Ғылымның қия жолында алтыннан алқа таққан қыз София Зұлхарнайқызы Сағындықова


Осы зерттеулердің нәтижесі шұбатты ұзақ мерзімге сақтау мүмкіндігіне қол жеткізді ме?



бет3/4
Дата19.09.2022
өлшемі72 Kb.
#460945
1   2   3   4
С.Сағындықова

Осы зерттеулердің нәтижесі шұбатты ұзақ мерзімге сақтау мүмкіндігіне қол жеткізді ме?

  • Біздің мақсатымыз экологиялық таза шұбат сусынын алу болатын. Ал шұбатты ұзақ мерзімге сақтау қазіргі таңда келелі мәселелердің бірі. Жылдың көктем, жаз айларында мол болатын шұбаттың адамның иммунитеті төмендейтін күз, қыс айларында таптырмайтыны аландатады, әрине. Әсіресе соңғы кезде туберкулез дерті дендеп тұрғаны белгілі. Ал осы дерттің бірден бір емі шұбат. Сондықтан шұбат пен түйе сүтін қалай сақтап қыста пайдалану – өндіріс орындарының алдында тұрған өзекті мәселенің бірі. Шұбаттың құрамындағы микроорганизмдер түрі, үнемі өсіп – өніп, ашыту процесіне қатысатындықтан сақтау аса қиын. Алайда шұбатты ұзақ мерзімге сақтауға болатындығы жөнінде зерттеулеріміз бар. Бірақ іс жүзіне асыру үшін қыруар қаржы керек.

  • Шұбаттан өзге тағамдарға да сүт қышқылы бактериясын қолданып көрдіңіз бе?

  • Ғылым бір бағытта шектеліп қалмауы тиіс. Бізде балықтың көп түрі бар. Сондықтан аспиранттарымен бірлесіп, балыққа да сүт қышқылы бактерияларын қолданып зерттеп көрдік. Нәтижесінде сүт қышқылы бактерияларын балық турамасына (фарш) бірден қосқанда, яғни бөгде микроорганизмдер аса көбеймей тұрғанда басытқылық жасаған кезде, оның ұзақ мерзімге сақталып, дәмінің тұрақталуына әсері барына көз жеткіздік.

    Осы жұмыстың нәтижесінде жалғасы ретінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің ғылыми гранты бойынша жұмыс жасалуда. Жұмысымыздың тақырыбы: «Балық өнімдерінің саласын жақсарту және тұрақтандырудың микробиологиялық негіздері» деп аталады. Өзім осы ғылыми жоба грантының жетекшісімін. Атыраудағы «Атыраубалық», АҚ – ның вице – президенті Әбілхайыр Мұхсановпен бірігіп алған патенттеріміз бар. Зерттеу жұмыстары алдымен лабораториялық жағдайда жүргізіліп, содан соң өндірісте сыналуы керек.

    • Сіздің еңбегіңіз халықаралық дәрежеде бағаланып, ИСЕСКО – ның Алтын медалімен, үлкен сыйақымен марапатталғаныңыздың куәсі болып отырмыз. Ал енді өз елімізде еңбегіңіз қалай бағалануда?

    • ҚР Білім және ғылым министрлігінің ғылыми жоба бойынша үш жылға арналған миллион теңгелік грантын ұтып алдым. Бұл жұмыс менен үлкен жауапкершілікті талап етеді. Жылдың әр тоқсанында атқарған қызметіне есеп беріп отырамын. ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен, Ғылымның дамуына қосқан үлесі үшін Төсбелгісімен марапатталып, көрнекті ғалымдарға арналған стипендиясына ие болдым.



    • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет