15 дәріс. Девиантты мінез-құлықтың әлеуметтік-психологиялық себептеріне қарым-қатынас әсері
Жастар арасында бұрын соңды болмаған тәртіп бұзушылық, құмар ойынмен әуестенушілік, нашақорлық, ұрлық жасаушылық, ішімдікке салынушылық пен жезөкшелік етек алуда.
Девиантты мінез-құлық негізінде жалпы қоғамда қабылданған нормалар мен тәртіпті бұзу жатыр.
Жасөспірімдердің девиантты мінез–құлқындағы негізгі белгілері мен критериларын зерттеушілер төмендегіше бөліп көрсетеді.
отбасының сәтсіздігі (баланың дамуы мен қалыптасуына әсер ететін отбаының ішкі қарым–қатынасының қалыптасуы);
мінез–құлқындағы ауытқушылықты күрделендіретін жұмыстағы оқу және кәсіби мекемелердің жеткіліксіздігі, жасөспірімдермен жұмыс жасайтын мұғалімдер кадрының кәсіби дайындығының жеткіліксіздігі;
жасөспірім тұлғасының тұлғалық компоненттері рухани қызығушылықтары мен сұраныстарының дамымай қалуы, асоциальды іс -әрекетке ұмтылу, қалыпты тәрбие әрекетіне кері көзқарасы, анотомо-физиологиялық және психологиялық даму жағынан құрдастарынан артта қалуы, денсаулығының әлсіреуі, парасаттылық сезімінің дамуының артта қалуы тағы басқа;
қарым –қатынастағы қолайсыздық (қарым-қатынас аясындағы бұзылу, құрдастарымен, мұғалімдерімен, үлкендермен қарым-қатынасындағы дөрекілік, жан–жалдылық, фромальды емес топпен қарым–қатынас жасауға деген ұмтылыс тағы басқа) [20].
Девиантты мінез-құлық ұғымы шетел әлеуметтанушыларындағы Э.Дюркгеймнің әлеуметтік ұйымдастыра алмаушылық теориясының дамуымен кең етек алды, онда ол девиантты мінез–құлықты жалпы қоғамда қабылданған нормалармен келіспейтін мінез-құлықты түсіндіреді [21].
Д.Уолш “әлеуметтік ауытқушылық бұл көп деңгейде жазылып берілген дәреже, яғни бұл обьективті көрініс емес, тек субьективті белгі” деп көрсетті. Дж.Смелзер девиантты мінез-құлықты изоляцияға емделуге, түрмеде қамалуына және басқада құқық бұзудың жазалауларына әеклетін топтық нормадан ауытқу деп санады [22]. В.И.Добреньков және А.Н.Кравченко “қоғамдық көзқараста мақұлданбайтын әрбір қылықты девиантты” деп атады.
Айта кететін жайт, шетел әлеуметтанушыларының қолданысы бойынша девиантты деп қоғамда қабылданған болмашы нәрседен бастап күрделіге жеткізетін әлеуметтік нормаларды бұзу. Тар мағынада алатын болсақ қылмыстық кодекске әкелмейтін болмашы іс-әрекеттер [23].
Девиантты мінез-құлыққа сай келетін мәдени релятивизм: болып жатқан іс-әрекет қоғамда қалыпты деп есептелсе, енді басқа жерде әлеуметтік патология ретінде қарастырылады. Оған отбасылық дәстүрден, басқа елдердің салттарынан көптеген мысалдар келтіруге болады. Егер Голландия, Швеция, Норвегия сияқты мемлекеттерде гомосексуалды некеге рұқсат беріп, мемлекет тарапынан осындай жұптардың бала асырап алу құқықтарын қамтамасыз ететін болса, Қазақстандық қоғамда және басқа да көптеген мемлекеттерде мұндай жағдайда қоғамдық моральдық көзқарас бойынша мүмкін емес болып табылады. Мәдени релятивизм әртүрлі екі қоғамның салыстырмалы мінездемесі болып қана қоймай, сонымен қатар бір қоғамның ішіндегі бір немесе үлкен әлеуметтік топтардың арасында да болады. Мысалы, осындай топтардың қатарына - саяси париялар, әлеуметтік кластар, дінге табынушылар, жастар және жасөспірімдер, әйелдер жатады. Әлеуметтік анықтамаларға сүйенсек жасөспірімдердің көбісі ерте жыныстық қатынасты девианттық мінез-құлық деп есептемейді, ал олардың ата-аналарының, мұғалімдерінің көзқарастары бойынша некеге дейінгі жыныстық қатынас жасөспірімдік ортада жарамсыз қылық деп саналады [24].
Сонымен девиантты мінез-құлық категориясының мазмұнын үш аспектіге бөліп қарастыруға болады: біріншіден кең мағынада девиантты мінез-құлық деп әрбір ауытқу – соның ішінде нормадан прогрессивті ауытқу да жатады. Екіншіден, дәстүр бойынша мінез–құлықты әлеуметтік ашудың көрінісі ретінде жанама іс-әрекет түсініледі. Үшіншіден тар мағынада девиантты мінез–құлықты құқықтық жазалауға әкелмейтін іс-әрекет деп түсіндіреді [25].
Ал, шетелдің әлеуметтік–психологиялық әдебиеттерінде қазіргі кездегі балалар мен жасөспірімдердің девиантты мінез–құлқының қалыптасуына әсер ететін факторларды көптеген авторлар төмендегідей бөліп көрсетеді:
агрессивтілік;
өзін-өзі басқарудың төменділігі;
әлеуметтік нормаларды түсіну дәрежесінің төмендігі;
ата-аналардың бақылауының жетіспеушілігі;
ата-аналардың әсер етуінің тиімсіздігі;
физикалық жазалау;
жасөспірімнің отбасымен және құрдастарымен келіспеушілігі;
отбасының құлдырауы;
ерте ішімдікке салыну, таксикомания, нашақорлық;
әлеуметтік қанағатсыздану;
асоциальды топтарға қосылу [26].
Көптеген зерттеуші ғалымдардың тұжырымдамаларына жүгінсек қазіргі кездегі девиантты мінез–құлықты жасөспірімдерге тән ортақ қылық – ол ата-аналар мен ұстаздарға қыр көрсету, бір нәрсені өзінше жасау, үлкендердің тілін алмау, жағымсыз жандарға еліктеу, темекі тарту, біртіндеп ішкілікке үйрену, ұрлық жасау тағы сол сияқты болып табылады. Осындай жат қылықтарды елемеу – жасөспірімдерді теріс жолға түсіріп, қылмыс жасауға итермелейді, адамгершілік ардан аластатып, бара–бара қоғамға сүйкімсіз, жеккөрінішті жандар қатарына қосары сөзсіз.
Әрбір кезең өз алдына белгілі бір міндеттер қояды, соған сай жасөспірімдік кезеңнің өзіндік міндеттері бар. Бұлар: ата-анасынан бөлектеніп тәуелсіздік алу; «мен» тұжырымдамасы және тұлғалық элементтердің қалыптасуы.
Достарыңызбен бөлісу: |