Ғылымның қия жолында алтыннан алқа таққан қыз София Зұлхарнайқызы Сағындықова


Ғылымға шабыт керек пе? Шабытты қайдан аласыз?



бет4/4
Дата19.09.2022
өлшемі72 Kb.
#460945
1   2   3   4
С.Сағындықова

Ғылымға шабыт керек пе? Шабытты қайдан аласыз?

  • Біріншіден қорқақтай бастаған ісіңнін қомақты нәтижесін көргенде әрі қарай да қол жеткен жетістікті тереңдете түсуге жаңа ізденістері шабыттана кірісесің. Екіншіден, намыс та шабыт шақырады. Атап айтсам, еуропалықтар бұрындары ішек – қарынды лақтырып тастайды екен. Қазір француздар біздің қуырдақтарымыздың дәмін татып көрген соң, ішек – қарын, өкпе – бауыр, бүйрек – жүректен қуырдақ жасау, қазы – қарта, шұбат – қымызымыздың жасалу технологиясы мен пайдалы қасиеттерін бүге – шүгесіне дейін білуге құмарта бастады. Сондықтан әрбір зерттеуіме патент алып қоямын. Ұлттық тағамдарымызға тездетіп патент алып, тағамтану ғылымынан тезірек өз орнымызды ойып тұрып атып алмай, бойкүйездікке салынсақ, өзгелер ғылыми негіздеп меңгеріп, меншіктеп кетуі мүмкін екенін ойлағанда, бәріне өзім кірісіп кеткім келеді.

  • Екеумізді достастырған қалам қабілетіңіз бен өнерге деген құштарлығыңыз болатын. Есіңізде ме? Біз бір жаққа өте асығыс жиналғанбыз. Сіз: «Ой, тоқтай тұрыңыздар, микробтарымды тамақтандырып кетейін» деп бәрімізді қаңтарып қойғаныңыз бар... Журналистикаға барғызбай, қарапайым адамдар қашып жүретін микробтарға құмар еткен қандай күш?

  • Мектепте оқып жүргенімде газеттерге шағын мақалаларым жарияланып тұрды. 4-5 сом қаламақы келетін Журналист болуды армандайтынмын. Аттестат алған соң журналистикаға түсем деп Алматыға келдім. Мен құжат тапсырғанша «әжең ауырып жатыр» деген хабар жетті. Сонымен құжат тапсырмай елге қайттым. Уақыт та өтіп барады. Ата – ананың үлкені болғандықтан әжемнің кенжесі болып бауырында өскендіктен, алысқа бармай – ақ өз үйіңнің қасындағы Атырау педагогикалық институтына түс. Осы институтты бітірген Фариза апаңа жететін қай журналисің, қай ақының бар. Өнерің болса жерде қалмайды, бір күні жарып шығады» деді. 103 жасқа келіп, өмірден тың күйінде өткен әжем кемеңгер кісі еді. Жүзге келгенін тойлаймыз дегенде, тоқсандамын дей берем, әйтпесе жүзге дейін жеткізіп әлпештеп отырған балалары деп тіл – көз тиеді, балаларыма кесірім тимесін» деп, той жасатпай қойған-ды... Әжемнің сөзі мен үшін заң. Бала кезімнен журналистикамен бірге жаратылысты зерттейтін биология да қызықтыратын. Химиядан Ханым, биологиядан Хадиша деген апайлар сабақты қызықты өткізетін. Барлық пәннен жақсы бітірсем де осы кісілердің ықпалы болар, биология жүрегіме жақындау болды. Ал тарих – филология факультетінен журналист шығады деп ойлаған жоқпын. Сонымен биология факультетіне түсіп, үздік бітіріп шықтым... Әжемнің қуанышында шек жоқ. «Қызым қызыл бетонмен бітірді» деп мақтанатын. Әуелі түсінбеген жұрт бетонның диплом екенін білген соң, күлкіге қарық болатын.

    Институтты үздік бітіргеннен кейін институтта қалдырды. Бірақ, бір жыл институтпен қатар мектепте де сабақ бердім. Ол міндетті еді. Үш – төрт жыл жұмыс істеген соң, ҚазГУ-дың аспирантурасына оқуға келдім. Өзіме арнайы бөлінген орын болды. Бұл 1984 жылдары болатын.
    Байқаймысың, Байқаймысың
    Мына ғажап тамашаны
    Бір адамға байланысты
    Бір адамның болашағы – деп ақын Мұхтар Шаханов айтқандай, бір жылдары Цхалтуба деген жерде дем алып жүріп, Дина Абултаева деген апаймен танысқанмын. Алматыға келген соң сол кісі үйіне шақырып, әңгімелесіп отырғанда, ғылыммен айналысқым келетінін айттым. Сонда Дина апай: «Жетекшің болсаң, биолог ағайыммен таныстырайын» деп, ағасының үйіне апарды. Аға – жеңгесі де аккөңіл, жақсы адамдар екен. Ол кісіге микробиология ұнайтынын айтып едім: «О, онда Майя Шығаева деген апаларың бар, ол микробиолог, академик, өте білімді адам» деп, келесі күні хабарласып, Майя апайдың келісімін алып, ғылымға қадам бастап кеттік.
    Ұстаздың ұстазы бар демекші, ғылым жолындағы ұстазым, ҰҒА – ның академигі, «Парасат» орденінің иегері Майя апайға кездесіп, ғылымға бел байлағаным үшін де өзімді бақыттымын деп есептеймін. Ол кандидаттық диссертациямның жетекшісі, докторлық диссертация жазғанда кеңесшім болды. Өте адал, парасатты жан, абзал ана, аяулы жар, сонымен бірге асылдың сынығы, тұлпардың тұяғы Дәулеткерейдің ұрпағы. Майя апайға кездестірген Аллаға да, себепші болған ақпейіл адамдарға да алғысым шексіз.

    • Өзіңізбен 90 – жылдары Исатай Тайманұлы атамыздың тойында танысқанбыз. Сонда сіздің ұйымдастырушылық, іскерлік қабілетіңізге тәнті болғам. Сіз ғылымға келген Кеңес өкіметі кезеңінде ғылымға деген құрмет ерекше болатын. Ал тоқсаныншы жылдары іскерлік қабілеті бар азаматтардың тасы өрге домалап, ғылымға сұраныс бәсеңдеп тұрған кез еді. Кәсіпкерлікпен айналыссаңыз да үлкен нәтижеге жетер едіңіз. Бірақ сіз ғылымнан айнымадыңыз...

    • Есте жоқ ерте кезде бір ғалым мен саудагер сапарлас болыпты. Бұлар мінген кеме алыс – алыс шетелдерге бағыт түзейді. Саудагердің мақсаты – қоржын – қоржын алтыны мен күмісін, тай – тай жібегі мен пүлішін сатып баю. Ал оқымыстының ойы – сирек қолжазбалар тапсам, жаңалықтар ашсам, сөйтіп халқымның санасына сәуле түсірсем, мәдениетін көтерсем.

    Құдай пенденің қай тілегін бере береді. Аяқ астынан дауыл тұрып, кеме суға батады да, әлгі екі мүсәлір бөренеге жармасып, ағыспен ығып барып, елсіз жағалауға тап болады да, өкініштен көкірегі қарс айырылып отырады. Сонда саудагер: «Ей, оқымысты, сен неге қайғырасың? Ғұмыр бойы жиып – тергенімнен қас – қағымда көз жазып қалған мен уайым жесем бір жөн. Ал сенің бар байлығың баасында тұр ғой» депті... Сол сияқты тұрлауы жоқ байлықтан тұрғылықты ғылымды жоғары санаймын.

    • Жолдасыңыздың Аманкелді Сариев те Атырау мұнай және газ институтының профессоры, ғалым, физик – математик. Төрт балаңыз да жоғары білімді. Ғалым күйеу де бір бала. Осының бәрінің бабын табу оңай ма?

    • Үшінші қызым Жадыраның 8 айлығында аспирантураға кеттім. Жолдасым: «Балаға алаңдама». Өзіміз қараймыз. Сәл қатайған соң анама апарым беремін» деді... Сонымен Жадыра жетінші сыныпқа дейін енемнің қолында болды. Ата – енем де жақсы адамдар еді.

    Күйеуім әрбір жетістігіме өз жеңісіндей қуанатын үлкен жүректі азамат. Шамасы келгенінше көмектесіп, қолдап, қанаттандырып отырады. Қол ұстасып, ғылымда қатар жүргеніміз, екеуміздің де еңбегіміздің нәтижесін көруіміз осындай ынтымақтың арқасы...
    Студент кезімде туған Ляззатым мен Жанаргүлім кішкентайынан көмекшім болды. Бірі інісін бақса, екіншісі үй жинап, ас пісірді. Біздің отбасымызда ешкімнің ешкімді өсектеп отыратын уақыты болған жоқ. Сондықтан ешқайсысымыз үйде ерекше жағдай күтпейміз. Қай істі де жұмыла атқарамыз. Балалар да бізден үлгі алатын болар, әдейі қадап айтып отырмасақ та, өздері еңбекқор Ляззатым КазГУ-дың экология факультетін бітірген, «Теңізшевройлда» қызмет істейді. Одан Бексұлтан, Айжан атты екі немереміз бар. Жанаргүлім Атырауда «Тұран - Әлем» банкінде – бас маман. Жадырам «Базис - А» компаниясында дизайнер. Ұлым Асылмұрат Алматыда мемлекеттік Архитектура және сәулет Академиясында оқиды.

    • Қазақстанның өзінде оқып, ғылыммен айналысып, қазақстандық біліміңізбен халықаралық ғылыми байқауда дүниежүзінің 56 елінен суырылып шығып байқауға қатысқан ғалымдарды шаң қаптырып Алтын медальді жеңіп алдыңыз. Асқар Жұмаділдаев секілді ғалымдарымыз дүние жүзінің ең дамыған елдерінің университеттерінде дәріс оқып жүр. Демек, қазақ ғылымы мен білімі шетел ғылымынан өркендеуі де, білім деңгейі де асып түспесе кем қалып отырған жоқ.

    Ал енді шетелге жіберіп оқыту дегенге сіз қалай қарайсыз? Адамның нағыз әрнәрсені пайымдау, қалыптасу дос табу, жар таңдау кезеңі – студенттік шақ. Дәл осы кезде шетелге шығып кеткен жас өз тамырымынан қол үзіп кетеді. Бұған мысал: Қазір көптеген щетелде оқыған жастар жағдайы келсе, сол жақта қалып қойып жатыр. Себебі жастықтың қызығын бірге көрген достары, ортасы сонда, үйленген немесе үйленем деген таңдауы сонда, туған елі мен ес білген кездегі жүрген ортасын салмақтап келгенде соңғысы басым түсіп жатады. Ал ғалым Асқар Жұмаділдаев қанша шетел университеттері қалап шақырып алып дәріс оқытып, алақанға салса да қайтып елге кетеді. Қаламын десе ондай жан – жақты білікті ғалымға қуана – қуана жағдай жасар еді. Бірақ ол үшін Ел қымбат. Оның қимастары: туған елі, өскен жері, достары, сүйген жары, бауыр - ет балалары осында, тамыры тереңде. Қалыптасқан ғалымдар тәжірибе алмасуға барса, оның жөні бір басқа емес пе?

    • Менің ойымша соншалықты технологиялық құрал – жабдықтарды сатып алып өз елімізде де ғылыммен айналысуға болады. Олардың бізден асып тұрғаны тек технологиясы. Қазақ ғылымы мен білімі әзірше жоғары деңгейде. Бірақ қазір шетелдік бағдарламаны енгізу арқылы жоғары оқу орындары бакалавр, магистратура деп жоғары білім дәрежесін бөліп тастады. Бакалавр дипломы жоғары білімнен сәл төмен деп есептелінеді. Дұрыс жоғары білім алып, ғылыммен айналысу үшін қыруар ақша төлеу керек. Грант өте аз, бір – екі – ақ орын. Талабы мен таланты бар, ақшасы жоқ ауылдан келген балалар әрі қарай оұи алмайды. Кредитке – қарызға оқуға, ертең үйленіп балалы болса, оның үстіне пәтер жалдап жүретінін, елдегі ата – анасына қарайласуы керектігін ойлағанда, ертеңгі күні кредитті төлеуге шамасы келетініне сене алмай, бакалавр дипломын қанағат тұтуға мәжбүр. Және магистратура бітіргендер мен бакалавр бітіргендердің жұмысқа тұру мүмкіндігі де бірдей емес. Қарап отырсаң нағыз ғалымдар да, нағыз патриоттар да ауыл балаларынан шыққанын көреміз. Ақшалылардың ішіндегі қабілеттілері шетелге барып оқиды да мүмкіндігінше сонда қалып қоюға тырысады. Қайтып келгендері де жоғары оқу орындарына барып сабақ бергеннен гөрі, басшылық қызметке ұмтылады. Сондықтан қарым – қабілеті мол, білімді жастарға әрі қарай білімін көтеріп, ғылыммен айналысуына кең жол ашып, қол жетімді мүмкіндігін жасаса, қазақ ғылымының осы деңгейін ұстап қалу былай тұрсын, бұдан да көтеруге халқымыздың генетикалық тұрғыдағы қабілет – қарымы мол. Ал талантылар тентіреп кетіп, ақшасы барлар ғана жоғары білім ала алатын үрдіс жалғаса берсе, қазақстандық ғылым деңгейі төмендеп кете ме деп қауіптенемін. Өзгенің шылауына орала бермей, өзіміздің Қазақстанымызды шетелден жоғары деңгейге қоюға байлығымыз да, қабілет – қарымымыз да жеткілікті. Бұған Елбасымыз қолдау жасап отырғанда бүкіл мүмкіндікті өзімізге жасау керек. Қабілеті мол, қаржысы жоқ ауылдан шыққан балаларға көмек жасау керек. Еліміздің келешегі солар.

    • Ғалым – ұстаздардың уақыт сынынан туындаған тілектеріне үкімет те назар аударар деп сенеміз. Әңгімеңізге рақмет! Еңбегіңіз жемісті, жолыңыз жеңісті болсын!



    Әңгімелескен журналист
    Зәмза Қоңырова

    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет