«Ғылыми зерттеу жұмыстарын жоспарлау және орындау» пәні бойынша курстық жұмыс тапсырмасы №


Зерттелген объектілер мен материалдардың нәтижелерін талқылау (есептеуі)



бет5/8
Дата15.12.2023
өлшемі2.34 Mb.
#486784
1   2   3   4   5   6   7   8
Сералиева А готовый (2)

2.3 Зерттелген объектілер мен материалдардың нәтижелерін талқылау (есептеуі).

Зерттеу нәтижелерінің салыстырмалы түрде пайыздық үлесі мен қосындылары 2-ші және 3-ші кестеде көрсетілген. 2-ші кестеде биостимуляция әдісі арқылы алынған сығынды ның химиялық құрамы көрсетілген. Онда сығынды ның химиялық құрамы 45 компонентті құрайды, яғни қарапайым жағдайда алынған сығындының химиялық құрамынан 10 компонентке артқан, яғни қарапайым әдіспен алынған сығынды құрамы 35 компонентті көрсетті. 2- ші кестедегі (биостимуляциялық әдіс) сығынды құрамы компоненттерінің пайыздық мөлшері 3-ші кестедегі (қарапайым жағдай) сығынды құрамы компоненттерінің пайыздық мөлшерінен артқан.


Кестедегі нәтижелер бойынша биостимуляциялық әдіспен алынған сығынды құрамында 45 компоненттер бар екені анықталды. Қарапайым әдіспен алынған сығынды құрамында бар жоғы 35 компоненттер бар екендігі анықталды. Биостимулияциялық әдіспен алынған сығынды құрамындағы қосылыстардың пайыздық үлесі сәйкесінше қарапайым әдіспен алынған сығынды құрамынан артық болып шықты. 2- ші кестеде барбалоин (Алоин А) 12,90% көрсетсе, эвгенол (Eugenol) 46,19% көрсетті. Ал 3-ші кестеде сәйкесінше барбалоин (Алоин А) 11,8%, эвгенол (Eugenol) 43,88% көрсетті.
Зерттеу нәтижелерінің хромотограммасы 2-ші және 3-ші суреттерде көрсетілген.



Сурет 12 - Биостимуляция әдісі арқылы алынған алоэ сығынды ының хроматограммасы




Сурет 13 - Алоэ сығындысының хроматографиясы

Биостимуляция әдісімен алынған алоэ сығынды құрамын зерттеу сығындының шығымдылығы биостимуляциясыз әдеттегі жолмен алынғаннан 20% жоғары екенін көрсетті . Алоэ верасынан алынған сығынды үлгілерінің компоненттік құрамы биостимуляция әдісінің артықшылықтарын көрсетті, бұл алоин мен евгенол мөлшерінің жоғарылауымен расталады. ГХ сараптама нәтижелері бойынша, биостимуляция әдісі арқылы алынған сығынды да химиялық құрам компоненттері артық және олардың пайыздық мөлшері де жоғары болды.


Қорытындылай келе қолданылған биостимуляциялық әдіс алоэ сығынды ың емдік қасиетін арттыра түседі және қолдану жағдайын жеңілдетеді. Талдау нәтижесінде сығынды құрамында евгенол (Eugenol) және барбалоин (Алоин А) жоғары пайыздық мөлшер көрсетті. Нақты айтканда биостимуляциялық әдіспен алынған сығынды құрамында евгенол(Eugenol) 46,19%-ды, ал барбалоин (Алоин А) 12,90%-ды көрсетті. Қорытынды нәтижесінде биостимуляциялық әдіспен алынған алоэ вера сығынды ың ауырсынуды басатын, антибактериялық, антигельминттік, іш қатуға қарсы әсері бар екені анықталды.
3 Зерттелетін объектілермен материалдарды салыстыру

Кез-келген крем жоғары сапалы ғана емес, сонымен қатар тұтынушы үшін қауіпсіз болуы және денсаулыққа зиян тигізбеуі керек. Сондықтан өнімнің құрамы оның қаптамасында көрсетіледі. Сапа мен қауіпсіздіктің негізгі көрсеткіштері «Косметикалық кремдер. Жалпы техникалық шарттар» ГОСТ 31460-2012 стандартында көрсетілген. Шығарылатын өнімнің әрбір партиясының сапасы мен қауіпсіздігін тікелей бақылау өндіріс процесінде де, оны дайындағаннан кейін де жүзеге асырылады. [20].


Сапалы өнімдерді қамтамасыз ету үшін сонымен қатар процестегі бақылау, дайын өнімнің сапасын бақылау, жақсы өндірістік тәжірибені (GMP) бақылау және процесті тексеру қажет.. Өсімдік материалдарының спецификацияларына макро- және микроскопиялық сипаттамалар, сәйкестендіру сынақтары, аналитикалық және физика-химиялық анықтаулар кіреді. [21]. Еуропалық дәрі-дәрмек агенттігінің «Шөптік дәрілік өнімдердің сапасы бойынша нұсқаулық» және «Спецификациялар бойынша нұсқаулық» құжаттары дәрілік өсімдіктердің сапасына қатысты мәселелерді нақтырақ сипаттайды. [22].
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы «Дәрілік өсімдік материалдарының сапасын бақылау әдістері» көлемінде өсімдік дәрілерінің сапасын қамтамасыз ету үшін құнды болып табылатын бірнеше параметрлерді атап өтті. Оларға сәйкестендіру, визуалды тексеру, сенсорлық белгілер, макро- және микроскопиялық сипаттамалар, ылғалдылық, бөгде заттар, жұқа қабат хроматографиясы (TLC), күл мәндері, экстракциялық мәндер, ұшқыш заттар, микробиологиялық тазалық , ауыр металдар мен пестицидтердің қалдықтары, радиоактивті ластаушы заттар және препараттың табиғатына сәйкес тотығу сынағы, көбіктену, гемолитикалық және ісіну көрсеткіштері кіреді [20].
Фармацевтикалық өнімдер сияқты, косметика - бұл нақты құрамдағы және белгілі бір қасиеттері бар күрделі қоспалар. Химиялық талдаулар немесе таразылау қолданбалары әдетте олардың өндірісінің бір бөлігі ғана, бірақ соңғы өнімнің сапасы мен тұтастығына қатты әсер етуі мүмкін. Шынында да, көптеген елдерде сатылмас бұрын косметика қауіпсіздігіне, сондай-ақ GMP сәйкестігіне сыналуы керек және рН, тұтқырлық және үлес салмағы сияқты параметрлерді өлшеу консистенция, партияның біркелкілігі және қауіпсіздігі үшін өте маңызды [22].
Косметикалық кремнің сапасын бақылау өнімдер мен оның шикізатының тиімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін маңызды. Бүкіл әлемде косметика өнеркәсібінің жылдам өсуіне байланысты косметика сапасын бақылаудың тиімді, арзан және жылдам әдістеріне басымдық беріледі. Косметика өнеркәсібінде қолданылатын кейбір қазіргі әдістер косметика сапасын бақылауды тиімді түрде бағалау үшін қолданылуы мүмкін, мысалы: реология, сенсорлық талдау және рентген сәулелерінің шағын бұрышты шашырауы (SAXS) [23].

Сурет 14 - Жұқа қабат хроматографиясы






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет