«Ғылыми зерттеу жұмыстарын жоспарлау және орындау» пәні бойынша курстық жұмыс тапсырмасы №



бет7/8
Дата15.12.2023
өлшемі2.34 Mb.
#486784
1   2   3   4   5   6   7   8
Сералиева А готовый (2)

Сипаттамасы. ГОСТ 29188.0-91
Ақшыл түсті крем тәрізді консистенциялы косметикалық құрал. Бақша қараотының көмірқышқылды экстрактысы қосылған крем.
Түсі. ГОСТ 29188.0-91
Ұнтақ тәрізді бұйымдар мен эмульсия, гель, желе, паста, жақпа май консистенциясы бар бұйымдардың сыртқы түрі мен түсін шыныға немесе ақ қағаз парағына жұқа тегіс қабатпен салынған сынаманы қарау арқылы анықтайды.
Иісі. ГОСТ 29188.0-91
Ұнтақ тәрізді бұйымдар мен эмульсия, гель, желе, паста, жақпа май консистенциясы бар бұйымдардың иісі сыртқы түрін анықтағаннан кейін сынамадағы органолептикалық әдіспен анықталады.
Біркелкілігі. ГОСТ 29188.0-91
Өнімдердің біркелкілігі - кесектердің және дәндердің болмауы – сынаманы жеңіл ысқылау арқылы анықталады.
Идентификация. ҚР МФ 1 т., 2.2.28
Сынақты газды хроматография әдісімен жүргіздік.
Судың немесе ұшқыш заттардың массалық үлесі. ГОСТ 29188.4
Көрсетілген әдістеме бойынша шыны таяқшасы және құмы бар өлшеуіш стаканға 1,5-5,0 г аралығындағы кремнің массасы салынады, өлшенеді, нәтижесі 4-ші үтірге дейін жазып алынады. Кремі бар стаканды дұрыстап араластырғаннан кейін, кептіргіш шкафтарға салып, (103±2) °С температурада 3 сағат кептіреді. Кептіру аяқталғаннан кейін, стаканды суытып, эксикаторда 30 минут ұстайды, соңынан қайта салмағын өлшейді. Кептіру соңғы 2 дәйекті өлшеу арасындағы айырмашылық 0,002 г аспағанша қайталанады(әр қайталанған кептіру 30 мин ішінде жүргізіледі). Судың немесе ұшқыш заттардың массалық үлесін келесі формула бойынша есептейді:
(1)
M1 –құм және шыны таяқшасы бар стаканның массасы, г;
M2 – құм, шыны таяқша және кептіруге дейінгі крем массасы бар стакан массасы, г;
M3 – құм, шыны таяқша және кептіруден кейінгі крем массасы бар стакан массасы, г. Соңғы 2 дәйекті өлшеу арасындағы айырмашылық0,5 % - 1.0 % аралығында болу керек.
рН анықтау.ҚР МФТ.1, 2.2.3. Потенциометрия.
10,00 г крем массасын стаканға салып, 90 см3 дистилденген су қосады. Алынған массаны (80±2) °С температураға дейін араластыра отырып, қыздырады, эмульсия бұзылғанша(майлы қабат түзіледі. (20±2) °С температуға дейін салқындатады, сулы қабатты бөліп алып, рН өлшейді. Сулы ерітіндіні сыйымдылығы 50 см3 стаканға салып, электродтар сымын зерттелетін ерітіндіге орналастырады. Электродтар стакан қабырғасына және түбіне тимеуі керек. рН өлшемін құрылғының шкаласынан белгілеп алады. рН өлшемі 5,5 -6,5 аралығында болуы керек.
Құрылғы бір-бірімен жіп арқылы қосылған екі металл гильзалардан тұрады. Гильзалар сынапты термометрге бекітіледі. Термостаттың ішкі бөлігіне, түбінен 10-15 см жоғары болатындай термостаттайтын сұйықтық құяды. Термостатты электроплитаға вертикалды жағдайда орналастырады. Крем массалық өнімнен 2-5 мм болатындай жоғарғы қабатынан, кем дегенде 3 жерден үлгі алады. Үлгіні фарфор ыдысқа немесе шыны стаканға салып, балқытады, өнімнің тамшы таму температурасынан 10 0С жоғары температураға дейін қыздырады. Ауа көпіршіктері пайда болмауы керек. Құрылғының ыдысын тегіс шыны бетке орналастырады және балқытылған крем массасымен толтырады. Құрылғының ыдысын 20 минут (20±2)0С температурада өнім қатқанша ұстайды. Крем массасы бар құрылғының ыдысын термометр гильзасына орналастырып, оны термостаттың ішкі пробиркасына тығын арқылы, вертикалды жағдайда орналастырады. Құрылғыны электроплитада қыздырады, күтілетін температураға 10-150С қалғанда, температура минутына 10С –дан жоғары көтерілмейтіндей орнықтырады. Өнімнің бірінші тамшысы түскен температураны анықтайды. Кем дегенде 3 сынама жүргізеді. Көрсеткіштер арасындағы айырмашылық 3 ° C-тан аспауы керек. Үш өлшеудің орташа мәні – тамшы таму температурасы болып есептеледі.
Коллоидты тұрақтылықты анықтау. ГОСТ 29188.3 көрсетілген әдістеме бойынша жүргізеді. 2 пробиркаға зерттелетін массаны салып, салмағын өлшейді, нәтижелерді екінші ондық үтірге дейін жазады. Пробиркалар салмағының айырмашылығы 0,2 г-нан артық болмауы керек. Пробиркаларды сулы моншаға немесе термостатқа 20 минутқа 42-45 0С температурада ұстап тұрады. Пробиркаларды алып, сыртқы жағын сүртеді, центрифугалайтын құрылғыға орналастырады. Центрифугалауды айналу жиігілі 100 с-1 болатындай, 5 минут жүргізеді. Пробиркаларды алып, эмульсиялардың тұрақтылығын анықтайды. Гидрофильді фазаның 1 тамшысынан көп емес, майлы фазаның қабатының 0,5 см артық емес қабат түзілсе эмульсия тұрақты деп есептейді.
Термо тұрақтылықты анықтау. ГОСТ 29188.3 көрсетілген әдістеме бойынша жүргізеді. Диаметрі 14 мм және биіктігі 120 (100) мм болатын үш пробирка немесе сыйымдылығы 25 см3 болатын цилиндрлер сынақ эмульсиясымен толтырылады, эмульсияда ауа көпіршіктері қалмауын қадағалап, тығынмен жабылған және температурасы 40-42 ° C болатын термостатқа орналастырады.Термиялық тұрақтылықты, су / май түріндегі эмульсиясын анықтаған кезде, түтіктердің немесе цилиндрлердің құрамы 1 сағат термостатталғаннан кейін ауаны кетіру үшін шыны таяқшамен мұқият араластырады. Эмульсиялар термостатта 24 сағат бойы сақталады, содан кейін тұрақтылық анықталады. Эмульсия тұрақты деп саналады, егер термостатталғаннан кейін пробиркаларда сулы фазаның бөлінуі байқалмаса, май фазасының 0,5 см-ден аспайтын қабаты түзілсе.
Сандық анықтау. ҚР МФ 1 т., 2.2.28 Газ-сұйықтық хроматография талаптарына сай жүргізіледі.
Микробиологиялық тазалығын анықтау ҚР МФ I, 1т, 2.6.12. көрсетілген әдіс бойынша анықтайды. ҚР МФ көрсетілгендей беттік және тереңдетілген себу әдісі косметикалық кремнің құрамындағы тіршілікке қабілетті бактериялар мен саңырауқұлақтардың санын анықтау үшін қолданылады. 2-беттік себу әдісін арқылы құрамындағы Staphylococcusaureus, Pseudomonas aeruginosa, Salmonella бактерияларын анықтайды. Әдістемелердің жарамдылығын анықтау үшін келесідей америкалық культураның тест штамдарын қолданады:
Парфюмерлік косметикалық бұйымның құрамына кіретін ингредиенттердің тізбесін латын әліпбиінің әріптерін пайдалана отырып, косметикалық ингредиенттердің халықаралық номенклатурасына (INCI) сәйкес көрсетуге жол беріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет