Ғылыми зерттеудің теориясы мен әдістемесі пәні бойынша 050103 – Педагогика және психология мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік кешен



бет8/20
Дата02.02.2024
өлшемі359 Kb.
#490566
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20
aitzhanova Караганда

3дебиеттерді оқып үйрену.
Әдебиеттерді оқып үйрену кезінде зерттеуші тек оқу техникасын емес, сонымен бірге материалды жазу техникасына да көњіл аудару керек. Жұмыстыњ осы екі түрлі бір – бірімен тығыз байланысты: Оқу түрлі жазу түрін де негіздейді
Жүгірте оқу – әдебиеттерді оқып үйренудің тиімді тәсілдері. Соның нәтижесінде оқу мүмкіндігі едәуір кеңейеді.
Оқудың кез келген тәсілінде жазудың қысқаша түсінік, жоспар, көшірме тәрізді түрлері қолданылуы мүмкін. Түсіндірмеде кітаптың немесе мақалалардың негізгі мазмұны мен мәндері көрсетіледі. Кітаптардағы немесе мақалалардағы негізгі қаралатын сұрақтарды белгілеу қажет болғанда жоспарды пайдаланады.
Дєйектемелер мен жазбалар зерттеушінің идеялары мен қорытындыларын негіздеуге жєне сыни талдау жасауға пайдаланылады. Сондықтан кµшіру кезінде автордыњ ойын дұрыс меңгеріп, нақты материалдарды қатесіз жазған дұрыс.
Тезистер кітаптағы немесе мақаладағы негізгі тұжырымдардың, ойлардың, қортындылардың жиынтығы. Оны автор немесе зерттеушінің пікірімен береді.
Конспектілеу – әдебиетті терең және мұқият талдаудың құралы.
Бүкіл кітапты немесе жекелеген тарауларды оқып болғанан кейін процес барысында белгіленген тұстарды қайта қарап, аса маңызды тұстарды ерекшелеген жөн. Жазбаның қайталанбағанын назарға алу керек. Жұмыс осындай реттпен ұйымдастырылса, конспектілеу айтарлықтай жеңілденеді және жемісті болады.


Негізгі әдебиеттер: 7,8,9.
Қосымша әдебиеттер: 5,6,7.

6 Дәріс тақырыбы:


Архив материалдарымен жұмыс істеу
1.Тарихи-педагогикалық зерттеу және құжаттанудың кейбір мәселелері.
2. Архив қорын ұйымдастыру.
3. Архив құжаттарымен жұмыс істеудің әдістемесі мен техникасы.
1.Тарихи-педагогикалық зерттеу және құжаттанудың кейбір мєселелері.
Қажетті құжаттарды, анықтамаларды, мәліметтерді жылдам және дәл табу үшін архив материалдары қалай ұйымдастырылғанын білген жөн, Архивтегі жұмысты бастамас бұрын зерттеудің тақырыбын, оның жобалық жоспарын анықтап, диссертацияларды, монографиялық және мерзімдік әдебиеттерде көрсетілген тақырыпқа қатысты материалдармен танысқан жөн.
Архивтегі жұмысты ондағы оқу анықтамалық ақпаратпен танысудан бастайды. Оған архив қорларының құрамды анықтамалығы болып табылатын жолбасшылары архивтегі материалдарының анықтамалары мен каталогтары, қорлар бойынша істердің жазбалары жатады. Зерттеуші архив материалдарының барлығы бірдей суреттеліп, қортылмағанын, сондықтан жұмысқа жарамды болмайтынын білген жөн. Зерттеуші өзінің танысуға тиісті материалдар сақталатын қордың атауын анықтап, ерекше карточкаларға өзіне қажетті материалдарды жазып көрсетеді. Архивтегі жұмыс процесінде бұл істің техникасы жылдам меңгеріледі.
Архивтің «сақтау бірлігінде» төмендегідей түрлі тарихи педагогикалық құжаттар кездесу мүмкін: бұйрықтар, декреттер, бұйрық – жарлықтар, үкіметтік ұйымдар мен мекемелерді жедел хаттары, қоғамдық ұйымдардың қаулылары мен шешімдері, жиналыстардың, мәжілістер мен конференциялардың стеннограмалары мен хаттамалары, оқу – жоспарлары, бағдарламалары, оқу орындарының және жеке тұлғалардың есептері т.б. Осынау тарихи педагогикалық бастаулардың бәрі архив істерінде түпнұсқа және көшірме күйінде сақталуы мүмкін. Оның ішінде бағалысы әрі сенімдісі түпнұсқа болып табылады.Ол тек қолмен жазылмай, машинкаға да басылуы мүмкін. Оның автор немесе ұйым, мекеме жетекшісі қол қойған данасы ерекше маңызға ие болады. Егер түпнұсқа болмағандықтан зерттеуші көшірмені пайдалануға мәжбүр болса, оның шындыққа сай келетіндігі ресми бекітілген түрін негізге алған жөн. Қол қойылмаған көшірмелер ақиқаттың көзі бола алмайды. Оларды түпнұсқамен ол болмаған жағдайда басқа көшірмелермен салыстырып қарау керек.
Кейде архив ісінде бір мєселеге байланысты үш түрлі құжат: жиналыстың немесе конференцияның (Қарары) хаттамасы және стенограммасы кездесуі мүмкін. Бұл жағдайда қайсысын негізге алу керек: әрине бәрі де зерттеушінің мақсатына байланысты. Егер ол тарихи педагогикалық деректі қажет етсе қарарды (резолюция) пайдаланады. Ал оны пікірлер сайысы, мәселені шешудің алуан себептері қызықтырса, ол әрине стенограммаға ден қояды.
2. Архив қорын ұйымдастыру.
Қажетті құжаттарды, анықтамаларды, мәліметтерді жылдам және дәл табу үшін архив материалдары қалай ұйымдастырылғанын білген жөн. Архивтегі жұмысты бастамас бұрын зерттеудің тақырыбын, оның жобалық жоспарын анықтап, диссертацияларды, монографиялық және мерзімдік әдебиеттерде көрсетілген тақырыпқа қатысты материалдармен танысқан жөн.
Архивтегі жұмысты ондағы оқу анықтамалық ақпаратпен танысудан бастайды. Оған архив қорларының құрамды анықтамалығы болып табылатын жолбасшылары архивтегі материалдарының анықтамалары мен каталогтары, қорлар бойынша істердің жазбалары жатады. Зерттеуші архив материалдарының барлығы бірдей суреттеліп, қортылмағанын, сондықтан жұмысқа жарамды болмайтынын білген жөн. Зерттеуші өзінің танысуға тиісті материалдар сақталатын қордың атауын анықтап, ерекше карточкаларға өзіне қажетті материалдарды жазып көрсетеді. Архивтегі жұмыс процесінде бұл істің техникасы жылдам меңгеріледі.


3.Архив құжаттарымен жұмыс істеудің әдістемесі мен техникасы.
Архивтің «сақтау бірлігінде» төмендегідей түрлі тарихи педагогикалық құжаттар кездесу мүмкін: бұйрықтар, декреттер, бұйрық – жарлықтар, үкіметтік ұйымдар мен мекемелерді жедел хаттары, қоғамдық ұйымдардың қаулылары мен шешімдері, жиналыстардың, мәжілістер мен конференциялардың стеннограмалары мен хаттамалары, оқу – жоспарлары, бағдарламалары, оқу орындарының және жеке тұлғалардың есептері т.б. Осынау тарихи педагогикалық бастаулардың бәрі архив істерінде түпнұсқа және көшірме күйінде сақталуы мүмкін. Оның ішінде бағалысы әрі сенімдісі түпнұсқа болып табылады. Ол тек қолмен жазылмай, машинкаға да басылуы мүмкін. Оның автор немесе ұйым, мекеме жетекшісі қол қойған данасы ерекше маңызға ие болады. Егер түпнұсқа болмағандықтан зерттеуші көшірмені пайдалануға мәжбүр болса, оның шындыққа сай келетіндігі ресми бекітілген түрін негізге алған жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет