Негізгі әдебиеттер: 1,2,6.
Қосымша әдебиеттер: 1,2,7.
№2 Дәріс тақырыбы:
Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдіснамасы және әдістері.
1. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері.
2. Педагогикалық зерттеуді жүргізу әдістемесі.
3. Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістері, оларға сипаттама.
1. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері.
«Әдіснама» педагогикадағы ғана емес, жалпы ғылымтанудағы күрделі, көпмәнді түсініктердің бірі.
Әдіснама – ғылыми зерттеушлік іс-әрекет әдістері.
Әдіснаманың басты міндеттерінің бірі – зерттеу жұмыстарын әдіснамалық жағынан қамтамасыз ету. Әдіснамасыз кез-келген ғылыми педагогикалық зерттеулерді сауатты жүргізу мүмкін емес. Қалай дегенмен де бұл ғылымның нақты мәні - әдіс туралы ғылым деген ұғымдық түсінікті білдіреді. Педагогикалық әдіснамада зерттеуді ұйымдастыру жүйесі мен принциптерінде процестің құрылымы, мақсаты, мұғалім мен оқушы әрекеті қолданылатын әдістері, формасы, құралдары жан-жақты қарастырылады.
Сонымен педагогикалық әдіснама – педагогикалық ақиқат шындықтағы танымды айқындайтын және оны жаңартып, өзгертудегі іс-әрекетке бағыттайтын әдіс, принцип, форма туралы ілім.
Э.Г.Юдин бойынша әдіснамалық білімдердің 4 – деңгейі бар.
1- ші, философиялық деңгей;
2- ші, жалпы ғылымилық деңгей;
3- ші, нақты ғылымилық деңгей;
4 – ші, нақты зерттеуді жүргізу деңгейі.
2. Педагогикалық зерттеуді жүргізу әдістемесі.
Зерттеу әрқашан мақсат қоюдан басталады. Одан кейін нақты нәтиже алу үшін зерттеу құралдарын таңдайды. Педагогикалық зерттеу логикасы төмендегідей:
1. Эмпирикалық суреттеу барысында фактілер жиналады. Ол фактілер оқыту мен тәрбие әдістерінің тиімділігі немесе тиімсіздігі, оқушылардың белгілі бір материалдарды меңгеруіндегі қиындықтары болуы мүмкін.
2. Филофиялық, педагогикалықпсихологиялық және т.б. ғылымдарға сүйене отырып зерттеу пәні туралы жалпы теориялық түсінік аламыз.
3. Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістері, оларға сипаттама.
Зерттеу әдістері эмпириялық және теориялық деп екіге бөлінеді. Эмпириялық әдістерді ғалым В.Г.Загвязинский екі топқа бөледі:
1. Жеке әдістер. Оларға жататындар: деректерді зерттеу, талдау, бақылау, эксперттік бағалау әдісі, тестілеу.
2. Бір несе жеке әдістерді қолдану негізіндегі кешенді әдістер: мониторинг, педагогикалық тәжірибені зерттеу және қорыту, педагогикалық эксперимент. Ал зерттеудің теориялық әдістеріне теориялық анализ және синтез, абстрактілеу және нақтылау, аналогия, модельдеу жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |