Филология факультеті 5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы



бет5/25
Дата15.06.2016
өлшемі1.63 Mb.
#137822
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

Курстың/пәннің/юниттің атауы: XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті

Пәннің коды: Ade 22014

Пәннің типі: Базалық пәндер, міндетті компонент

Оқу жылы:2

Оқу семестрі:4

Кредиттер саны:2 KZ кредиті

Дәріс берушінің/профессордың аты-жөні: Жанбершиева Ұ -ф.ғ.к., акад. профессор

Курстың мақсаты:Пән бойынша теориялық білімдерді игерту,Теориялық білімді практика жүзінде қолданта білу,ХХ ғасыр басындағы ақын–жазушылар шығармаларымен жүйелі танысып, толық мағлұмат алуға үйрету,ХХ ғасыр басындағы әдеби нұсқаларға талдау жасай білуге үйрету,ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің әдеби дамудағы орнын, рөлін ашу,ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті дамуының себептерін ашу, осы кезең әдебиетінің өзіндік ерекшелігін түсінуге үйрету.

Деректемелер/ Пререквизит:

- Әдебиеттануға кіріспе -

- Халық ауыз әдебиеті

- ХҮ-ХҮІІІ ғ.қазақ әдебиеті

- ХІХ ғ.қазақ әдебиеті

- Көркем мәтінді әдеби талдау



Курстың/ пәннің мазмұны: Қазақ әдебиетінің ХІХ ғасырдағы кезеңін құрайтын мұраларды қазіргі заманғы әлемдік өркениет талаптарына орай оқыту – пәннің негізгі мақсаты. Бұл кезеңдегі қазақ әдебиеті шығармаларын студенттерге терең, жан-жақты меңгертуде жаңаша әдістемелік-технологиялық бағдарлама жүйесімен сәйкестендірудің күрделі міндеттері көзделеді:

  • ХІХ ғасыр әдебиеті шығармаларының өзіне дейінгі Қазақ хандығы кезеңіндегі ақын-жыраулар поэзиясымен дәстүрлі жалғастығын (тақырып, идея, композиция, сюжет, стиль, тіл) тереңдете игеру;

  • ХІХ ғасыр ақын-жыраулар шығармашылығындағы Шығыстың классикалық әдебиеті дәстүрлерімен сабақтастығын меңгерту;

  • Абай,Ыбырай,Шоқан шығармашылығының ұлттық әдебиет деңгейін биіктетудегі маңызын тереңдете ұғындыру;

Ақындар шығармаларындағы лирикалық және эпикалық жанрларды ұлттық әдеби даму процесі тұтастығы поэтикасы заңдылықтары тұрғысында таныту

Ұсынылатын әдебиет:

1.Абай тағылымы Алматы, 1986

2.Әбдірахманов Т. Жаңа ғасыр көгінде Алматы, 1969

3. Әбдірахманов Т. Таланттар тағылымы Алматы, 1988

4. Әбдіғазиев Б. Асыл арна Алматы, 1992

5. Әбдіғазиев Б. Шәкәрімнің лирикалық шығармалары Алматы, 1994

6. Әбдіғазиев Б. Нарманбет ақын. «С.Қ.» газ. 27.09.1992

7. Әбдіманов Ө. « Қазақ» газеті Алматы, 1998

8. Әдеби мұра және оны зерттеу Алматы, 1961

9. Бекхожин Қ . Қазақ баспасөзінің даму жолдары Алматы, 1964

10. Бес арыс Алматы, 1992

11. Бисенғалиев З. ХХ ғасыр басындағы қазақ прозасы Алматы, 1997

12. Дербісалин Ә. Қазақтың Октябрь алдындағы демократияшыл әдебиеті Алматы, 1986

13. Еспенбетұлы А. Сұлтанмахмұт Торайғыров Алматы, 1992

14. Кәкішов Т. Сын сапары Алматы, 1971

15. Кәкішов Т. Оңаша отау Алматы, 1982



Сабақ беру әдістері:салыстырмалы, ішінара зерттеу, талдау әдісі, обьективті-аналитикалық, жүйелі- кешенді, көрнекілік, проблемалық оқытудың әдіс-тәсілдері т.б.

Бағалау әдісі/нысаны: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, электронды білім ресурстары, (РЭМБ – республикалық ЖОО аралық электрондық кітапхана), электронды кітапханалар ресурсы
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Балалар әдебиеті

Пәннің коды: ТК 2201

Пәннің типі: базалық, таңдау компоненті

Оқу жылы:2

Оқу семестрі:3

Кредиттер саны:3 KZ кредиті

Дәріс берушінің/профессордың аты-жөні: Айтбаева А -ф.ғ.к., акад. доцент

Курстың мақсаты:Балалар әдебиетін оқытудағы негізгі мақсат – балалар әдебиетіндегі үлгілі шығармаларды студенттерге кеңінен таныстыру, материалды толық иегеріп, өз беттерінше жүйелі талдау жасауға көмектесу, бағыт-бағдар беру. Балалар әдебиетін пәнінің мазмұнын «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттеріне меңгертуге, олардың педагогика, психология, әдебиеттануға кіріспе, халық ауыз әдебиеті, тіл пәндерінен алған білімдеріне сүйене отырып, олардың өзара байланысын ашып көрсету.

Деректемелер /Пререквизиті:Балалар әдебиеті – сөз өнерінің жеке бір өзекті саласы. Балаларға арналып жазылатын шығармалардың жасөспірімдердің ой-өрісін, сана-сезімін дамыта отырып, оларға заман талабына сай тәлім-тәрбие беруге бағытталатындығы осы пәннің айрықша ерекшелігі.

Курстың/пәннің мазмұны: «Балалар әдебиеті» курсы 20 лекция, 10 семинар, 2 аралық бақылау, 1 емтихан, 15 СӨӨЖ жұмысы түрінде жүргізіледі.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті А., 1974

2. Ахметов Ш. Қазақ Кеңес балалар әдебиеті. А., 1976

3. Әуезов М. Әдебиет тарихы. А., 1991

4. Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. А., 1974

5. Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. А., 1994

6. Сүйіншәлиев Х. ХІХ ғ. қазақ әдебиеті. А., 1992

7. Қазақ әдебиетінің тарихы., 1-3 том., А., 1967

8. Рахимова М.Р. Мұраталиева А. Қырғыз ақын-жазушылары – балаларға. Фунзе 1973. 244 бет

9. Толоғабылов М.Т. Балалар адабиятының тарихы. Фрунзе 1991. 272 бет



Сабақ беру әдістері: салыстырмалы, ішінара зерттеу, талдау әдісі, обьективті-аналитикалық, жүйелі- кешенді, көрнекілік, проблемалық оқытудың әдіс-тәсілдері т.б.

Бағалау әдісі/нысаны: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, электронды білім ресурстары, (РЭМБ – республикалық ЖОО аралық электрондық кітапхана), электронды кітапханалар ресурсы
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Қазақ жазу тарихы

Пәннің коды: ТК 2209

Пәннің типі: базалық, таңдау компоненті

Оқу жылы:2

Оқу семестрі:4

Кредиттер саны:2 KZ кредиті

Дәріс берушінің/профессордың аты-жөні: Бекмағанбетов Ш - ф.ғ.к., доцент

Курстың мақсаты: Жұмыс бағдарламасы оқу жоспарына және ҚР Білім және ғылым министрлігінің оқу-әдістемелік бірлестігі бекіткен «Жоғарғы оқу орындарының филология факультеттеріне арналған бағдарламалар» жинағындағы «Жазу тарихы пәнінің типтік бағдарламасына» сай жасалды. Мұнда студенттерге тіл білімінің ғылым ретіндегі мәні, өзге ғылымдармен байланысты, қарауына жататын проблемалары, оларды зерттейтін салалары мен түрлерін қамти отырып, жалпы тіл теориясының негізгі проблемаларынан терең филологиялық білім беру мақсат етіп қойылған. Осы мақсатқа жетуде мынадай міндеттерді шешу көзделді:

Деректемелер /Постреквизиттер: «Қазақ жазу тарихы» пәні- студенттердің лингвистикалық пәндерді оқып үйренуге даярлайтын бастауыш курстарының бірі.«Жазу тарихы» пәні жалпы тіл білімінің алғашқы курсы бастамалырының бірі болғандықтан оның мазмұны студенттерді лингвистикалық негізгі ұғымдармен, терминдермен таныстырады; лингвистикалық білім дәрежесін көтереді: адамзат тарихындағы алғашқы жазу графикасының неден және қалай басталғанын ұғынуға, оның түрлерімен танысуға мүмкіндік береді; «Қазақ жазу тарихы» халқымыздың қандай жазуларды пайдаланғандарынан мәлімет бере отырып, бүгінгі жазу дәрежесіне қалай жеткенімізбен бітеді. «Қазақ жазу тарихы» тілдер тарихымен, археологиялық, палеонтологиялық, тарихи және этнографиялық, этнолингистикалық пәндермен байланысты жүргізіледі.

Курстың/ пәннің мазмұны: Пән бағдарламасы мақсаты мен міндеттеріне сай, 30 сағат лекциялық, 15 семинарлық сабақты және 22 сағат студенттердің оқытушымен өз бетінше жұмысын (СОӨЖ) қамтиды.

Ұсынылатын әдебиет:

1.Айдаров Ғ., Құрышжанов Ә., Томанов М. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. Алматы. 1971.

2.Айдаров Ғ. Күлтегін ескерткіші.

3.Айдаров Ғ. Көне түркі жазуларының материалдары (8- ғасырдағы Мойын-Чор ескерткішінің тілдік ерекшеліктері). Алматы, 1966.

4.Язык Орхонского памятника Бильге-кагана. Алматы, 1966.

5.Язык Орхонского памятников древнетюркской писменности 8- века. Алматы, 1971.

6.Амирова Т.А. К истории и теории графемики. М., 1977.

7.Аманжолов С. Емле, әліппе өзгерту, дұрыстау жөніндегі жоба. «Бюллентень гостерминологической комиссии при НКП Каз.ССР». 1935.

8.Аманжолов С. Халық еңбекшілер тілегіне сай шешілген мәселе (емле мен әліппе туралы) «СҚ», 1938, 5- қаңтар.

9.Орыс алфавитіне негізделген қазақтың жаңа алфавиті мен орфографиясы. Проект. Алматы, 1940, соңғы өзгерістер жөнінде қара: «СҚ», 1957, 30- март.

10.Памятники древнетюркской письм. и их отношение к современным тюркским языкам. //Материалы Всесоюзной научной конф. Востоковедов в г. Ташкенте//. Ташкент, 1958.

Сабақ беру әдістері: баяндау, сұрақ-жауап, талдау-жаттығу, салыстырмалы, тақтамен жұмыс т.б.

Бағалау әдісі/нысаны: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, электронды білім ресурстары, (РЭМБ – республикалық ЖОО аралық электрондық кітапхана), электронды кітапханалар ресурсы
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Көркем мәтінді әдеби талдау

Пәннің коды: ТК 2213

Пәннің типі: Базалық пәндер ,таңдау компоненті

Оқу жылы:2

Оқу семестрі:4

Кредиттер саны:3 KZ кредиті

Дәріс берушінің/профессордың аты-жөні: Әбілов А –ф.ғ.к., доцент

Курстың мақсаты:

* Пән бойынша теориялық білімдерді игерту,

* Теориялық білімді практика жүзінде қолданта білу, мәтінді талдауға

қатысты еңбектермен жүйелі танысып, толық мағлұмат алуға үйрету.



* Әр жанрдағы әдеби нұсқаларға талдау жасай білуге үйрету,

* Әдеби нұсқаларға талдау жасай білуге үйрету, сол арқылы талданып

отырған шығарманың әдеби дамудағы орнын, рөлін ашу,



* Көркем мәтінді талдай отырып, сол көркем мәтінге қатысты ой, пікір

түюге, тұжырым жасауға үйрету.

Деректемелер/ Прериквизиттері: «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша да бакалавриатта терең, жан – жақты білім беріледі. Басқа да мамандық пәндері тәрізді «Көркем мәтінді әдеби талдау» пәні де білімге құштар ізденушілердің университетте мамандық және бакалавриат жүйесі бойынша алған білімдерін тереңдетіп, «Қазақ әдебиетінің тарихы», «Әдебиет теориясы» және т.б. пәндерден алған теориялық және практикалық білімдерін кеңейте түседі. Пән қазақ әдебиеті дамуының көкейтесті мәселелерін сөз етумен, әдеби даму етумен қатар, көркем аударма, әдебиеттер байланысы мәселелерін, кезең әдебиеттерінің тарихынан хабардар әдеби дамудағы орнын негізгі назарда ұстап, көркем шығармаларды түпнұсқа және аударма нұсқалармен салыстыра талдау, шеберлік, стиль мәселесіне қатысты тұжырымдар жасау ісіне дағдыландырады. Әлем әдебиеттерінің байланысы туралы мәліметтер беріп, теориялық білімді практика жүзінде қолдана білуге, мәтінді талдауға қатысты еңбектермен жүйелі танысып, толық мағлұмат алуға үйретеді. Көркем мәтін туралы зерттеулермен жұмыс істеуге үйретіп, әдеби нұсқаларға талдау жасай білуге үйретеді. Осы арқылы көркем шығармаға баға беру, қаламгер шеберлігі сырларын ашу дағдыларын қалыптастырады.

Курстың/ пәннің мазмұны: «Көркем мәтінді әдеби талдау» пәні «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының сырларын үйренуші білімгердің әдеби – теориялық білімдерін тереңдетіп, әдебиттанушылық – зерттеушілік еңбектің негіздерімен таныстырады. Көркем туындыны жан – жақты зерттеп, талдап, салыстырып, оның көркемдік – идеялық мазмұнын ашудың түрлі тәсіл, амалдарына үйретеді. Көркем туынды жайлы теориялық, эстетикалық пайым – түсініктерін нақты шығармаларды талдау, салыстыру, салғастыру, байыптау, бағалау барысында практика жүзінде қолдана білуге дағдыландырады. Әдебиеттердің бір – бірін байыту құпияларын игеріп, шеберлік, қаламгер шеберлігі мәселелері сырын ашуға машықтанады. Көркем шығармалар туралы пікір, тұжырым, баға нақты мысалдар арқылы дәлелдене отырып, студенттерді жетістіктер мен олқылықтарға баға беруге дағдыландырып, өзіндік ізденістер жасай білуге қалыптастырады.

Ұсынылатын әдебиет:

1.Айдаров Ғ., Құрышжанов Ә., Томанов М. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. Алматы. 1971.

2.Айдаров Ғ. Күлтегін ескерткіші.

3.Айдаров Ғ. Көне түркі жазуларының материалдары (8- ғасырдағы Мойын-Чор ескерткішінің тілдік ерекшеліктері). Алматы, 1966.

4.Язык Орхонского памятника Бильге-кагана. Алматы, 1966.

5.Язык Орхонского памятников древнетюркской писменности 8- века. Алматы, 1971.

6.Амирова Т.А. К истории и теории графемики. М., 1977.

7.Аманжолов С. Емле, әліппе өзгерту, дұрыстау жөніндегі жоба. «Бюллентень гостерминологической комиссии при НКП Каз.ССР». 1935.

8.Аманжолов С. Халық еңбекшілер тілегіне сай шешілген мәселе (емле мен әліппе туралы) «СҚ», 1938, 5- қаңтар.

9.Орыс алфавитіне негізделген қазақтың жаңа алфавиті мен орфографиясы. Проект. Алматы, 1940, соңғы өзгерістер жөнінде қара: «СҚ», 1957, 30- март.

10.Памятники древнетюркской письм. и их отношение к современным тюркским языкам. //Материалы Всесоюзной научной конф. Востоковедов в г. Ташкенте//. Ташкент, 1958.

Сабақ беру әдістері: салыстырмалы, ішінара зерттеу, талдау әдісі, обьективті-аналитикалық, жүйелі- кешенді, көрнекілік, проблемалық оқытудың әдіс-тәсілдері т.б.

Бағалау әдісі/нысаны: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, электронды білім ресурстары, (РЭМБ – республикалық ЖОО аралық электрондық кітапхана), электронды кітапханалар ресурсы
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Тілдік қатынас негіздері

Пәннің коды: ТКN 2302

Пәннің типі: Кәсіптендіру пәндер, міндетті компоненті

Оқу жылы:2

Оқу семестрі:3

Кредиттер саны:2 KZ кредиті

Дәріс берушінің/профессордың аты-жөні: Исаева Ж –ф.ғ.к., аға оқытушы

Курстың мақсаты: Студенттерге қазақ тіліндегі тілдік қатынас негіздерінің қалыптасуы, дамуы және қазіргі жағдайы туралы теориялық және практикалық білім негіздерін беру, сондай-ақ студенттерді тілдік қатынас мәселесінің басты қағидаларымен, ережелерімен, заңдылықтарымен, ұстанымдарымен таныстыра отырып, оларға адам мен адам арасындағы, бір ұлт пен екінші ұлт арасындағы пікір алмасудың, сөйлесудің, түсінісудің негізгі бағыттары мен жолдарын меңгерту.

Деректемелер/ Пререквизиттері: Студенттер осы кезеңге дейін «Тіл біліміне кіріспе», «Нормативті қазақ тілі», «Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы» т.б. пәндерін оқыған. Бұл пәндерді оқу кезінде олар қазақ тіл білімінің құрылымдық салалары бойынша және олардың өзара қарым-қатынасы, өзіндік сипаттары, ерекшеліктері, зерттелу жағдайлары туралы т.б. мәліметтерді алған.

Курстың/ пәннің мазмұны: Тілдік қатынастың ғылыми негіздері психология, философия, социология, әдістеме, педагогика ғылымдарымен тығыз байланысты. Тілдік қатынастың лингвистикалық негізі тілге байланысты. Лингвистика тіл туралы ілім болса, тілідік қатынас сол тілдің қатысымдық ерекшеліктерін қамтиды. Оның педагогикалық негізі тілді оқытуға қатысты білім жүйесіне, оның мазмұны мен сапасына, қатысымдық тұлғалардың тәрбиелік мәніне сүйенеді. Тілдік қатынастың психологиямен байланысы тіл, ойлау және сөйлеу процестеріне келіп тіреледі.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Есенов Қ. Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік қатынастар (методикалық талдау), А., 1985.

2. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. А., 1999.

3. Аймауытов Ж. Тәрбиеге жетекші. Орынбор, Қазмембас, 1924.

4. Аймауытов Ж. Ана тілін қалай оқыту керек? «Жаңа мектеп», 1925, N2.

5. Аралбаев Ж. Қазақ фонетикасы бойынша этюдтер. А., «Ғылым», 1988.

6. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А., «Мектеп», 1978.

7. Әбілқаев А.Қазақ тілін оқыту әдістемесі, А., 1995.

8. Әлімжанов Д., Арғынов Х. Қазақ тілін оқыту методикасы. А., «Мектеп», 1965.

9. Әміров Р.С. Грамматика, емле, тіл дамыту.А., «Рауан», 1993.

10. Әуелбаев Ш. Қазақ тілі сабақтарының мазмұны мен жоспарлау үлгілері. А., «Мектеп», 1980.

Сабақ беру әдістері: баяндау, сұрақ-жауап, талдау-жаттығу, салыстырмалы, тақтамен жұмыс т.б.

Бағалау әдісі/нысаны: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, электронды білім ресурстары, (РЭМБ – республикалық ЖОО аралық электрондық кітапхана), электронды кітапханалар ресурсы

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Шығыс әдебиеті

Пәннің коды: ТК 2302

Пәннің типі: Базалық пәндер ,таңдау компоненті

Оқу жылы:2

Оқу семестрі:4

Кредиттер саны:3 KZ кредиті

Дәріс берушінің/профессордың аты-жөні: Әжиев Қ –ф.ғ.к., аға оқытушы

Курстың мақсаты: Шығыс әдебиеті – жоғары оқу орындарында сөз өнері мұраларының жанрлық түрлерін толық қамтып оқытатын пән. Шығыс әдебиетінің мұралары ежелгі замандардан қалыптасқан үлгілерінің тақырыптық, көркемдік сипаттарын таныту қарастырылды.

Деректемелер/ Прериквизиттері: «Шығыс әдебиеті» курсын оқыту болашақ мамандарды өзге халықтардың дәстүрлі мәдениеті үлгілерімен, өнерінің түрлерімен жан-жақты таныстыруды қамтамасыз ететін білімдік үрдіс. Студенттер курсты оқу барысында өзге елдің тарихын, терең тамырлы табиғатын, синкреттік сипатын таниды. Оны өзге ғылым салаларымен байланыстыра алады.

Курстың/ пәннің мазмұны: Шығыс әдебиеті» курсы 2-курста 30 сағат лекция, 15 сағат семинар,

22 сағат оқытушы мен студенттің (ОСӨЖ) өз бетінше жұмысы түрінде жүргізіледі.



Ұсынылатын әдебиет:

1.М.Әуезов. «Уақыт және әдебиет». А., 19827

2.Сөз зергерлері. А., 1992.

3.СССР халықтарының әдебиеті./хрест./-А., 1976.

4.Қоңыратбаев Ә. Көне мәдениет жазбалары.-А., 1996.

5.Қоңыратбаев Ә.Қазақ эпосы және түркология. –А., 1995.

6.Бердібаев Р. Гүлстан бұлбұлдары.-А., 1970.

7.Бердібаев Р. Достық кеңесінде. –А., 1976.

8.Кабуснама. –А., 1990.

9.Рудаки А. Таңдамалы. –А., 1968.

10.Низами. Жеті ару. –А., 1980.

11.Жәми Ә. Өлеңдер мен дастандар. –А., 1969.

12.Сағди М. Жәннат. –А., 1984.

13.Мүшәйра. Өзбек поэзиясының антологиясы. –А., 1972.

14. Ғұлям Ғ. Таңдамалы. –А., 1963.

15. Фраги М. Таңдамалы. –А., 1959



Сабақ беру әдістері: салыстырмалы, ішінара зерттеу, талдау әдісі, обьективті-аналитикалық, жүйелі- кешенді, көрнекілік, проблемалық оқытудың әдіс-тәсілдері т.б.

Бағалау әдісі/нысаны: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, электронды білім ресурстары, (РЭМБ – республикалық ЖОО аралық электрондық кітапхана), электронды кітапханалар ресурсы
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу

Пәннің коды: ТК 2302

Пәннің типі: Базалық пәндер ,таңдау компоненті

Оқу жылы:2

Оқу семестрі:3

Кредиттер саны:1 KZ кредиті

Дәріс берушінің/профессордың аты-жөні: Абдуллаева А -аға оқытушы

Курстың мақсаты: студенттерді іс – қағаздарын сауатты жазуына, оның түрлерін білуге үйрету, іс қағаздарының шығу тарихынан мағлұмат беру, құжаттарды толтырудың жалпы ережесін, оларға қойылатын талаптарды, олардың безендірілуін жете меңгерту, іс – қағаздар стилінің өзіндік лексикасы сияқты ерекшеліктерімен таныстыру.Кредиттік технология жүйесін оқытудың жаңаша әдістерін пайдалану арқылы мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізуге, ресми орындарда қазақ тілінде іскерлік қарым – қатынас жасай білуге үйрету, студенттердің сөйлеу мәдениетін арттыру.

Деректемелер/ Прериквизиттері: Осы пән негізінде студенттің білім деңгейін саралайды. Мектептен алған білімдерін арттыру, іс қағаздарын сауатты толтыруға үйретеді.

Курстың/ пәннің мазмұны:“Мемлекеттік тілде іс жүргізу” пәні енгізіліп, іс қағаздарын жүргізетін және ресми құжаттарды әзірлейтін қызметкерлердің мемлекеттік тілді білуін қадағалау мәселесіне айрықша назар аударылғаны белгілі. Ал бұл шаралар бұрын – соңды жете көңіл бөлінбей келген ресми іс қағаздарының тілдік – стильдік құрылымына ерекше мән беруді қажет етеді. Іс қағаздарын дұрыс меңгерту осы курс бойынша бағдарламалар мен оқулықтардың, сөздіктер мен көмекші құралдардың сапалы болуына тікелей байланысты.Ресми іс қағаздарын оқытудың негізгі мақсаты – болашақ мамандардың ресми орындарда қолданылатын алуан түрлі іс қағаздарын дұрыс әрі сауатты толтырып, кәсіби деңгейін шыңдай түсуге ұмтылдыру. Сонымен қатар пәнді оқыту барысында студенттердің тіл мәдениетін арттыру мәселесі, кейбір негізгі қағидаларын да игереді. Тілді оймен байланысты өткір құрал ретінде жұмсай білу үшін оның даму заңдылығына, қазіргі жағдайына, байлығына, негізгі қағидаларына қанық болуы керек.Халықтың тіл қазынасын меңгеру, тілді өткір құрал ретінде ұстарта білу - өнер. Әрбір мәдениетті кісі сол өнерді үйренуге, тіл мәдениетін арттыруға талпынады. Сөйлеудегі, жазудағы тіл жұмсаудың өнегелі үлгілері, сауаттылық, айқын ойлылық, ізеттілік бәрі де тіл мәдениетіне кіреді.Мемлекеттік тілде іскерлік қарым – қатынас жасау мәдениеті - өркениетті еліміздің мәдени, рухани өмірінің жоғарғы көрсеткіші.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. ҚР Президентінің Жарлығы. “Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы” А., 1998 жыл 5 қазан.

  2. ҚР Тіл туралы Заңы. Алматы, “Дәнекер” 2001жыл

  3. Дүйсембекова Л. “Іс қағаздарын қазақша жүргізу” оқу құралы. А., “Ана тілі” 2001ж.

  4. Ресми іс қағаздары. А.Алдашева, З. Ахметжанова, Қ.Қадашева, Э.Сүлейменова. – Алматы; 2001 жыл

  5. Балақаев М.., М.Серғалиев Тіл мәдениеті. Алматы “Ана тілі” 2004 ж.

  6. Сыздықова Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы. Алматы 1993ж.

  7. Балақаев М. Қазақ тілінің мәдениеті. Алматы., “Қазақстан”, 1971ж.

  8. Кирсанова М.В. Современное делопроизводство. М., ИНФРА.М., 2002

  9. ҚР – да іс қағаздарын жүргізу (Құраст. Скала В.И. Скала Б.В., Скала Н.В.) А., “ЛЕМ”; 2001жыл

Сабақ беру әдістері: баяндау, сұрақ-жауап, талдау-жаттығу, салыстырмалы, тақтамен жұмыс т.б.

Бағалау әдісі/нысаны: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, электронды білім ресурстары, (РЭМБ – республикалық ЖОО аралық электрондық кітапхана), электронды кітапханалар ресурсы
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Қазіргі қазақ тілі морфологиясы

Пәннің коды:ККТМ 3206

Пәннің типі: Базалық пәндер, міндетті компонент

Оқу жылы:2

Оқу семестрі:4


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет