мәні» тақырыбында баяндама жасалды.

- (9 қазан) «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

- (23-24 қараша) М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 80 жылдығына арналған «Жоғары оқу орнындағы білім, ғылым және инновация: кешегісі, бүгіні және келешегі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында «Іскерлік қатынастағы сөйлеу этикетіне қатысты риторикалық қағидалар кешені» тақырыбында баяндама жасады.



- «2012 жылдың жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының екінші мәрте иегері.

  • «Шешендіктану: теориясы мен практикасы» оқу құралы жарық көрді.

  • «Педагогикалық практиканы ұйымдастыру әдістемесі» атты оқу құралы жарық көрді.

2013 ж. (қаңтар) Қазақстан Педагогикалық ғылымдар академиясының хабаршысында (ғылыми журнал) «Білім беру жүйесіндегі шешендік өнер» айдары ашылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет